Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жүкті және ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі

Автор:   •  Февраль 27, 2022  •  Реферат  •  1,242 Слов (5 Страниц)  •  1,435 Просмотры

Страница 1 из 5

№ 7  СӨОЖ

  1. Тақырыбы: Жүкті және ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделі. ЮНИСЕФ модульдері: Модуль 12 «Басқаша дамитын балалар»

2. Мақсаты: - Дамуында ауытқулары бар балалар мен олардың отбасын қабылдауды және оларға қатысты өз сезімін ұғынады және ерте жастағы мүмкіндігі шектеулі немесе дамуында ауытқулары бар балаларға қатысты алдын алу, ерте анықтау мен араласудағы өзінің үлесін бағалайды.

 Дамуында ауытқулары бар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасында кездесетін проблемаларды біріздендіреді, осы топ отбасылары мен балаларға қажетті қолдау көрсету дағдыларын көрсетеді.

3.   Тақырып бойынша фронтальды сұрақтарға жауап беру, тестік бақылау, ситуациялық есепті шешу

4. Үлестірілетін материалдар: 

 ӨЗГЕШЕ ДАМИТЫН БАЛАЛАР

  •       Жалпы, шамамен әрбір алтыншы бала дамып-жетілуінде қандай да бір ауытқуға тап болады.
  •      Мұндай жағдайлардағы сіздің рөліңіз аса маңызды мәнге ие болуы мүмкін! Сізге барлық балалардың, соның ішінде, қатер тобындағы және мүмкіндіктері шектеулі балалардың бақытты және аман-сау болуы қолғабыс ету қажет. Сіз отбасыларға баланың дамуындағы қауіп-қатер факторларын және қажеттіліктерін анықтауға көмектесе аласыз, сонымен бірге, осыған байланысты мәселелерді шешуде қолдау көрсете аласыз. Баланың даму барысын бақылаңыз және баланың дамуында бөгеліс туындау қаупі бар-жоғына қатысты мейлінше ақылға салып безбенделген шешім қабылаңыз; баланы тексеру үшін отбасыны тиісті қызметтерге жіберіңіз; отбасыға араласу шараларын қолдану мамандарымен жұмыс жасауында қолдау көрсетіңіз және балаларына, олардың даму жолындағы жетістіктеріне қуануға көмектесіңіз.  

Шын мәнінде, мүмкінідктері шектеулі/дамуында бөгеліс бар балалар қоғамның өміріне толық және тең құқылы араласа отырып, өз отбасында және қоғамда өсуге және өркендеуіне қажетті барлық қызметтерді алуға толығымен құқылы.

  • Адамдардың тыныс-тіршілігінде мықты қасиеттері және кемшіліктері болады. Қоғам өміріне атсалысу үшін дамудағы бұзылыстарды немесе ауытқуларды жеңуі тиіс адам . Кейбір қоғам мүшелеріне қоғам өміріне толыққанды араласуды қиындататын немесе мүмкін емес ететін кедергілерді жою – қоғамның міндеті.   
  • Халықаралық тыныс-тіршілік, мүгедектік және денсаулық жіктеуіші (ICF) «денсаулық» және «мүгедектік» ұғымдарын жаңа қырынан көрсетеді. Аталыш жіктеуіште кез-келген адамның денсаулығы нашарлап кетіп, соның салдарынан белгілі бір мүмкіндіктері шектелетіні мойындалады. Бұл тек аз ғана адамдар тобымен болатын құбылыс емес. Осылайша, ICF шектеулі мүмкіндіктерді адамның өмірлік тәжірибесінің бір бөлігі деп санайды.
  • Ертеректе айтқанымыздай, осындай отбасылар сіздің ерекше қолдауыңызға және тілектестігіңізге мұқтаж. Үйіне барып қарап кеткен сайын, сіз олардың есігін жауып, сыртқа шығып кетесіз. Ал олар, екінші жағынан, өздерін күткеннен мүлдем өзгеше өмір сүре алады. Сіз оларға бұрынғыдан берік болуға және жағдайын әлдеқайда жақсартуға көмектесе аласыз.

Ата-ананың/ата-аналардың сезімдері – қайғыру, кінәлау және сөгу.  

Бала қандай да бір генетикалық ауытқушылықпен немесе мерзімінен әлдеқайда ерте туылса, ата-анасы және отбасы мүшелері қатты қайғыруы мүмкін. Көп күттірген, дені сау баланың дүниеге келуіне орай оқиға қуанышты болған жоқ. Оған қоса, нәрестеге немесе кішкентай сәбиге кең ауқымды медициналық көмек және дербес бақылау, сондай-ақ, отбасының көп күш-қайраты мен қаржы қорлары қажет болуы мүмкін. Өзін-өзі сөгу немесе жұбайын оқиғаға себепші ретінде кінәлау, депрессия және үміттен айырылу ата-ананың және отбасының баланың мәселелерін шешу қажеттілігіне байланысты қиындықтармен күресу және балаға бауыр басу қабілетін өте қиындатуы мүмкін. Кейбір отбасылар бар күш-қайратын осындай балаға жұмсау арқылы осы мәселені шешеді; олар кейде отбасындағы басқа балалар немесе ата-ананың біреуінің есебінен баланы дамып-жетілу жетістіктеріне итермелеуі немесе тіпті тездетуі мүмкін.

Сіз не істей аласыз:

  • Отбасыларда осы жағдайды реттеудің көп тұрлі әдіс-тәсілдері бар.  
  • Түсініңіз, ата-аналар дүниеге келе алмай кеткен «дені сау баласынан» айырылып қалғанына қайғыруы мүмкін және оларға өз-өздеріне келу үшін уақыт қажет болуы мүмкін.
  • Оларды тыңдауға дайын болыңыз, отбасының сезімдерін түсінетініңізді, өз қолдауыңызды көрсетіңіз.
  • Отбасына басқа ресурстарға, соның ішінде, өзге отбасыларына және ата-аналарға арналған қолдау топтарына есік ашыңыз.
  • Отбасына баланың мықты қасиеттеріе және әлеуетіне зер салуға көмектесіңіз және өзара әрекеттесуден, ойындардан ләззат алыңыз, отбасына баласының табысына және жетістіктеріне қуануға көмектесіңіз.
  • Шынайы ақпарат беріңіз.
  • Отбасыны түрлі қызметтермен байланыстырыңыз, қажет болса, отбасына «есіктерді ашуға» көмектесіңіз.
  • Барлық отбасы мүшелерімен өзара әрекеттестігіңізде жақсы үлгі болыңыз.
  • Отбасылар мұқтаж қызметтерді насихаттаңыз.

Бауырларының сезімдері  

Отбасының өмірі көбінесе мүмкіндіктері шектеулі немесе дамуында ауытқушылықтары бар баланың қажеттіліктері айналасында өрбиді. Дамуында ауытқулары бар баланың бауырлары көбінесе келесі қиындықтарға тап болады

  • Ата-анасымен шектеулі уақыт өткізу, ата-анасының тарапынан азырақ көңіл бөлінуі.
  • Бауырына күнделікті күтім көрсетуге қатысу қажеттілігі.
  • Кінәлі сезіну (өзінде мүгедектік жоқтығына өзін кінәлі сезіну, көп көңіл бөлінетін бауырына ашуланатыны үшін өзін кінәлі сезіну, оның орнын жақсы мінез-құлқымен толтыру…).
  • Достарына үйге шақыруға қатысты алаңдау.
  • Үйдегі стресс тудыратын жағдайлар.
  • Үйде және ел алдында отбасы болып істейтін істерге шектеу қойылуы.
  • Ел алдында кембағал бауыры үшін қымсыну сезімі.
  • Бауыры үшін өздерін мазақтайтыны.
  • Бауырын қорғау қажеттілігі сезімі.
  • Болашақ және өзінің ұзақмерзімді міндеттеріне қатысты алаңдау.

Сіз не істей аласыз

  • Отбасына бару және онымен жұмыс жасау кезінде олардың аман-саулығын және қажеттіліктерін ескеріңіз.
  • Отбасында даумында бөгеліс бар бауырымен тұратын басқа балаларда тууы мүмкін кейбір жалпы мәселелер туралы ата-аналарға айтып беріңіз.
  • Бауырлардың сезімдері тұрақты емес, уақыт өткен сайын және әр бала жетілген сайын өзгеріп отыратынын түсіндіріңіз.
  • Бауырлармен ұнамды және адал қарым-қатынастың үлгісі болыңыз.
  • Үйге барып қарау кезінде баланың бауырларын шақырыңыз және пікірін тыңдаңыз.
  • Баланың бауырларын отбасына арналған істерге қатыстырыңыз, бірақ, олар қатыспауға да құқылы екенін де мойындаңыз.
  • Баланың ересек бауырларын Ғаламтордардағы ресурстармен таныстырыңыз.

Баланы тексеру және диагностика жасау  

Медициналық жағдайлардың мыңдаған түрлері бар, олардың көпшілігі – өте сирек. Бұл кейбір балаларға диагноз ешқашан қойылмайды немесе түрлі мамандарға ұзақ уақыт бойы барғаннан кейін қойылады дегенді білдіреді. Ерте араласуды диагноз қойылғанға дейін бастау керек, балалы отбасылар баланың дамуына қандай да бір қауіп-қатер төніп тұрғаны анықталған соң, бірден қолдауға мұқтаж болады. Отбасылар түпкілікті диагноз қойылу мүмкіндігіне әртүрлі қарауы мүмкін. Бір отбасылар себебін табу үшін уақыт, күш пен қаржы жұмсайды, ал басқаралары баланың тікелей мәселелерін шешуге бар күшін салғанды қалайды.

Сіз не істей аласыз  

  • Ресми тексеріске жіберіп, диагнозды білгісі келетін отбасыларға көмектесе аласыз.
  • Отбасыларға диагноз баланың қалай дамитынын болжауға негіз болмауы мүмкін екенін түсінуге көмектесіңіз, себебі, даму үдерісі медициналық жағдайға, отбасына, сонымен қатар, қоршаған ортадан алынатын қолдауға байланысты болуы мүмкін.
  • Балаларды жіберуге болатын орындарды, сонымен қатар, тексерумен және ерте араласумен айналысатын ұйымдарды және мамандарды білуіңіз керек.
  • Отбасына пайдалы болуы мүмкін өзге ақпарат көздерін білуіңіз керек.  
  • Есіңізде болсын, отбасы жалған уәде беретін және үміт ұялататын тұлғалаға ұрынып қалуы мүмкін.
  • Отбасын тілектестік таныта отырып тыңдауға жеткілікті уақыт пен орын бөліңіз.

Отбасының оқшаулануы және жалғыздығы  

Отбасы өзін баланың мәселесіне және оны күнделікті шешу қажеттілігімен байланысты қиындықтарға толығымен арнайы мүмкін. Отбасылар көбінесе дәл сондай мәселеге тап болған басқа отбасылармен байланысуды жөн көреді және олар отбасының басына қандай күн туғанын жақсырақ түсінетінін және жақсы демеу мен қолдау көзі екенін анықтайды. Ең алғашқы сатыларда ата-аналар басқалармен байланыс орнатуға дайын болмауы ықтимал. Егер олар бір рет бас тартса, кейін мұндай мүмкіндікті тағы бір рет қарастырмайда деп санамаңыз.

Сіз не істей аласыз  

  • Ауданыңыздағы (және еліңіздегі) отбасына қолдау көрсету топтарын және қауымдастықтарын білуіңіз керек.
  • Әріптестеріңізбен ұқсас жағдайда қалған өзге отбасылармен байланыс орнатқысы келетін отбасылар туралы ақпаратпен бөлісіңіз.
  • Кейбір шектеулі мүмкіндіктердің түрлерімен байланысты мәселелерде шешуде вебсайттар арқылы қолдау көрсететін және байланыс орнатуға қызығушылық білдірген отбасыларға көмектесетін ата-аналарды және отбасыларды қолдау топтары туралы білуіңіз керек.
  • Отбасыларға қолдау топтарын құруда көмектесуіңіз керек.

...

Скачать:   txt (18.2 Kb)   pdf (108.2 Kb)   docx (20.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club