Жалпы, дистрофия дегеніміз не?
Автор: akylbekova_inkar • Июнь 6, 2021 • Доклад • 1,300 Слов (6 Страниц) • 1,308 Просмотры
Эссе
Жалпы, дистрофия дегеніміз не? Иә, ұлпалар мен торшаларда зат алмасу бұзылуының нәтижесінде туындайтын патологиялық үдеріс екенін білеміз. Былай қарап отырсаң жай ғана зат алмасу, екі ғана процесстен тұрады, бірақ... қанша ауруларға әкеп соғады. Себебі, дистрофияның бірнеше түрі бар оның өзі жіктеледі, олардан туындайтын қаншама патология бар. Дистрофияны зат алмасу түріне, мүшенің паренхимасы мен стромасының зақымдану дәрежесіне жіктеледі. Соның ішінде аралас протеиндік дистро -фия, иа аты айтып тұрғандай белок алмасуы бұзылуының мүшенің парен -химасында да, стромасында да жүруі. Өте қызықты тақырыптардың бірі, өзіме қатты ұнаған дистрофияның түрі. Басқа дистрофиялар сияқты бұлда жіктеледі: хромопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер деп қарастырамыз. Иә, бұны естігенде есімізге бірден пигмент келеді емес пе?! Пигмент десе, мектеп қабырғаларынан белгілі, өзімізге таныс меланинді ең бірінші есімізге түсіреміз. Иә – иә, бұл жерде де меланин жайлы айтатын боламын.
Пигменттену – тірі ағза мүшелері мен ұлпаларында қандай да бір бояғыш заттың шөгуі. Олай болса біздер пигментті эндогенді және экзогенді деп қарастырайық. Эндогенді пигментті – деп ағзада синтезделетін әр түрлі химиялық табиғи заттарды айтамыз. Патологиялық жағдайы – эндогенді пигменттер ағзада мөлшерден тыс түзілуімен немесе жеткіліксіз болуымен сипатталады.
Эндогенді пигменттер жүре пайда болады және тұқым қуалайды. Эндо -генді пигменттерді хромопротеидтер деп атаймыз. Яғни, бұл күрделі боял- ған белок, солардың бұзылуы. Атап айтсақ, организмдегі тыныс алу процесін іс жүзіне асыратын эритроциттер құрамындағы гемоглобин, шаш- та, теріде, сондай-ақ көздің тор қабығында болатын меланин пигмент -терін жатқызсақ болады. Енді, бұл хропротеидтердің өзі гемоглобиндік, протеиногендік, липидогендік деп бөліп, жекелей қарастырсақ болады. Менің тақырыбым негізі протеин текті пигмент алмасуының бұзылыстары, бірақ сіздерде кішкенеде болсын басқада пигмент бұзылыстары туралы түсінік қалыптастыру мақсатында шағын ғана тоқтала кетсем.
Гемоглобин не екенін білеміз , иә, күнделікті тыныстаған оттегімізді алып, қаншама торшаларға тасымалдауда. Эритроцит құрамындағы негізгі зат – гемоглобин 2 бөліктен гем және глобин. Гема пигменттік зат немесе темір деп қарастырамыз, глобин ол белок. Эритроциттердің физиоло -гиялық ыдырауы нәтижесінде гемоглобин бөлініп одан гемосидерин, ферритин, билирубин пигменттеріне айналады. Біз бұрын соңды естимеген пигмент атаулары, иә ?! Тек арасынан билирубинді білеміз, о бұның өзі жақсы. Бұл аталған пигменттер қалыпты жағдайда болады, яғни физио - логиялық , ал патологиялық түрінда қарастырып өтейік. Осы пигменттер көбейсе, жаңа пигменттер түзіледі. Олардың қатарына: порфирин, гематин, гематоидин пигменттерін жатқызамыз. Ендеше физиологиялық жағдай- дады пигменттерді қарастырып өтейік.
Ферритин – аты айтып тұрғандай темір қоры. Бұл темір мен ерекше нәруыз апоферритин қосындысынан тұратын пигмент. Ол ішек пен ұйқы безінде қорек құрамындағы темірден, көкбауырда, сүйек кемігінде эритро- циттер ыдыраған кезде пайда болады да гемосидерин мен цитохромның түзілуіне қатысады. Осы ферритин қанда көбейіп кетсе, ферритинемия пайда болуып, ол қан тамырларын кеңейтіп, қан қысымының төмендеп кетуіне әкеліп, қайтымсыз шок пайда болуы мүмкін.
Гемосидерин – бұл ферритиннің полимері болып табылады. Гемосидерин түзуші жасушаларды – сидеробластар деп атайды екенбіз. Қалыпты жағдай- да көкбауырда, бауырда, жілік кемігінде, лимфа бездерінен кездестіруге болады екен. Ал, патологиялық жағдайда өте көп мөлшерде ағзада түзіліп, жинақталып қалады екен, мұны біздер гемосидероз деп атай- мыз. Біздер қай кезде пигмент алмасуы бұзылды дейміз? Пигмент қалыпты жағдайдан көбейіп кетсе, қалыпты жағдайдан төмендеп кетсе және пигмент жоқ жерде пайда болса деп қарастырамыз. Гемосидероздың жергілікті және жалпы түрлері бар .
...