Аденогипофиз гормондарының физиологиялық
Автор: bekzhanakhmet9 • Апрель 8, 2026 • Лекция • 1,612 Слов (7 Страниц) • 14 Просмотры
- Аденогипофиз гормондарының физиологиялық
Гипофиз
Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, салмағы
0,5-0,6 г, алдыңғы, ортанғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы -
аденогипофиз, ортаңғысы - меланогипофиз, артқы бөлігІ - нейрогипофиз
деп аталады. Құрылысы және қызметі жағынан бұлар әртүрлі, сондық-
тан олардың әрқайсысын бөлек без деуге де болар еді.
Адам және жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы бар
екенін білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды
(экстирпация). Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас
бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның
бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май,
көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без, бүйрекүстІ бездер кішірей-
еді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде тәуліктік диурез күшейіп,
шыжыңдық белгілері пайда болады (полиурия). Сырттан тиетін зиян-
ды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы айтылғандарың бәрі гипо-
физдің гормон шығару қызметінің нашарлауының (гипосөлініс) сал-
дары. Ал гипофиздің қызметі күшейсе (гиперсөлініс) мұндай өзгеріс-
тердің сипаты қарама-қарсы.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі - аденогипофиз үш түрлі, атап айтқан-
да, ацидофилдік, базофилдІк және хромофилік жасушалардан тұрады.
Соңғылары - бас жасушалар осы бас жасушалардан дамиды. Бастап-
қы аталған екеуі бүйрек үстіндегі бездердің қызметін күшейтіп, құры-
лымдық сипатын жақсартады. Гипофизде соматотроптық СТГ (сома-
тотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), адренокортикотроптық
АКТГ (адренокортикотропин), гонадотроптық ГТГ (гонадотропин),
фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ (лютропин), пролактин бағыт-
таушы гормондары түзіледі.
Гормондардың физиологиялық әсері. Соматотропин жәй белок
ацидофилдік жасушаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, бар-
лық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға әсер
етеді, әсіресе белок түзілуін, айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшей-
теді, амин қышқылдарының қаннан жасушаларға өтуін, сіңуін тезде-
теді, сөйтіп жасушалар мен тіндердің өсіп дамуың қамтамасыз етеді.
Гормон сондай-ақ, азот тепе-теңдігін өзгертіп, денеде азот көбейедІ,
кальций, фосфат, натрий тұздарының сақталуына себепкер, бүйрек
тінінің өсіп дамуын, қатаюын тездетеді. Коллагендер түзілуін де (кол-
лагенезді) үдетуі мүмкін.
Соматотропин гликогеннің ыдырауын (гликогенолиз), глюконео-
генез үрдістерін тездетеді. Сондықтан СТГ шектен тыс көп шығатын
болса қанда глюкоза, қант деңгейі жоғарылайды (гипергликемия). Бұл
көбінесе гипофиздік диабет ауруына тән. СТГ липоидтар мен май
ыдырауын әсіресе бауырда бета-тотығуын күшейтеді, қанда кетоде-
нелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді,
сөйтіп сан еттерінің тонусын, күшін өсіреді. Осы айтылған әсерлерді
жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана емес, басқа бездердің гормонда-
ры да, әсіресе глюкокортикоидтар тироксин және инсулин жеткілікті
болуға тиіс. СТГ әдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады, ол тіпті 1 метрден аспауы мүмкін. Мұндай адамды гипо-
физдік ергежейлі дейді. Ергежейлінің дене бітімі дүрыс қалыптасқан:
бастың көлемі, аяқ-қолдың, кеуде-көкіректің ұзындық өлшемдері бір-
біріне сәйкес болады, жыныс мүшелері өспейдІ, жыныс белгілері ай-
қын емес, жетілмеген. Мұндай адам індет ауруларға төтеп бере ал-
майды, көбінесе оның ғұмыры қысқа болады.
СТГ шектен тыс көп болса, адамның бойы тез өсіп 240-250 см-ге,
ал салмағы 150 кг-ға дейін жетуі мүмкін. Оны гипофизарлық алып
(гигант) дейді.
Өсуі тоқтаған ересек адамда СТГ гиперсөлініссы акромегалия дер-
тіне әкеліп соғады. Адам денесінің өсіңкі, шығыңқы жерлері (иегі,
мұрны, ерні, жағы, маңдай төмпешіктері, бармақтары) өседі, гипо-
физбен қызметтес бездердің жұмысы өзгереді. Мәселен, жыныс без-
дерІнің қызметі нашарлап, ұйқы безІнің инсулин бөліп шығару қабі-
леті төмендеуі мүмкін. СТГ үзілместен өмір бойы шығарылады. Бұл
үрдісті гипоталамус реттеп отырады.
Пролактин, лактоген гормоны ацидофилдік жасушаларда түзіледі,
емшекте сүт түзілуін, оның сыртқа шығарылуын үдетеді. Пролакгиннің
қызметі күшейсе, эстроген мен прогестерон гормондар әсері керісін-
ше тежеледі. Босанған әйелде прогестерон әдеттегіден аз, ал пролак-
тин керісінше көбірек бөлінеді, емшектен сүт көп шығады, сүт сапа-
сы, майлылығы, дәмі артады.
Базофилдік жасушаларда АКТГ, ТТГ, ФСГ және лютропин түзіледі.
Адренокортикотропин - бүйрекүстІ бездің өнімі. Ол аталған бездің
қыртыс қабатындағы жасушаларын өсіріп, кортикостероид гормон-
дардың әсіресе глюкокортикоидтардың түзіліп, сыртқа шығуын үде-
теді. Глюкокортикоидтар адамның ашу-ренІшін, қайғы-мұңын басып,
көңіл күйін жақсартады. Ем қонбаған ауруларға кортизон, гидрокор-
тизон гормондарын беріп, олардың сырқатына деген төзімділігІн
күшейтуге болады.
Тиротропин қалқанша тінін ұлғайтып, оның сөліністік қабілетін
күшейтеді. Тиротропин шектен тыс көп шығарылса гипофиздік ги-
пертиреозға әкеліп соғуы мүмкін.
Гонадотропин екі түрлі гормоннан тұрады: лютропин - аналық
және аталық без - тестостерон мен прогестерон гормондарының түзІліп
бөлінуін күінейтеді. Әйелде (овуляция) аналық жасушаның пісіп жет-
ілуімен безді жарып шығуын тездетеді, оның орнында пайда болған
сары дененің қызметін жақсартып, қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Фоллитропин - ана безі фолликуласын ұлғайтып, онда гормондар
түзілуін үдетеді, қанда эстрогендерді көбейтеді және сперматогенезді
тездетіп, сперматозоидтардың есуін жеделдетеді.
...