Ревматоидты артрит және Анкилозирлеуші спондилоартрит кезінде ФЛАММЭГИС препаратын қолдануда клиникалық ремиссияға жету мүмкіндігі
Автор: bagzat.kyzy • Апрель 1, 2018 • Эссе • 486 Слов (2 Страниц) • 820 Просмотры
Ревматоидты артрит және Анкилозирлеуші спондилоартрит кезінде ФЛАММЭГИС препаратын қолдануда клиникалық ремиссияға жету мүмкіндігі.
Қазіргі таңда аутоиммунды ревматологиялық аурулар бүкіл әлемде және біздің мемлекетімізде кең таралған. Осы аурулардың қоғамдың маңызы науқастардың тез инвалидизациясымен және өмір сүру ұзақтығының қысқаруымен анықталады. Өмір сүруге деген жағымсыз болжам ішкі ағзалардың зақымдануымен қоса жағымсыз әсермен және дәрілік препараттардың жеткіліксіз әсерімен байланысты болып келеді. Ең эффективті емдеу әдістерінің бірі – ревматологиядағы генно–инженерлі биологиялық препараттар жоғары бағалығымен шектеледі.
Қазақстанда Астана қалалық травматология және ортопериялық ғылыми зерттеу орталығында(ТОҒЗИ), Астана қалалық ҰҒЗО және№2 қалалық ауруханада ревматоидты артрит және анкилозирлеуші спондиоартритпен ауыратын науқастар арасында Фламмэгис препаратының эффективтілігі мен қауіпсіздігін зерттеу мақсатында ғылыми зерттеу жүргізілген. Зерттеуге РА және АС шамамен 11 жыл көлемінде ауыратын 18 науқас алынған, 9 науқас ер, 9 науқас әйел жынысты. Науқастардың орташа жасы 36,5 жас. Зерттеу кезінде науқастар препаратты 3 инфузиядан 8 инфузияға дейін 3 мг/ кг дозада РА және АС кезінде стандартты схемада (0-ші, 2-ші, 6-шы апта және әр 8 апта). Жүргізілген зерттеу нәтижесінде Фламмэгис препаратының қабынуға қарсы әсері классикалық терапияға қарағанда айқын екендігі анықталды: визуальді аналогты шкала бойынша омыртқадағы ауырсыну синдромына, таңертеңгілік құрысу айқындылығына, BASDAI және BASFI, DAS 28 индексіне, ЭТЖ және СРБ деңгейіне әсер етеді. Препараттың ең айқын әсері 3 айлық қабылдаудан соң, әсіресе СЕҚҚП және БҚҚП-мен қоса қабылдағанда көрінген. Препаратты жақсы көтере алушылық және бауыр мен бүйрек қызметіне негативті әсер болмағандығы анықталған.
Инфликсимаб биосимилярын қолдану РА және АС бар көптеген емделушілерде аурудың белсенділігін тиімді төмендетуге мүмкіндік берді, бұл стандартталған шкаланы қолданумен дәлелденді. Бұл санаттағы науқастарда инфликсимаб биосимилярын қолдану тәжірибесінің жинақталуына қарай аталған ауруларды емдеуде динамиканы уақыттың ұзағырақ кезеңінде бақылауға мүмкіндік болады.
Осы ғылыми зерттеуді талдай отыра Фламмэгис препаратына қызығушылығым түсті. Фламмэгис препараты биосимилярлы препараттар тобына жатады. Биосимиляр – түпнұсқалы дәрілік препараттарға ұқсас, түпнұсқа препараттың патенттелу уақыты өтіп кеткеннен соң түркелетін биотехнологиялық дәрілік заттар болып табылады. Биосимилярлар ЕС елдерінде 2006 жылдан бастап қолданылады, бірақ 2013 жылы ғана Дәрілік заттар бойынша Европалық агенттілік (ЕМА) моноклональді антидене негізінде «Celltrion» (Солтүстік Корея)компаниясы өндірген Ремсима (remsima) атауымен бірінші биосимилярды ұсынды. Сонымен қоса осы жылы Беларусия Республикасында Ремзима «Фламмэгис» атауымен тіркелегн болатын. Сонымен, Фламмэгис –гибридті тышқан-адамдық ІНФα еритін сонымен қоса трансмембранды формасымен жоғары аффинді байланысатын моноклональді антидене болып табылады. Бұл өз кезегінде осы проқабынулық цитокиннің биоактивтілігін төмендетуге әкеледі, лимфотоксин-α (ІНФ-Ɓ) ингибирленуі орын алмайды.
...