Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Туберкулезге күдікті адамдардағы плевриттерді анықтау

Автор:   •  Февраль 5, 2020  •  Реферат  •  1,101 Слов (5 Страниц)  •  498 Просмотры

Страница 1 из 5

Қарағанды медицина университеті

«Фтизиатрия» кафедрасы

СӨЖ

Тақырып: Туберкулезге күдікті адамдардағы плевриттерді анықтау

Орындаған: Жасақбаев А.Д.

6-034 топ ЖМФ

Тексерген: Мутайхан Ж.М.

Қарағанды 2020ж.

Ділмағамбетов Д.С.,Ряхова Н.В., Калмаков Н.К., Мекебай К.Б.,

Айтпағамбетова А.Т., Қамелова Д.А.

М. Оспанов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті,

Облыстық туберкулезге қарсы диспансер, Ақтөбе қ.

Туберкулезге күдікті адамдардағы

Плевриттерді анықтау

      Туберкулезді анықтаудағы қиыншылықтар жалпылама мойындалған.

Науқастардың дәрігерге кеш қаралуы, жалпылама емдеу торабының (ЖЕТ) мамандарының сақ болуларының жоқтығы, кейбір жағдайларда рентгенологиялық тексерістердің толықсыз жүргізілуі, туберкулез ауруларыменен қарым-қатынаста болғанын еске алмаушылық салдарынан туберкулездің кеш табылуына келіп соқтырады.

      Экссудативті плевриттер өкпе туберкулезінің орнықталған түрлерімен жиірек кездесетіні белгілі, дегенмен де өкпелерде рентгенологиялық өзгерістер көрініссіз болмаған жағдайларда табылуы мүмкін. В.А Соколовтың (1998) мәліметі бойынша, туберкулез текті плевральді сұйықтық 49,6% жиілік құрамында, ал өкпе қабынуының асқынуы ретіндегі бейарнамалық плевриттер тек – 17,9% мөлшерінде кездескен.

      Плевриттерді анықтауда, рентгенологиялық әдістермен қатар плевральдық сұйықтықты цитологиялық зерттеулер де қолданылады. Оның артықшылығы диагнозды нақтылау негізінде белгісіз жағдайларында пункция жасауға қайталануының мүмкіндігінде. ЖЕТ дәрігерлеріне плевра қуыстарында сұйықтық барлығын дер кезінде анықтау маңызды. Туберкулезді плевриттегі экссудаттың сипаттамасының салыстырмалы тығыздығы 1018 көбірек, ондағы белок мөлшері 3% жоғарылау, әдетте лимфоциттер басымдау, мезотелий клеткалары сиректеу кездеседі. Париетальді плевраны пункциялық биопсияда гранулема табылу ықтималдығы, туберкулезді плеврит диагнозының дұрыстығын бекітеді. Тері туберкулин сынамалары үштен бір пациенттерінде теріс болуы мүмкін, себебі туберкулинге жоғарғы сезімділік пайда болғанша плевриттің дамуы.

      Соңғы онжылдықта плевра ауруларының және плевралық сұйықтанудың екшелеу диагностикаларында аз инвазивті әдістіктердің эндовидеоторакоскопия (ВТС) кеңінен пайдаланылуда болғанымен, фтизиатрия тәжірибесінде жеткілікті түрде қолданылмай келеді. Кешенді тексерістерде ВТС қолдануы процесстің диагностикалық ізденістерінде елеулі жәрдемдеседі, этиологиясын морфологиялық анықтауға мүмкіндік туғызады және көкірек қуысындағы патологиялық процесстің даму кездерін көрнекті (визуальді) растайды [3-6]

      Біздің зерттеулеріміздің негізгі мақсаты – плевралық синдромдары бар адамдардың плевра қуысы арасындағы құрамдарының ерекшеліктерін тексеру.

      Материалдары және зерттеу әдістері. Біздер 2009 ж. Облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде (ОТҚД) болған, туберкулез плевритіне күмәнді 80 науқастардың байқау көрсеткіштерін талдадық.

      Жыныстық сипаттамасынан қарағанда еркектер артығырақ болды – 44(55,0 %), әйелдер – 36(45%). Науқастардың жас шамалары бойынша 7-72 арасындағылар. Ауырғандар тобында негізінен еңбекке қабілетті жастағылар: 20-49 ж. – 60(75%), қалғандары – басқа жас категорияларынан. Туберкулез ауруларыменен қарым-қатынаста болғандарын көрсеткендері – 13(16,3%) адам.

       Зерттеу көрсеткіштері. Диагноздың сенімділігін анықтау мақсатында рентгенологиялық тексерулерден кейін науқастарға плевралық пункция немесе қайталанулары жүргізілді. Плевра қуыстарының мазмұнын шығарғаннан кейін, алынған сұйықтықтар цитологиялық талдауға түсірілді. Плевра мазмұндарының сипаттарын талдағанда 68 (85,0%) пациенттерінде сероздық, геморрагиялық - 12 (15%) түстерін көрсетті. Сұйықтың бөліктену (фрагмент) белгілері күмәнді жағдайларда плевра қуысын ультрадыбыста зерттеледі.

       Плевра ауруларын екшелеп анықтауда зерттеулердің көбірек бағалылысы 59 ауруларға емдеу-дигностикалық мақсатпен жүргізілген, ВТС болды. Процесстің таралуын және даму фазасын визуальді бағалау, плевралдық тыртықтар барлығы, плевра беттерінен және төс арты қуыстары мүшелерінен шыққан патологиялық құрамдарын анықтау жүргізіліп, онан кейін сұйықтық сорылып, плеврааралық қуыстарды ашықтап плевра қуысын жуу, оларға қосалқы плевра бөлімдеріндегі күмәнді жерлерінен биопсия алу орындалады. Бір бөлек аурулардың, традициялық зерттеу әдістерінің (микробиологиялық және цитологиялық) жеткіліксіз ақпараттықтарына байланысты, плевра экссудаттарын зерттеп анықтауда ВТС шешуші роль атқарады.

...

Скачать:   txt (16.2 Kb)   pdf (130.2 Kb)   docx (14.2 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club