Гендер экспрессиясының реттелуі
Автор: umida_03 • Февраль 28, 2022 • Эссе • 1,132 Слов (5 Страниц) • 256 Просмотры
Эссе
Гендер экспрессиясының реттелуі.
1. Кіріспе
Бағаналы жасушалар (стволовые клетки); (cytos trunci; лат. truncus — бағана, діңгек; грек, cytos — жасуша) — пісіп-жетілмеген немесе дифференцияланбаған жасушалар және ол өзін-өзі жаңартуға және дамытуға қабілетті. Ғылымға ең алғаш рет «бағаналы жасуша» терминін 1908 жылы Санкт-Петербургтегі әскери-медициналық академиясының профессоры, гистолог Александр Максимов енгізген болатын. Олар организм жасушаларының барлық типіне жіктелуге қабілетті, яғни барлық жасуша түріне айнала алады
2. Өзектілігі
Бағаналық жасушалар дөңгелек пішінді, ядросы мембранамен қапталған, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте жоғары, хроматиндері диффузды орналасқан жасушалар. Бұл жасушалар бірнеше түрге жіктеледі. Олар: эмбриональды, фетальды, ересек ағзаның бағаналық жасушалары. Эмбриональды бағаналық жасушалар шексіз бөліне алатын қабілеті бар, бластоцистаның ішкі жасушалық массасынан тұратын түрі. Оған плюрипотенттілік тән болып келеді. Плюропотенттілік – жасушаның денедегі жасушалардың барлық типіне бастама беру мүмкіндігі. Адам нәрестеге айналар кезде эмбрион үшін жаңа жасушаларды береді. Эмбриональды бағаналық жасушалар ұрықтанғаннан кейін зиготаның одан әрі дамып эмбрионның 3 қабатының түзілуіне қатысады. Фетальды бағаналық жасушалар негізгі көзі-жүктіліктің 9-12 аптасындағы аборт жасалған ұрықтан алынатын арнайы жасуша типі болып табылады.Ол ұрықтың дамуында дененің түрлі мүшесіне айналып кетуі мүмкін.Фетальды бағаналық жасушаларын зерттеу нейрон, гемопоэтинді, ұйқы безінің негізін салушы бағаналық жасушалар және гермальді жасушалармен шектеледі. Тексерілмеген материалды қолдану науқастың көптеген асқынуларына әкеледі. Ересек бағаналық жасушалар -дифференцияланбаған жасушалар. Олар ағзаның бүкіл өмірінде денеде жаңарып отырады немесе өздері тұрған тіндер типіне маманданады.Ересектердің бағаналық жасушаларының көздері-сүйек кемігі,қан,көз,бас миы,қаңқа бұлшықеттері,тіс тіні,бауыр,тері,асқазан-ішек жолы қабырғасының ішкі қабаты және ұйқы безі болып табылады.Соның ішінде сүйек кемігінде максимальды концентрацияда болады. Сүйек кемігінде бағаналық жасушалардың 2 түрін ажыратады: Гемопоэтинді-одан қанның барлық жасушалары түзіледі. Мезенхимальды-барлық мүшелер мен тіндер жаңарады. Гемопоэтикалық бағаналы жасушалар кіндік қанынан алынады. Жаңа туған баланың сүйек кемігінде 10000 қан жасайтын бағаналы жасушаға бір стромалық жасуша сай келеді.Жас өспірім балада ендеше 10 есеге азаяды, яғни жасушалар қатынасы 1: 100 000 болады. 50 жасқа келген адамда жарты миллион бағаналы жасушаға бір ғана стромалық жасуша келеді, ал 70 жаста оның саны миллионға біреу ғана болады.Сондықтан да сүйек кемігіне жасушаларды алу жас кезде ғана жүргізіледі. Гемопоэтикалық бағаналы жасушалар мультипотенттілікке ие. Мультипотенттілік – бұл жасушаның əртүрлі типті жасушаға бастама беру мүмкіндігі. Яғни олар кез-келген жасушаға емес, дененің кейбір жасушаларына ауыса алады, мысалы: қан немесе «гемопоэтті» бағаналы жасушалар қандағы жасушалардың әртүрлі түрлерін ғана алмастыра алады. Тері немесе «эпителий» бағаналы жасушалар біздің теріміз бен шашымызды құрайтын әр түрлі жасушаларды қамтамасыз етеді.
Медицинадағы соңғы таңғажайып жаңалықтың бірі «iPS – жасушалары» болды. Бұл жасушаларды зертханада тері немесе қан жасушалары секілді қалыпты жетілген жасушаларды алып, оларды қайта бағдарламалап, бағаналы жасушаларға айналдыру арқылы жасалады.Бұл жаңалықты ашқан жапондық ғалым Синъя Яманака болды.Ол жетілген жасушаны бағаналық жасушаға бағдарлауға болатынын дәлелдеді. Синъя Яманака жасушалық геномға бірнеше генді ғана енгізе отырып, арнайы бағытқа бағындырылған жасушаларды ағзаның барлық жасушалар типінде даму қабілеті бар плюрипотентті бағаналы жасушаларға бағдарлай алды. Түсінікті етіп айтатын болсақ «кәрі жасушаларды» қайта жас жасушаларға айналдырды. Яманака жасушаны қайта «жасартатын» 4 генді анықтады. Кейіннен ол 4 генді тек 2-імен алмастыруға болатынын көрсетті. Адамның жасушаларын кері «бағаналық» жағдайға басқаша бағдарлаудың арқасында ғалымдар ауруды зерттеу үшін жаңа мүмкіндіктер алады және алдын-алу мен емдеудің жаңа әдістерін әзірлейді. Соңғы жылдарда жасалған зерттеу iPS-жасушалардан барлық типтегі жасушаларды жасауға болатынын көрсетті. Бұл зерттеудің нәтижесі әлем ғалымдары қолданысқа енгізіп те үлгерген және медицинаның көптеген саласының ілгері дамуын тездетті. Синъя Яманака осы жаңалығы үшін Нобель сыйлығын иеленді.
...