Денсаулық
Автор: Arman Toktarov • Октябрь 3, 2020 • Реферат • 372 Слов (2 Страниц) • 530 Просмотры
2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы 2017 жылға арналған салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу бойынша халықтың денінің саулығы мен өмір сүруін жасын ұзарту мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бүгінгі таңда барлық жағдай жасалған. Бүгінгі күні балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға үгіт-насихаттық жұмыстары кеңінен жүргізіліп келеді. Соның ішіндегі негізгі бағыттары «Темекі шегуді тоқтату», «Маскүнемдікпен араққа қарсы күрес (алкоголизм)» және «Нашақорлыққа, Наркобизнеске қарсы күрес» болып табылады. Бүгінде нашақорлық пен маскүнемдік қоғамдағы ең күрделі мәселенің біріне айналып отыр. Әсіресе, кейбір жастар мен жасөспiрiмдеріміздің уақытша «таңғажайып өмір» сыйлар есалаңдық жағдайдың құлы болып жүрген жайы бар. Тіркеуде тұратын науқастар саны былтырғы жылдың осы мерзіміне қарағанда төмендеп отыр. Осы жұмыстарды жандандыру және алдын алу мақсатында ҚР ДСМ –нің №808 және 814 алкоголизм, нашақорлық, токсикоман ретінде науқастарды есепке алу, бақылау, және емдеу ережесі бұйрығына сәйкес жұмыстар жүргізіліп келеді. Аудандық аурухана мамандары халықпен, мектеп оқушылармен, колледж студентерімен, ауруханаға емделуге келген адамдарға зиянды әдеттердең, ішімдік, нашақорлық, шылым-шегушіліктен сақтандыру үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Мысалы: Аудан көлемінде жасы кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықпен токсикоманияны алын-алуға бағытталған 2016-2017 жылдарға арналған аймақтық бағдарламамен нарколог маманның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары жасалып, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
...