Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Микроорганизмдер генотипін карталу

Автор:   •  Ноябрь 8, 2019  •  Реферат  •  3,133 Слов (13 Страниц)  •  7 Просмотры

Страница 1 из 13

                     “Астана Медицина Университеті”КеАҚ

«Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасы

   СӨЖ

Тақырыбы:Микроорганизмдер генотипін карталу.Тұқымқуалаушылықтың хромосомадан тыс факторлары:плазмидалар,транспозондар,Is-тізбектер.Бактериялар және вирустар генетикасы.Молекулярлы-биологиялық әдістер:НҚ гибридизациясы,ПТР,ДНҚ секвенирлеуі.

               

                                                                                                                     Орындаған:Якубова А.Н  

                                                                                                     Топ:220ЖМ

                                                                                                     Тексерген:Сәрсенова А.Г-А

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Микроорганизмдер генотипін карталау
  2. Тұқымқуалаушылықтың хромомосмадан тыс факторлары
  3. Бактериялар және вирустар генетикасы
  4. Молекулярлы-биологиялық әдістер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

     Микроағзалардың белгілі сипаттарын көптеген ұрпақ бойында сақтау қабілетін тұқым куалау деп атайды. Тұқым куалау құбылысын зерттеу барысында түрлі факторлардың әсерінен әр келесі ұрпақ алдыңғы ұрпактан оны ерекшелендіретін сипаттарды қабылдай алатыны анықталған. Бұл қасиетті өзгергіштік деп атайды. Осылайша тұқым қуалау мен өзгергіштік өзара тығыз байланыста болады. Микроағзалардың тұқым қуалауын және өзгергіштігін зерттейтін гылымды генетика деп атайды (грек тіліндегі genos — туылу)Микроорганизмдер генетикалық жүйесі ядролық және ядролық емес құрылымдардан тұрады. Прокариоттар ядросының аналогы эукариотикалық жасушалардың ядросынан айтарлықтай ерекшеленеді. Ол қабығынан айырылған және барлық ДНҚ бактерияларын қамтитын нуклеоидпен ұсынылған. Бактериялық хромосома сақиналы түрдегі ДНҚ екі жақты молекуласынан тұрады. ДНҚ молекуласы екі полинуклеотидті тізбектен құрылған. Әрбір нуклеотид азот негізінен, дезоксирибоз қанттарынан және фосфат тобынан тұрады. Азотты негіздер пурин (аденин, гуанин) және пиримидин (тимин, цитозин). Әрбір нуклеотид полярлыққа ие. Оның 3' -соңы мен 5' -соңы дезоксирибозды бар. Нуклеотидтер 5' -бір нуклеотидтің шеті және 3' -екіншісінің шеті арасындағы фосфодиэфирлі байланыстармен полинуклеотидті тізбекке қосылады. Екі тізбек арасындағы қосылыс комплементарлы азотты негіздердің сутекті байланысымен қамтамасыз етіледі: аденин мен тиминмен, гуанин мен цитозинмен. ДНҚ сызықты молекуласының әрбір соңында 5' -бір тізбектің соңы және 3' -екінші тізбектің соңы орналасқан. Бактериялардағы тұқым қуалайтын ақпарат ДНҚ нуклеотидтерінің кезектілігі түрінде сақталады, ол ақуыз молекуласындағы аминқышқыл қалдықтарының кезектілігін анықтайды. Әрбір ақуыз өз геніне сәйкес келеді, яғни нуклеотидтердің саны мен ерекшелігімен ерекшеленетін ДНҚ дискретті учаскесі. Бактериялық хромосомада 4000-ға дейін жеке ген бар. Барлық гендердің жиынтығы геном деп аталады . Геномның сыртқы көрінісі фенотип деп аталады . Procaryotae патшалығының әртүрлі өкілдерінен бактериялық хромосоманың өлшемдері 3 х 10 8-ден 2,5 х 10 9-ға дейін өзгереді.

        

    Генетикалық карталар - деп хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады. Қазіргі кезде, әсіресе, генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілердің, атап айтқанда, дрозофиланың, жүгері және қызан өсімдіктерінің, тышқанның, пішен таяқшасының, т.б. генетикалық карталары жасалған. Болашақта басқа да өсімдіктер мен жануарлардың және адамның генетикалық картасын жасау міндеті тұр. Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке-жеке жасалады. Хромосомалардың жұптарын тіркестік топтар деп атайды. Олардың саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болатындығы бұрын айтылған болатын. Мысалы, дрозофилада 8 хромосома болса, ол 4 тіркестік топты, жүгерідегі 20 хромосома 10 тіркестік топты құрайды.

...

Скачать:   txt (46.4 Kb)   pdf (333 Kb)   docx (25.2 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club