Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сүйек қосылыстарының функциональдық анатомиясы

Автор:   •  Январь 12, 2018  •  Реферат  •  1,537 Слов (7 Страниц)  •  3,159 Просмотры

Страница 1 из 7

ДӘРІС №5

Тақырыбы: «Сүйек қосылыстарының

функциональдық анатомиясы»

Жоспары:

1.   Сүйек қосылыстарының жіктелуі.

2.  Буындар, олардың жіктелуі.

3.   Буынның негізгі және қосымша элементтері.

4.   Буынды қысқаша сипаттау схемасы.

5.   Иық буыны.

6.   Шынтақ буыны.

7.   Жамбас-сан буыны.

8.   Тізе буыны.

1.   СҮЙЕК қосылыстары туралы ілім артрология (arthrologia) немесе

синдесмология (syndesmologia). Сүйек қосылыстары 3 үлкен топқа жіктеледі:

I. Синартроз-үздіксіз қосылыстар

II.   Гемиартроз-жартылай буын, үздіксіз қосылыстан үздіктіге өтпелі қосылыс

III. Диартроз-үздікті немесе буындар

I. Синартроздар-берік, серпімді, қимылы шектеулі қосылыстар. Бұл қосылыстарға жатады:

1. Синдесмоз-сүйектердің бір-бірімен талшықты дәнекер ұлпасының көмегімен байланысы.

а)    Жалғамалар, егер аралық дэнекер ұлпа талшықты шоғырлар қүрылысына ие болса, онда фиброзды жалғамалар (ligamenta fibrosae) түзіледі. Жалғамалар барлық буындарда кездеседі.

б)   Сүйек-аралық жарғақтар, membranae interosseae, егер дэнекер ұлпа сүйектердің үлкен аралықтарын толтырса, ондай қосылыстар жарғақтар деп аталады. Мысалы: білек және сирақ сүйектерінің арасында. Ал кішкентай балаларда сонымен қатар бас сүйектерінің арасындағы еңбектер (fonticulus) жатады.

в)  жіктер, suturae, егер аралық дәнекер үлпа жүқа қабықша сипатына ие болса, бүл жерлерде жіктер пайда болады.

Жіктер тек бас сүйектерінің аралығында болады. Өзара қосылатын сүйек жиектерінің пішініне қарай жіктерді былайша бөледі:

1.   Тісті жік, sutura serrata, бір сүйектің тістеленген жиектері екінші сүйектің тістерінің арасына кіріп тұрады.

2.   Қабыршақты жік, sutura sguamosa , бір сүйектің жиегі екінші сүйектің жиегімен бастырылады. Мысалы: самай және төбе сүйектері жиектерінің аралығында.

3. Тегіс жік, sutura plana, екі сүйектің тегіс жиектері бір-біріне сәйкес келіп қосылып тұрады.

Жіктердің пішінінің ерекшелігі бас сүйек бөліктеріндегі механикалық эсердің айырмашылығына байланысты ( бүлшықеттің күші мен қысымы). Сүйектің аталуына қарай жіктер де солай аталады. Бірақ кейбір жіктердің өзінің атауы бар. Мысалы: маңдай сүйегі мен төбе сүйегінің арасы нда тэждік жік, sutura coronalis, 38-41 жаста; екі төбе сүйегінің арасында садақ тэрізді жік, sutura sagittalis,-35 жаста; маңдай сүйегі мен қарақүс сүйегінің аралығында ламбдавидті жік   sutura lambdoidea,- 42-47 жасқа қарай бітеледі.

Ч. Нээчиннің айтуымен бас сүйегінің жіктерінде қан тамырлар болады, олар ұлпалардың алмасу процестерін қамтиды және де репаративтік процестерде тамырлардың қайтадан пайда болуының қайнар көзі болып табылады. Артериялардағы қан жіктерге екі жағынан келіп, сүйектерді қанмен қамтамасыз етеді.

4. қағу, gomphosis, тістің альвеолярлық шүңқырдағы сүйек үлпасымен қосылыс. Сүйек пен тістің арасында жіңішке дэнекер ұлпа-периодонт болады. Бүл қосылысты қабырғаға шегені қағумен салыстырады.

II.    Синхондроз-synchondroses, сүйектердің шеміршек үлпасы арқылы байланысуы.

Бүл қосылыстар берік, қимылы аз, серпімді. Олардың қимылы шеміршек

ұлпаның   қальщдығына  байланысты.   Неғүрлым   шеміршек   қалың   болса,

соғұрлым қиылы көп болады.

Уақыт мезгіліне байланысты синхондроздар былай бөлінеді:

А. Уақытша-белгілі бір жасқа дейін ғана болып, кейін синостозға ауысады.

Мысалы:   эпифиз   бен   метафиз   арасында,   жамбас   сүйектері   арасында.

Уақытша синхондроз-скелет дамуының екінші кезеңі болып табылады.

Б. Тұрақты-бүкіл өмір бойы сақталады. Мысалы: самай сүйегі пирамидасы

мен сына пішінді сүйек, пирамида мен қарақүс сүйегі арасында.

III.   Синостоз -сүйектердің бір-бірімен сүйек үлпасы арқылы байланысы. Егер дәнекер үлпа сүйек сүйек ұлпасына (1-ші реттік) немесе эуелі шеміршекке, сосын барып сүйекке (2-ші реттік) ауысса, синостоз пайда болады. Мысалы: төс сүйек, сегізкөз омыртқалары, жамбас сүйектері.

II. Гемиартроз немесе жартылай буын.

Олар шеміршек үлпамен тікелей қосылады. Қүрылысы бойынша нағыз буын қуысына үқсамайды, ортасында жіңішке саңылау болады. Буындардан айырмашылығы буынның міндетті элементтері: буын беттері, буын шеміршегі, буын капсуласы, буын қуысы, буынішкі сүйықтығы болмайды. Мысалы: шат симфизі.

...

Скачать:   txt (20.3 Kb)   pdf (111.3 Kb)   docx (20.2 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club