Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Пародонт

Автор:   •  Октябрь 16, 2026  •  Эссе  •  259 Слов (2 Страниц)  •  5 Просмотры

Страница 1 из 2

Тіс кариесінің таралуы мен қарқындылығын бағалау. Пародонт тіндері зақымдануының таралуы мен қарқындылығын бағалау.

Қазіргі заманғы стоматологияның ең өзекті мәселелерінің бірі — ауыз қуысының негізгі нозологиялары болып табылатын тіс кариесі мен пародонт тіндерінің зақымдануы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректеріне сәйкес, бұл аурулар жаһандық деңгейде кең тараған және әсіресе балалар мен жасөспірімдердің өмір сүру сапасына, жалпы денсаулық жағдайына тікелей әсер етеді. Стоматологиялық аурулардың алдын алу және тиімді деңгейде бақылау жүргізу үшін ең алдымен олардың эпидемиологиялық сипаттамаларын — таралуын (распространенность) және қарқындылығын (интенсивность) балалар мен ересектер арасында дәл бағалау қажет.Бұл көрсеткіштер балалардың өсу және тіс жүйесінің қалыптасу кезеңдеріндегі патологияның өршу деңгейін анықтауға, профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін мониторингтеуге және емдеу-профилактикалық ресурстарды дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.

Таралуы (%) — патология белгілері бар адамдардың жалпы зерттелген топқа пайыздық қатысы.

 Қарқындылығы — бір сырқатқа келетін зақымдалған мүшелер немесе тіндердің орташа сандық көрсеткіші.

Кариесті бағалау:

Эпидемиологияда жас ерекшеліктеріне байланысты арнайы индекстер қолданылады:

 кп — сүт тістеу кезеңіндегі балалар үшін (кариозды және пломбаланған тістер).

 КПЖ+кп — ауыспалы тістеу кезеңіндегі балалар үшін (6-12 жас).

 КПЖ — тұрақты тістеу үшін (кариозды, пломбаланған және жұлынған тістер).

ДДҰ бойынша 12 жастағы балалардың КПТ индексі негізгі индикатор болып табылады (0,0-1,1 — өте төмен, 6,6+ — өте жоғары). Динамикадағы кариес өсімі (прирост) фиссураларды герметизациялау мен фторлы профилактиканың тиімділігін көрсетеді.

...

Скачать:   txt (4.1 Kb)   pdf (48 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club