Кардиоваскулярлы, тыныс, ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері бойынша аралық бақылау
Автор: ernatkanat01 • Апрель 20, 2020 • Тест • 418 Слов (2 Страниц) • 718 Просмотры
«Стоматология» мектебінің 1 курс студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау
Сабақтың тақырыбы: кардиоваскулярлы, тыныс, ас қорыту және несеп-жыныс жүйелері бойынша аралық бақылау.
1 вариант
1 тапсырма. Тест сұрақтары (бір және бірнеше дұрыс жауаптармен). Әр сұрақ – 5 балл.
1. Жүректің төс-қабырғалық бетінде орналасқан жүлге:
- артқы қарыншааралық
- алдыңғы қарыншааралық
- шекаралық
- дорсалды
- жүрекшеаралық
2. Оң қарыншадан шығатын тамыр
- тәждік артерия
- қолқа
- өкпе сабауы
- ұйқы артериясы
- бұғанаасты венасы
3. Төменгі қуыс вена түзіледі:
- қақпа венасының қосылысынан
- жалпы мықын веналарының қосылысынан
- сан веналарының қосылысынан
- ішкі мойындырық веналарының қосылысынан
- шажырқай және көкбауыр веналарының қосылысынан
4. Қақпа венасының құйылыстары:
- мықын венасы
- жоғарғы шажырқай венасы
- төменгі шажырқай венасы
- бүйрекүсті веналары
- көкбауыр венасы
5. Іш қолқасының тармақтары:
- бел артериялары
- төменгі құрсақүстілік артерии
- төменгі көкет артериялары
- артқы қабырғааралық артериялар
- төменгі тікішектік артериялар
6. Мұрын қуысының аймақтары:
- тыныстық
- мұрын-көзжастық
- иіс сезу
- дәм сезу
- көру
7. Өкпенің бес сегмент болатын үлесі:
- оң өкпенің төменгі үлесі
- оң өкпенің ортаңғы үлесі
- сол өкпенің төменгі үлесі
- оң өкпенің жоғарғы үлесі
- сол өкпенің жоғарғы үлесі
8. Ірі сілекей бездері:
- ұрт бездері
- тіласты безі
- молярлық бездер
- төменгі жақсүйекасты безі
- шықшыт безі
9. Жоғарғы тістерден веналық қан ағып кетеді:
- бет венасына
- тіл венасына
- жоғарғы қалқнша венасына
- қанат тәрізді өрімге
- жоғарғы жақсүйектік венаға
10. Ортаңғы мұрын жолына ашылады:
- мойындырық тесігі
- торлы сүйектің алдыңғы ұяшықтары
- көз-жас мұрын өзегі
- дөңгелек тесік
- сына тәрізді қойнаудың тесігі
11. Контрфорс дегеніміз:
- бассүйек күмбезі аймағындағы сүйекті дөңестер
- беттік бассүйек аймағындағы сүйекті жұқа аймақтар
- күш түсетін сүйекті қалыңдаулар
- бассүйек күмбезіне берілетін шайнау қозғалысы
- төменгі жақсүйек бұдырмақтары
12. Жақ-тіласты сүйегі құрайды:
- кеуде қуысының қабырғасын
- іш қуысының қабырғасын
- жамбас қуысының қабырғасын
- ауыз қуысының қабырғасын
- мұрын қуысының қабырғасын
13. Тіл жүгеншігі орналасады:
- ауыз қуысының түбінде
- тілдің арқасында
- тілдің жиектерінде
- тілдің түбірінде
- ауыз қуысының кіреберісінде
14. Тілді алға және төмен тартатын бұлшықет:
- тіласты-тіл бұлшықеті
- иек-тіл бұлшықеті
- біз-тіл бұлшықеті
- таңдай-тіл бұлшықеті
- тілдің жоғарғы бойлық бұлшықеті
15. Сілекей бездері … туындылары:
- ауыз қуысының шырышты қабығының
- ауыз қуысының бұлшықетті қабатының
- ауыз қуысының шырышасты қабығының
- шырышты қабықтың меншікті дәнекертіндік қабатының
- шырышты қабықтың бұлшықетті қабатының
16. Өңештің бөліктері:
- жұтқыншақтық
- іштік
- көкеттік
- мойындық
- кеуделік
17. Соқыр ішек жалғасады:
- асқазанға
- жоғарылаған жиек ішекке
- көлденең жиек ішекке
- мықын ішекке
- сигма тәрізді ішекке
18.Бауырдың сол үлесінің висцералды бетінде орналасатын батыңқы:
- жүректік
- бүйректік
- дуоденалды
- өңештік
- бүйрекүсті бездік
19. Экстраперитонеалды орналасатын ағза:
- тік ішектің төменгі бөлігі
- асқазан
- соқыр ішек
- өт қапшығы
- бауыр
20. Асқазанның он екі ішекке ауысатын жерінде орналасатын анатомиялық құрылым:
- қақпақтық үңгір
- бұрыштық тілік
- қақпақтық қысқыш
- асқазан қабырғасының қысқышы
- асқазанның түбі
...