Балалардағы жүрек ырғағының бұзылуының клинико - электрокардиографиялық диагностикасы
Автор: GRS-SOFT • Октябрь 12, 2021 • Реферат • 700 Слов (3 Страниц) • 489 Просмотры
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Балалардағы жүрек ырғағының бұзылуының клинико - электрокардиографиялық диагностикасы.
Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
- Әр түрлі жастағы балаларда жүрек ырғағының бұзылуы (синусты тахикардия, синусты радикардия қарыншалық экстрасистолалар).
- Клиникалық электро кардиографиялық диагностика.
- Аритмияның клиникалық жедел жәрдемді керек ететін ырғақпен өткізгіштіктің түрлері.
- Қауіп-қатер тудыратын факторлар.
- Медициналық көмек көрсету тактикасы.
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Жүректің автоматизмінің, қозғыштығының, өткізгіштігінің және жиырылу қабілетінің бұзылуының нәтижесінде туындайтын қалыпты физиологиялық жиырылу реттіліктерінің өзгеруін жүрек ырғағының бұзылысы деп айтамыз.
Мұндай бұзылыстар потологиялық жағдайлардың жүректің және сонымен бірге байланысты жүйе ауруларының жеке өзіндік клиникалық маңызы бар және кейбір жағдайда шұғыл шара қолдануды керек ететін симптом болып табылады.
Жүрек ырғағының бұзылуы – яғни жүректің автоматизмінің, қозғыштығының, өткізгіштігінің және жиырылу қабілетінің бұзылуының нәтижесінде туындайтан физиологиялық жиырылу реттіліктерінің өзгеруін айтатын боламыз. Мұндай бұзылыстар потологиялық жағдайлардың, жүректің және сонымен бірге жүйе ауруларының жеке өзіндік клиникалық маңыздылығы бар және кейбір жағдайда шұғыл шараларды қолдануды қажет ететін симптом болып саналады.
Потогенезы.
Жүрекшелік – қарыншалық түйіннің аймағындағы қозудың таралуы күші бірдестен төмендейді, соның нәтижесінде жүрекшенің систолалық фазасы тез аяқталады, қозу миокардқа тарай бастайды, ол жиырылғанша жүрекшенің систолалық фазасы ерте аяқталады. Жүрекшелік – қарыншалық түйіннен Гис шоғырына серпіндер тезірек тарайды, ал Пуркинье талшықтарының бойымен 3-4 м/с жылдамдықпен тарайтын болады. Жүрек жұмысы бұзылуының 4 түрі бар. Жүрек ырғағын басқаратын синустық түйіндер болады. Осы жерден импульстер пайда болады, ол жүрекшенің төменгі қуысына тарай бастайды, атриовентикулярлық түйініне барады, Гис шоғыры арқылы Пуркинье талшықтарына дейін жетеді.
Жедел жәрдемді қажет ететін ырғақпен өткізгіштіктің түрлері:
- Жүректің пароксизмдік суправентрикулярлы тахикардиясы;
- Жүрекшелердің 1:1, 2:1 қатынасындағы пароксизмдік жыпылықтауы;
- Жүрекшенің қарыншалық тахикардиясы;
- Миокард инфарктының жіті кезеңіндегі жұптасқан қарыншалық экстра систолиясы;
- Морган – Адамс – Стокс ұстамасының дамуымен жұретін брадиаритмия;
- Толық АВ – блокадасы.
Қауіп- қатер факторлары.
Ырғақ бұзылуының нозологиялық формасы емес, патологиялық жағдайдың симптомы болып табылады.
Ырғақ бұзылысының тікелей жүрек зақымдануындағы ең маңызды маркері болып табылады:
- Жүрек бұлшықеттерінің атеросклироз кезінде туындаған өзгерістерінің;
- Миокардиттердің;
- Кардиомиопатиялардың;
- Миокардиодистрофияладың (алкогольдық, диабеттік, тиреотоксикоздық);
- Жүрек ақаулырының;
- Жүректің жарақаттарының.
Жүректің зақымдалуына байланыссыз дамитын аритмияладың себептері:
- АІЖ патологиялық өзгерістері (асқазан мен ұлтабардың ойықжара аурулары, диафрагма жарығы);
- Бронхылық – өкпелік аппараттың созылмалы аурулары;
- ОНЖ бұзылыстары;
- Интоксикацияның түрлері (алкоголь, кофеин дәрілер);
- Электролиттер балансының бұзылыстары
Диагностика критерилері
Қолайсыз белгілер көптеген аритмияларды емдеу кезінде науқастарда қолайсыз белгілер мен симптомдар бар екендігі анықталады. Аритмиясы бар науқастардың жағдайлыр құбылмалы екенін келесі симптомдар арқылы анықтай аламыз:
...