Туа біткен кеуде құрсағының аурулары
Автор: sultanbaymeir • Октябрь 4, 2020 • Реферат • 1,390 Слов (6 Страниц) • 797 Просмотры
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы
«Хирургиялық пәндер-1» кафедрасы
[pic 1]
[pic 2]
Тақырыбы: Туа біткен кеуде құрсағының аурулары
Орындаған: Сұлтанбаев М.К.
Тобы: В-ЖМҚБ-09-17
Қабылдаған: Абдрахманов Е.А.
Шымкент 2020
Жоспары:
- Кіріспе:
Туа біткен деформациялар
- Негізгі бөлім:
- Туа біткен деформациясының этиология және патогенезі.
- Туа біткен деформациясының жіктелуі
- Туа біткен деформациясының клиникасы
- Қорытынды:
- Пайдаланылған әдебиеттер:
Кіріспе
Антенатальды патология өте маңызды мәселе болып есептеледі. Құрсақ ішіндегі болатын патологиялық өзгерістер нәресте туылмай тұрып не туылғаннан кейін адамның 1/5 бөлігінің өліміне себеп болады. Ал тірі қалғандарында анатомиялық немесе функционалдық кемістіктер өмір бойына қалады.Туа болған кемістіктердің салдарынан болатын жас нәрестелердің өлімі нәресте туып жатқанда болатын зақымданудан және әртүрлі аурулардан кейін 3-ші орын алады.
Негізгі бөлім
Туғанға дейін адамның дене құрылысы өте маңызды және шешуші кезеңдерден өтеді. Еркек пен әйелдің жыныс жасушалары қосылғанда жалғыз жасуша – зигота пайда болып оның салмағы 0,5 миллион мг болады. Кейінгі 9 ай ішінде бұл зигота өте күрделі организмге айналып,15 триллион клеткадан тұрады да, оның салмағы 3000 грамға немесе 3 килограмға жетеді. Организмнің дамып-өсу жылдамдығы алғашқы 8-12 жұмада болады да,ұрық біртіндеп эмбрионға жас нәрестеге айналады. Өніп-өсіп жатқан ұрық бүліндіргіш агенттерге, әсіресе имплантация кезеңінде өте сезімтал болады. Бұл кезеңде көбінесе ұрық өліп қалады немесе органдарда әртүрлі туа болатын кемістіктер пайда болады. Бұл кезеңді бірінші және екінші қиын-қыстау кезең деп атайды. Өніп-өсіп келе жатқан организмнің өліміне себепкер болатын әртүрлі факторлар болады.Олар үш топқа бөлінеді: Экзогенді, эндогенді және генетикалық факторлар. 1. Экзогендік факторларға жататындар: ∙ Механикалық факторлардың әсер етуі; ∙ Физикалық факторлардың әсер етуі; ∙ Химиялық факторлардың әсер етуі; ∙ Инфекциялық-уландырғыш фактордың әсер етуі; 2. Эндогендік факторлар: ∙ Жергілікті аурулар; ∙ Жалпы аурулар; ∙ Ішкі секреция бездерінің аурулары; ∙ Организмнің ескіруі факторы; 3. Генетикалық факторлар: ∙ Хромосомдық комплекстің бұзылуы; ∙ Зат алмасуының бұзылуы; ∙ Мутация; Механикалық әсер ету факторын өз уақытында Гиппократ ұсынған.Оған жататындар жатыр ішінде судың көбеюі немесе азаюы, ұрықтың жатыр ішінде амалсыз жатуы. Физикалық әсер ету факторы.Төменгі температура тотықтыру және ферментативтік процесстерінің баяулауының арқасында ұрықтың эмбрионының дамуы төмендейді. Сондықтан жасушалардың өсуі, олардың бөлінуі мен дифференциясы бүлінеді. Ыстық температурада осындай залал келтіреді. Химиялық әсер ету факторы. Көптеген химиялық заттар ұрыққа тератогенді әсер етіп, ана организіміне ешқандай әсер етпейді. Оған контрацептикалық заттар және аборт жасайтын дәрілер жатады. Мысалыға талидомид деген дәріні ішкенде өте ауыр кемістіктерге душар еткізеді. Осы сиякты оттегінің жетіспеуі де үлкен әсер етеді. Инфекциялы-уландырғыш факторы. Бүгінгі заманда микроорганизмдер және олардың улы заттары кей жағдайда баланың жолдасы арқылы ұрық пен Эндогендік факторлар. Жергілікті аурулар. Ұрықтың (эмбрионның) өсіп-өнуіне және оның кейін жас нәресте болуына шешуші роль атқаратын жатырдың әртүрлі патологиялық аурулары болып есептеледі. Мұндай патологиялық ауруларға жататындар: жатырдың екі мүйізді түрі, жатырдың инфантильдік түрі, жатыр ішінде баланың дұрыс орналаспауы қан айналымын бұзады, эндо және миометрияның қабыну аурулары, жатырдағы жаңа пайда болған миома, фибромиома және полиптер. Бұндай өзгерістер ұрықтың жатыр ішіне жабысуын бүлдіріп зат алмасуының және эмбрионның қоректенуін нашарлатып, оның өсіп-өнуіне және органдардың қалыптасуына әсер етеді.эмбрионның денесіне өтіп әртү Туа болған ампутацияның екі түрі болады: эктромелия және гемимелия. Эктромелия түрінде аяқ не қолдың төменгі бөліктері болмай туады (саусақтар немесе табан мен сирақ бөліктері), ал жоғарғы бөліктері әдеттегідей болады. Гемимелия түрінде аяқ немесе қол толығымен түбірінен жоқ болады.Диагноз қою қиын болмайды, себебі бәрі көрініп тұрады. Емдеудің ұтымды түрі уақытын кешіктірмей протез жасап, оны қолдануды үйрету болып есептеледі. Қолға биоэлектрмен жабдықталған протез кигізіп, саусақ орнына жұмыс істейтіндей арнайы аспап қолданылады. Туа болған аяқ-қолдың ампутациясында фантомдық сезім аяқ не қолдың жоқ бөлігін сезіну ешқашанда болмайды,ал жарақаттанғаннан кейін ампутация жасағанда аяқ не қолдың төменгі бөлігі жоқ болсада оны бар деп сезінеді. Егерде білек сүйектері және балтыр сүйектерінің орта тұсында туа болған ампутацияда сүйектер мен оны қоршаған еттер біркелкі өспейді де,конус формалы болып кейіннен протез кигізуге келмей қалады. Сондықтан да балаға жас кезінде қос сүйектерін (білек және балтыр сүйектің) бір-бірімен біріктіріп синостоз жасап, аяқтың ампутация жасалған қалдық ұшын бұлшықеттермен қалың етіп жабу керек.рлі кемістіктерге әкеп
Сүйектің деформациялану сипаты бойынша:
-варустық;
-вальгустық;
-антекурвациялық;
-рекурвациялық;
-күрделі осьтік. Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:
...