Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Солтүстік Қазақстан жағдайында асбұршақ сорттарын сынау

Автор:   •  Декабрь 7, 2020  •  Статья  •  1,157 Слов (5 Страниц)  •  536 Просмотры

Страница 1 из 5

Солтүстік Қазақстан жағдайында асбұршақ сорттарын сынау

Ахметов М.Б., Аукенов К.Б., Оразмаханов Ш.А.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

Біздің еліміздегі негізгі бұршақ тұқымдас дақыл әрдайым асбұршақ болды. Ол жоғары азықтық және мал азықтық қасиеттерімен ерекшеленеді. Асбұршақты басқа бұршақ тұқымдас дақылдардан ерекшелейтін құнды сапалық белгілеріне келесілерді жатқызуға болады: жоғары потенциалды өнімділігі мен алынған өнімнің сапасы. Нақтырақ айтқанда асбұршақ гектарына 40-50 ц/га өнімділік көрсету мүмкіншілігіне ие және дәнінде орта есеппен 20-24% ақуыз болады. Жоғары өнімділік пен өнімнің құрамындағы ақуыздың жоғары мөлшері бірінші кезекте ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыруда ақуыз жеткіліксіздігін толтыруға мүмкіндік береді. Ал жануарларды азықтандыруда ақуыздың жеткіліксіздігі мал шаруашылығы саласында қазіргі таңдағы ең күрделі мәселеге айналып отыр.

Асбұршақтың вегетациялық мерзімінің қысқалығы оны екпе сүрі танаптарында қолдануға мүмкіншілік береді. Тамырындағы түйнек бактериялардың көмегімен топырақта атмосфералық азотты бекіту қасиеті оны көптеген дақылдар үшін, әсіресе жаздық дәнді дақылдарға, жақсы алғы егіс ретінде қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, дақылдың жоғары икемділігі оны еліміздің көп аумақтарында өндіру мүмкіншілігіне жағдай жасайды.

Асбұршақ – бір жылдық шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі кіндікті, жақсы бұталанады. Сабағы домалақ, сирек төрт қырлы болады, іші қуыс, жеңіл жатып қалады, ұзындығы 30 дан 150 см дейін. Жапырақтардың негіздерінде жартылай жүрек пішінді өте ірі бөбежапырағы болады. Жапырақтары мен сабақтары балауызды қонмен қапталған. Гүлдері ірі, ақ, біреуден немесе екеуден жапырақ қынаптарында орналасады. Жемісі – көп тұқымды бұршақ, пішіні бойынша тік немесе қылыш тәрізді болады. Асбұршақтың жапырағы күрделі, сағақтан, 2-3 жұп жапырақтардан құралады, жапырақтардан кейін жұпсыз санды мұртшалар дамиды. Тұқымдары домалақ, мөлшері әр түрлі, бозғылт-жасыл, сарғыш-жасыл, ашық-күлгін түсті болады [1].

Асбұршақ тұқымынан азық-түлік және жануарларды азықтандыруға арналған құрама жем дайындалады. Сонымен қатар, жануарларды азықтандыру үшін жасыл массасы, сабаны, қалдықтары, тазалау мен қайта өңдеуден кейін қалған қосымша өнімдері қолданылады [2].

Соңғы үш жыл төңірегінде Қазақстанда асбұршақты және жалпы бұршақ тұқымдас дақылдарды өндіруде алға жылжу тенденциясы байқалады. 2017 жылы 100 мың га аумақтан 131,2 мың тонна өнім жиналды, 2018 жылы 101,5 мың га 136,5 мың тонна өнім алынды, ал 2019 жылы 140 мың га 189 мың тонна өнім алынды. Республика бойынша асбұршақтың орташа өнімділігі 13,5 ц/га құрап отыр. Бұл әрине жоғары көрсеткіш емес, отандық фермерлер өнімділікті 25-30 ц/га арттыру мүмкіншілігіне ие.

Кез-келген ауыл шаруашылық дақылдың өнімділігін арттырудың бірнеше жолы бар: дақылдың жаңа сорттарын сынау және жерсіндіру, өндірудің жаңа технологияларын шығару. Асбұршақтың Қазақстанда кең таралған жаңа сорттарына: Воряг, Аксайский усатый 55, Ямальский, Зауральский, Ямал 2, Агроинтел, Статус [3].

Біздің зерттеу жұмысымыз асбұршақтың жаңа сорттарын сынауға бағытталды.

Танаптық тәжірибелер М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік уиверситетінің Агробиологиялық станциясында жүргізілді. Агробиологиялық станция Солтүстік Қазақстан облысының қызылжар ауданында орналасқан. Станцияның топырағы сілтісізденген қара топырақтан тұрады, тұздану орын алмаған. Гумусты қабаттың орташа тереңдігі 37 см құрайды. Топырақ ортасының реакциясы әлсіз сілтілі, рН (7,2-7,4).

Зерттеуге бұршақтың 5 сорты алынды: Ямал 2, Shi Wan 1, Shi Wan 2, WD-13-24, WD-16-06. Ямал 2 сорты бақылау дақылы ретінде. Қалған төрт сорт қытай селекциясының өнімі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты аталған сорттарды Солтүстік Қазақстан жағдайында өндіру, Қытай селекциясының сорттарының өнімділігін бақылау сортының өнімділігімен салыстыру және дақылдардың дамуындағы фенологиялық кезеңдерді анықтау болды.

Зерттеу жұмыстары 2019 және 2020 жылдары жүргізілді. 2019 жылғы егістердің алғы дақылы рапс болды, ал 2020 жылы жүгеріден кейін себілді. Тәжірибені орналастыру кезінде Солтүстік Қазақстан жағдайында асбұршақты өндіруге арналған ұсыныстар негізге алынды. 2019 жылы өндірілген асбұршақ үшін алғы егіс жиналғаннан кейін сүдігер өңдеу жүргізілді, технологиялық операция ПЛН-4-35 соқасымен 30 см тереңдікке жыртылды. 2020 жылы өндірілген асбұршақ үшін сүдігер өңдеу келесі тәртіпте жүргізілді: жүгері дақылы жиналғаннан кейін аңыз қалдықтарын кесіп ұсақтау мақсатымен тәжірибе алаңын фрезалау жұмысы жүргізілді, кейін ПЛН-4,35 соқасымен 30 см тереңдікке жыртылды. Ерте көктемде БЗТС ауыр тырмаларымен екі ізбен ылғал жабу жұмысы орындалды. Егін себу алдында 10-12 см тереңдікке себу алды өңдеу жүргізілді. Себу алдында тұқымдар «Селест Макс» тұқым дәрілегішімен өңделді. 2019 жылы себу жұмыстары 20-22 мамырда қолмен жүргізілді. 2020 жылы пандемияның салдарынан себу жұмыстары кеш басталды, сондықтан ұсынылған мерзімнен кешігу орын алды және 1-2 маусымда асбұршақ себілді. Себу мерзімінің кешігуі тұқымның өнуіне қажетті танаптағы өнімді ылғалдың мөлшерінің аз болуына алып келді және маусым айында жауын-шашынның болмауы тұқымдардың өніп шығуына мүмкіндік бермеді. Екі жылда да тұқымдарды себу мөлшері 1 гектарға 2 млн. өңгіш тұқымды құрады. Себу тереңдігі 5 см.

...

Скачать:   txt (16.6 Kb)   pdf (101 Kb)   docx (14.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club