Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Остеопороз: қауіп факторлары, себептері және профилактикасы

Автор:   •  Декабрь 1, 2022  •  Реферат  •  1,170 Слов (5 Страниц)  •  225 Просмотры

Страница 1 из 5

Әдеби шолу

Тақырып: Остеопороз: қауіп факторлары, себептері және профилактикасы

Орындаған: Абилмажинов Нұрбек Айбекұлы, 1102, 1 курс, Жалпы Медицина Факультеті.

Ғылыми жетекші: Сыдыкова Каламкас Токтарбековна., «Биохимия және химиялық пәндер кафедрасының» оқытушысы.

Ғылыми консультант: Қорғанбаева Гауһар Айдосқызы., Эпидемиология және биостатистика кафедрасы.

        

Кіріспе: Остеопороз (ОП) – сүйек массасының мөлшері азайып және сүйек тінінің микроархитектоникасында өзгерістер болатын жүйелі ауру, бұл сүйектердің сынуы мен сынғыштығы қаупінің жоғарылауына әкеледі. [1]

      Остеопороз екі жыныстағы барлық нәсілдердегі көптеген адамдарға әсер етеді және популяция қартайған сайын оның таралуы артады. Ұлттық денсаулық сақтау және тамақтану зерттеулерінің III (NHANES III) мәліметтеріне сүйене отырып, NO 9,9 миллионнан астам американдықтың остеопорозбен ауыратынын, ал 43,1 миллионның сүйек тығыздығы төмен екенін есептеді. Омыртқалардың, ортан жіліктің проксимальды бөлігінің және білектің дистальды бөлігінің сынуы жиі кездеседі. [2]

        Негізгі бөлім: Жыныс, кальцийді қабылдау, физикалық белсенділік, менопаузаның басталу жасы, құлау, алкоголь мен есірткіні қолдану, сонымен қатар басқа да жас, темекі шегу, дене массасының төмендеуі, D дәруменінің жетіспеушілігі сияқты көптеген факторлар остеопороз кезінде сүйектің минералды тығыздығына (СМТ) әсер етуі мүмкін. Екі жыныс үшін де сүйектің сыну қаупі жас ерекшеліктерімен байланысты, және сүйектің сыну қаупі әр он жыл сайын 2 есеге артады. [3]

     Ерлердегі сүйектердің сынғыштығына әсер ететін жетекші факторлар – генетикалық бейімділік, жыныстық гормондар деңгейінің төмендеуі және қайталама остеопороздың дамуына әкелетін аурулар. Ерлердегі қайталама остеопороздың дамуының үш негізгі себебі – алкогольді көп мөлшерде пайдалану, гиперкортицизм (эндогендік немесе экзогендік, көбінесе глюкокортикостероидтарды қабылдау аясында) және гипогонадизм. [4]

    Әйелдердегі менопауза кезіндегі эстроген деңгейінің төмендеуі СМТ төмендеуі мен сүйектің сыну қауіпін арттырады. [5]

Жасы мен СМТ-на қарамастан сыну қаупі туралы ақпаратты беретін клиникалық қауіп факторлары: Төмен дене салмағының индексі (BMI); Анамнезінде ата-анасының жамбас мойнының сынуы; Темекі шегу; Глюкокортикоидтар; Алкоголь; Ревматоидты артрит; [6]

    ОП диагностикасы мен емдеудегі үлкен жетістіктерге қарамастан, онымен байланысты мәселелер бұрынғысынша өзекті, бұл барлық елдерде орташа өмір сүру ұзақтығының артуымен түсіндіріледі. Сонымен, егер 2000 жылы әлемде 65 жастан асқан 400 миллионға жуық адам болса, 2025 жылға қарай олардың саны 800 миллионға дейін өседі деп болжануда.

Әлемнің көптеген елдерінде ОП-ны заманауи емдеу бағытталған терапияға (онкологиядағы сияқты) негізделеді: қатерлі жасушаны тауып, оны кез келген жолмен жою. ОП кезінде бұл жасуша остеокласт (ОК) болып табылады – ол сүйекті бұзады (резорбтейді). ОП кездінде ОК саны бірнеше есе артуы мүмкін, сондықтан барлық терапия кез келген жолмен ОК функциясын басуға бағытталған (ОК жасушаларын өлтіру, цементтеу, жұмысын төмендету). Бұл бағытта көптеген дәрі-дәрмек (антирезорбенттер) шығаратын тұтас сала дамыды; бисфосфонаттар ОП емдеуде «алтын» стандартқа айналды. [7]

     Остеопорозды сынықтардың болуы арқылы анықтауға болады. Сынықтары жоқ науқастарда остеопороз жиі төмен СМТ арқылы диагноз қойылады. Қосэнергиялық рентгендік абсорбциометрия (ҚРА) қазіргі уақытта остеопороздық сынуы жоқ адамдарда остеопорозды диагностикалаудың алтын стандарты болып табылады. ҚРА нәтижелері жас, сау (әдетте әйел) нормадан стандартты ауытқу (СА) ретінде бағаланады және T-баллдары ретінде хабарланады. Мысалы, -2 Т-мәні салыстырмалы нормадан 2 СА төмен СМТ көрсетеді. Постменопаузадағы әйелдер мен 50 жастан асқан ерлердегі остеопорозды сипаттайтын халықаралық анықтамалық стандарт жас әйелдер мен ересектер үшін сан сүйегінің мойнындағы СМТ орташа мәннен 2,5 СА немесе одан да көп СА төмен болып табылады. [8]

...

Скачать:   txt (14.6 Kb)   pdf (104.2 Kb)   docx (12.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club