Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жұлын рефлекстері. Жүйке орталықтары, олардың физиологиялық қасиеттері. ОЖЖ-дегі тежелу

Автор:   •  Октябрь 11, 2021  •  Контрольная работа  •  441 Слов (2 Страниц)  •  954 Просмотры

Страница 1 из 2

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ

[pic 1]

НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ

МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

КАФЕДРА АНАТОМИИ С КУРСАМИ

БОӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Тақырыбы: Жұлын рефлекстері. Жүйке орталықтары, олардың физиологиялық қасиеттері. ОЖЖ-дегі тежелу. ОЖЖ-нің  рефлекстерді  үйлестіру қызметі.

№ 1 Тапсырма. Қызметтерін жазыңыз [pic 2][pic 3]

Нейрон

Нейрондар – жүйке жасушалары. Ол – жүйке жүйесі құрамындағы жеке бөлік, сол жүйенің морфоәрекеттік негізі. Нейрондар дене және өсінділерден тұрады. Нейрон денесінде протоплазма, ядро басқа жасушаларға тән органоидтар және тек нейрондарда кездесетін тигроид заттар болады. Нейронның талшықтары ұзындығына қарай: аксон(ұзын) және дендрит(қысқа) болып екіге бөлінеді. Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендриттер болады. Аксонның нейрон денесінен басталатын жері аксон төмпешігі деп аталады. Төмпешікте тигроид заттар мен миелин қабығы болмайды. Аксон төмпешігінің қозы қабілеті өте жоғары.

Нейроглия

Нейроглия – нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды айтады. Глиондар екі түрлі – астроциттер және олигодендроциттер. Бұларда аксондар болмайды және түйіспелер құрмайды. Астроциттердің өсінді талшықтары өқп болады. Олар жасуша денесінен күннің сәулесі тәрізді жан – жаққа таралады. Астроциттер көбінесеи мидың қан тамырлар бойында орналасады да, нейрондарды олармен байланыстырады. Олигодендроциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады.

№ 2 Тапсырма. Келесі түсініктердін аніқтамасын жазыңыз

Түсінік

Аніқтама

Рефлекторлық доға

Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі – рефлекс тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, оған шеткі ағзаға жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен, атап айтқанда: 1) қабылдаушы құрылым – рецептордан; 2) қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3) аралық нейрондардан тұратын орталықтан; 4) қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5) жауап беруші құрылым – эффектордан тұрады. Рефлекстік дога бүгін болған жағдайда ғана рефлекс кызметін аткарады, ягни доғанын бүтіндігі бұзылса рефлекс бiржола жоғалып кетеді. Соңғы кезде рефлекстiк доғамен қатар рефлекстік шеңбер ұғым колданылады. Рефлекстік шеңбердің доғадан бiр бөлiмi артык болады. Оның алтыншы бөлiмi эфференттік ағзадан орталык жүйке жүйесiне рефлекстік әсерленіс туралы хабар, яғни кері байланыс (афферентация) арқылы орталыққа жеткiзiледi. Кері байланыс рефлекстік доғасын бекітіп, оны шенберге айналдырады. Әрбiр рефлекстің сезу өрісі болады.

Белгiлi бiр рефлекс қабылдағышы орналаскан аймакты рецептивтік өріс деп атайды.

Морфологиялық жене физиологиялық ерекшелiктерiне қарай рефлекс бiрнеше топка бөлiнедi:

1. Қабылдағыштардың орналасуына карай экстероцептивтiк (сыртқы), интероцептивтiк (interior ішкі), проприоцептивтік (proprius - өзiндiк) рефлекстер болып ажыратылады. Экстерорецепторлар дене сыртында: теріде, ауыз, көздiн кiлегей қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендiрушi әсерлердi кабылдайды.

...

Скачать:   txt (6.7 Kb)   pdf (1.6 Mb)   docx (1.7 Mb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club