Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Топырақ карталары мен картограммаларын курастыру және оларды пайдалану

Автор:   •  Апрель 22, 2022  •  Доклад  •  2,609 Слов (11 Страниц)  •  638 Просмотры

Страница 1 из 11

ТОПЫРАҚ КАРТАЛАРЫ МЕН КАРТОГРАММАЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ. ТОПЫРАҚ ЗЕРТТЕУ МӘЛІМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

         Топырақ картасы шаруашылық территорияларындағы топырақтар жамылғысы орналасуынан нақтылы мағлұмат береді және оған қосымша бірге берілетін картограммалар мен топырақ очерктері (түсініктемелері) ауылшаруашылық өндірісінің практикалық мақ-саттарын шешеді.

Топырақ картасы топырақтың тектік және агрономиялық зерттеулеріне сүйене отырып жасалынады. Мұнда агроөндірістік топтар деңгейлерінде топырақтардың қасиеттеріне баға беріліп, ауылша-руашылық өндірісінде тиімді пайдаланудың жолдары ұсынылады. Топырақ жамылғысы картасын құрастыру экспедициялық, далалық стационарлық және зертханалық тәсілдермен жан-жақты зерттеу нәтижелеріне сүйенеді.

Топырақ картасын жасауға арналған топырақ зерттеулері үш кезеңнен: дайындық, далалық және камералдық кезеңдерден тұра-ды.

Дайындық кезең. Шаруашылық топырақтарын зерттеу алдында дайындық кезеңінен, яғни зерттелетін территорияның жоспарын жасаудан басталады.

Жүргізу мақсатына байланысты, топырақ зерттеу топтары құрамдары жоспарланады (топырақ отряды, партиялары). Осы территорияда ертеректе жүргізілген топырақ зерттеу құжаттары, яғни ауданның табиғи және агроэкономикалық жағдайлары, жүйелі топырақ тізімі, экспедицияға керек құрал-жабдықтар және топогра-фиялық негіздері дайындалады.

Табиғи және экономикалық жағдайларды зерттеу.

Ең бірінші кезекте, зерттейтін объект орналасқан ауданның физикалық-географиялық жағдайын (геоморфологиясын, бедерін, климаттық көрсеткіштерін, геологиясын, өсімдік және топырақ жамылғысын) зерттейді, одан кейін шаруашылықтың экономикасы мен мамандандалуына қатынасты құжаттарды жинақтайды.

Аналық жыныстары, бедер ерекшеліктері, өсімдіктер сипатта-масы туралы мағлұматтар, ең басты климаттық көрсеткіштер (жауын-шашын мөлшері, температурасы және т.б.) туралы мағлұ-маттарды жинақтау үшін аудан мен облыс мекемелерінде сақталған

баспадан шыққан материалдар, қолжазбалар, есептер (жерге орна-ластыру экспедицияларында, архивтерде және т.б.) пайдаланылады.

Картографиялық құжаттар мұқият тексеріледі (геологиялық, геоботаникалық және ауылшаруашылық қарталары). Әсіресе, өте нақтылы түрде топырақ жамылғысын сипаттайтын материалдар қарастырылады (топырақ жазбалары, талдаулары және т.б.)

Бұрынғы зерттелген материалдар құжаттарымен алдын-ала танысқаннан кейін, жиналған материалдардың конспектісі, карта-лардың көшірмесі, алдын-ала топырақтардың жіктелуі жасалына-ды. Бұл жұмыстарды жүргізу арқылы болашақтағы далалық зерттеу жұмыстарын жеңілдетіп, түсірілім жұмыстары сапасын арттыруға болады.

Топографиялық негіздерді дайындау.

Далалық топырақ зерттеулерін жүргізу үшін сол ауданның сапалы топографиялық негіздерін – топографиялық карта, аэрофо-тотүсірілім, шаруашылықтың жерді пайдалану жоспарын пайда-ланады. Топографиялық картада, шаруашылықта пайдаланылатын жерлердің жер бедерлері жағдайлары көрсетіледі. Топографиялық негіздерде топырақты далалық зерттеу кезінде анықталатын топы-рақ жамылғысы нұсқаларының болжамды шекараларын көруге болады.

Топырақ зерттеуінің нақтылы мақсатына байланысты топогра-фиялық негіздің масштабы анықталынады. Алынған масштабқа байланысты топырақ нұсқаларының топографиялық негізге түсірі-луінің дәлдігі және далалық топырақ зерттеулерінің толықтық деңгейі айқындалады. Мұнда, түсірілу масштабы іріленген сайын топырақ картасының дәлдігі жоғарылап, ал топырақ жамылғы-сының сипатталынуы толығырақ болады.

Топырақтық-картографиялық зерттеулер мақсатына және масштабына сәйкес келесідей категорияларға бөлінеді:

Карта масштабы

Нақтылы

1:200-ден 1:5000

Ірі

1:10000-нан 1:50000

Орта

1:100000-нан 1:300000

Ұсақ

1:300000-нан 1:1000000

Шолу

> 1:1000000

Жеке шаруа қожалықтарына, акционерлік қоғамдарға және жауапкершілігі шектеулі шаруашылықтарға топырақ картография-лық материалдары ірі масштабты, яғни 1:10000 және 1:25000-тарда түсіріледі.

Топырақ карталарының жетіктілігі әртүрлі, ол топырақ жамыл-ғысының қүрделілігіне және шаруашылық бағытына байланысты. Мысалы, далалы аймақтарда масштаб 1:10000, орманды-далада – масштаб 1:10000 және 1:25000; суармалы жерлерде 1:5000 және 1:10000, ал жайылымдықтар мен орманды жерлерде 1:50000 масш-табта жүргізіледі.

...

Скачать:   txt (40.7 Kb)   pdf (1.8 Mb)   docx (1.4 Mb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club