Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Терінің саңырауқұлақты аурулары

Автор:   •  Ноябрь 22, 2023  •  Реферат  •  2,529 Слов (11 Страниц)  •  208 Просмотры

Страница 1 из 11

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті

       Дәріс тақырыбы: «Терінің саңырауқұлақты аурулары»


Дәріс жоспары

1. Эпидемиологиясы

2. Патогенезі

3. Саңырауқұлақты аурулардың  жіктелуі

4. Клиникалық түрлері

5. Клиникалық көріністері

6. Ажырату диагностикасы

7. Емі

 Микоз – саңырауқұлақты ауру, іріндікті аурудан кейін 2-ші орынды алады.  Саңырауқұлақтар табиғатта кең тараған. Оларды төменгі топтағы өсімдіктерге жатқызады. Саңырауқұлақтар бұтақталған 2 контурлы мицелии жіпшелерін түзеді және спора арқылы көбейеді. Олар топырақта өсімдіктерде, жануарларда адамда паразиттік тіршілік етеді, бірақ оның азғана бөлігі ғана адамға, жануарларға  патогенді. Оларды 2 топқа бөледі:

1- Антрофильді, тек адамның терісінде және қосалқы мүшелерінде тіршілік етеді.

2- Зооантрофильді, ол адамның және жануарлардың терісімен, қосалқы мүшелерінде тіршілік етеді.

Патогенді саңырауқұлақтармен бірге сапрофиттер болады, олар қалыпты жағдайда ұрық (спора) түзбейді бүршіктеніп көбейеді жіпшелері бұтақталмайды, оларды псевдомицилии деп атайды. Ауру  тудырмайды, тек белгілі бір ортада ауру туғызуы мүмкін, оларға – кандида текті саңырауқұлақ жатады.

        Адамдарға патогенді саңырауқұлақты дермотофиттер деп атайды. Ал олар тудыратын аурулар дермотомикоздар деп аталады.

        Эпидимиологиясы:  жұғу көздері тікелей- ауру адамнан немесе ауру жануардан жұғады, немесе тікелей емес- ауру адам қолданған заттардан, жануарға қатысты заттардан жұғады.

        Патогенезі: ауру дамуы үшін қолайлы фактор болуы қажет: жасы  кейбір кезде жынысы, ішкі секреция бездерінің қызметінің жағдайы, терінің РН ортасының өзгеруі, тершеңдік сияқты факторлар. Әр түрлі созылмалы және инфекциялық аурулар фонында макрооргнизімнің реакивтілігінің төмендеуі, жүйке және эндокринді бұзылыстар сапрофиттердің патогенді түрге ауысуына қолайлы жағдай тудырады.  

        Жіктелуі: А.М.Ариевичпен Н.Д. Шеклаков ұсынған жіктеу бойынша барлық саңырауқұлақтық аурулар 4 топқа бөлінеді:

  1. Кератомикоздар /кебекті немесе түрлі-түсті теміреткі/, саңырауқұлақ қабыну және субъективті сезім тудырмай, эпидермистің мүйізденген қабатында орналасады. Олар аса жұқпалы емес, терінің қосалқы мүшелерін зақымдамайды.
  2. Дерматомикоздар /Эпидермофития, рубромикоз, трихофития, микроспроия және фавус/. Саңырауқұлақтар эпидермисте орналасады, терімен оның қосалқы мүшелерін зақымдайды.
  3. Кандидоздар теріні шырышты қабатты және ішкі ағзаларды зақымдайды.
  4. Терең /жүйкелі/ микоздар /актиномикоз, хромомикоз, бластомикоз, споротрихоз т.т./ Бұл ауруларда тері, шырышты қабат, бұлшық еттер, сүйектер, ішкі ағзалар және жүйке жүйесі зақымданады. Сирек кездеседі.

Кебекті теміреткі /түрлі түсті теміреткі/.

        Қоздырғышы pityrosporum orbiculare, эпидермистің мүйізді қабатында және фолликула сағасында  орналасады.

Клиникасы ағымы: Мойын, кеуде, арқа, иық терісінде, қызғылт қоңыр түсті, беті кебекті  қабыршықтанған дақтар пайда болады. Үлкейе келе бір-біріне қосылып, шеттері иректелген ірі көлемді ошақтар түзеді.

Кейін дақтаң түсі қоңыр күңгірт түске ауысады.  Кейде, сүт қосылған кофе түсіндей болады. Түсінің осылай өзгеруіне байланысты түрлі-түсті теміреткі деп те аталады. Субъективті белгісі жоқ, кейде аздап қышу сезімі болуы мүмкін, Ағымы ұзаққа /айлар, жылдар/ созылуы мүмкін.

Диагноз қою қиын емес, күмәнданғанда қолданылатын әдістер:

  1. Бальцер сынамасы – 5 процент иод ерітіндісін немесе анилин бояуын жаққанда зақымдалмаған теріге қарағанда зақымдалған ошақ иодты қатты сіңіріп жақсы боялады.
  2. Бенье  белгісі – қыру тәсілі арқылы дақтың бетіндегі қабыршықтарды анықтау.
  3. Вуд шамымен қараңғы бөлмеде сәулесін түсіргенде дақтар қызғылт-сары немесе қара-қоңыр түске боялады.
  4. Микроскопиялық әдіс. /20-30% ащы сілті ертіндісімен ( NaOH, KOH) өңделген қабыршақты микроскоппен тексеру/.

Салыстырмалы диагнозды.

  1. Мерездегі  розеоламен, лейкодермамен.
  2. Жибердің қызғылт-теміреткесі.

Емі: Кератолетикалық және функцидтті  дәрі – дәрмек.

  1. 5-10% күкірт майы
  2. 3-5% салицил майы
  3. 20% бензилбензоат эмульсиясы немесе майы.
  4. Демянович ерітіндісі қолданады (60% тиосульфат натрии + 6 % концентрленген тұз қышқылы)
  5. ламизил, певарил, экзодерил т.б. майлар.

Сонымен қатар УКС-пайдалы.

Эритразма.

Этиопатогенезі: Кератомикоз тобында қаралғанмен, соңғы уақытта эритразманың қоздырғышы саңырауқұлақ тобына жатпайтыны анықталуда.

Коринебактерий  - тек мүйізді қабатта орналасады, шашты, тырнақты зақымдамайды.

Патогенезінде ерекше орын алатын тершеңдік, жоғарғы және ылғалды температура, терінің РН ортасының өзгеруі.Ауру киім-кешек, ванна, жыныс қатынасы арқылы берілуі мүмкін.

...

Скачать:   txt (38.4 Kb)   pdf (179.2 Kb)   docx (25.1 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club