Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ветеринариялық патологиялық анатомия

Автор:   •  Январь 2, 2023  •  Реферат  •  3,653 Слов (15 Страниц)  •  304 Просмотры

Страница 1 из 15

[pic 1]

[pic 2][pic 3][pic 4]


[pic 5]

Ығылманұлы Өтеген. Ветеринариялық патологиялық анатомия. ОқулықАлматы:2010. 647 бет.

Пастереллез (Pasteurellosis) сүтқоректілер мен құстардың септицемияға тән өзгерістермен, көптеген қанталаулармен, өкпенің фибринді қабынуымен және тері шелісінің домбығуымен сипатталатын инфекциялық ауруы.

Пастереллезге үй және жабайы сүтқоректілер мен құстардың барлық түрлері бейім. Тауық пен үйқоянында ауру індеттік сипатта байқалады. Адамға ауру малдан жанасқанда жұғады да, тері шелісіндегі іріңдіктер, флегмона, кейде остеомиелит, бронхопневмония, коньюнктивит немесе энтерит түрлерінде байқалады.

Қоздырушысы мен дерттенуі. 

Ауруды Pasteurella туыстығына жататын, грамтеріс, козғалмайтын, спора түзбейтін, жеке-жеке, кейде жұпталып, сирегірек қысқа тізбек түрінде орналасатын бактериялар шақырады. Ауру мал мүшелеріндегі пастереллалар сопақша болады да, метилен көгі немесе Романовский Гимза әдісімен биполярлы (екі шеті) боялады.

Табиғи жағдайда пастереллез бірінші кезекті де, екінші кезекті де туындайды. Бірінші кезекті пастереллез жануар денесіне коздырушының тыныс және ас қорыту жолдары арқылы, кейде жарақаттанған тері арқылы енуіне байланысты өршиді. Пастереллез екінші кезекті, яғни аутоинфекция ретінде, мал организмінің төзімділігі әлсіреп, организмде әуелден бар пастерелланың уыттылығының артуына байланысты туындайды. Жануарларды тасымалдау, ауа райының кенеттен өзгеріп, салқындауы, бағым күтімнің нашарлығы, т.б. стрессфакторлар аурудың туындауына септігін тигізетін факторлар болып табылады. Қоздырушы микроб енген жерінде (инфекция қақпасында) өсіпөніп, көбейеді де, қанға және лимфаға өтіп, бүкіл денені шарлайды, улы заттар (агрессиндер) өндіріп, қанның қарпуыш торшаларын тұншықтырады, ешқандай кедергізіс көбейіп, септицемияның өршуіне әкеледі. Шағынайналымдық арна тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі артып, қанның сұйығы мен торшалары тамырлар сыртына шығады. Нәтижесінде әр жерде көптеген қанталаулар пайда болады (геморрагиялық диатез), домбығу сұйығы тері шелісін кеулейді, паренхималық мүшелер (бауыр, бүйрек, жүрек еті) және жүйке жүйесі дистофияға ұшырайды, иммундық жүйе кызметі әлсірейді.

Патологиялық анатомиясы. Ауру аса жіті, жіті және жітілеу, кейде созылмалы өтеді. Жасырын кезеңнің ұзақтығы бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін. Аса жіті пастереллезден ірі қара мал мен енеке бір-ер сағаттың ішінде, ешқандай клиникалык белгісіз, өліп кетеді. Өлексені сойып зерттегенде жай көзге көрінетін өзгерістер болмайды. Жіті өтетін пастереллез ірі қара мал мен енекеде домбығу, көкірек және ішек пошымдарында байқалады.

Домбығу пошымды пастереллез тері мен бұлшық ет шелісінің серозды қабынып, жалқаяқтануымен сипатталады. Бұл құбылыс бас, мойын, сирегірек артқы тесік, сыртқы жыныс мүшелері, борбайлар аумағында байқалады. Процесс әсіресе жұтқыншақ пен жақтар аралығында өте зілді болады. Домбығу көмейге тілге және омырауға таралуы, нәтижесінде ұлғайған тіл ауыздан шығып тұруы мүмкін. Тіліп көргенде домбыққан жерлер сарғыш реңді, жалқаяқ сипатты. Тілік бетінен сарғыш түсті сұйық ағады. Ылғалды және кілегейлі қабықтарда, паренхималық мүшелерде нүкте қанталаулар болады. Қанталаулар өкпе мен көкіректің бет пердесінде айқынырақ болады. Бастың, мойынның, көкірек шымылдығының, т.б. лимфалық түйіндері ұлғаяды, қанталайды. Ұлтабар мен аш ішек жіті катарлы, кейде қанараласа қабынады. Миокард, бауыр мен бүйрек дистрофияға ұшырайды.

Көкірек пошымды пастереллез крупоздық пневмониямен, өкпе бет пердесінің фибринді қабынуымен сипатталады. Өкпенің диафрагмалық бөлігі тұтас қабынуы мүмкін. Пастереллездік крупоздық пневмония морфологиясының ерекшеліктері бар. Қабыну процесі жіті өтеді де, өкпенің тілік беті мәрмәрленбейді (ала болмайды). Экссудатқа эритроциттер мол қосылып, пневмонияға фибринді-қанараласқан сипат береді. Үшіншіден, қоздырушының токсиндері әсерінен қабынған жерлерде өлшемі 1-9 см, лас-сұр немесе күңгірт-қоңыр түсті өлі ошақтар пайда болады, кейде олар қапшықтанады. Бронхтық және шымылдықтық лимфалық түйіндер қабынып, ұлғаяды, мол ылғалды болады, қанталайды. Қабыну өкпеден плевраға таралып, сероздыфибринді плеврит, кейде осы сипаттағы перикардит туындайды. Перитонитте болуы мүмкін.

...

Скачать:   txt (54 Kb)   pdf (1.2 Mb)   docx (995.4 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club