Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адам патологиясындағы цитомегаловирустың рөлі

Автор:   •  Апрель 9, 2020  •  Сочинение  •  290 Слов (2 Страниц)  •  411 Просмотры

Страница 1 из 2

«Адам патологиясындағы цитомегаловирустың рөлі»

        Цитомегаловирус - біздің заманымыздағы жасырын апат, жаңа туылған нәрестелерге жиі әсер етеді. Дені сау адамдардағы инфекция көбінесе симптомсыз болса да, вирус әлсіреген иммундық жүйесі бар адамдарда ауыр асқынулар тудырады. Өкінішке орай, қазіргі кезде ғалымдар инфекцияны қалай емдеуді, тіпті қалай алдын-алуды ойлап тапқан жоқ.

        Бұл қандай вирус? Цитомегаловирус - көлемі 150-200 нм болатын үлкен вирус. Оның геномы 230-дан астам белокты ақпараты бар ДНҚ-дан тұрады. Бұл вирустың таралуы жоғары. Алайда, бұл көрсеткіш жасына, тұрғылықты жеріне және әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты өзгеріп отырады: дамушы елдерде және әлеуметтік жағдайы төмен топтарда инфекциямен ауыру қаупі жоғары. Көптеген сауалнамаларға сәйкес, Америка Құрама Штаттарында орта есеппен 6-дан 49 жасқа дейінгі халықтың жартысы вирусты жұқтырады екен. 75-80 жастағы американдықтардың ішінде онның тоғызы тасымалдаушы болып шыққан. Кімдерге қауіпті деген сұраққа жауап берсек, цитомегаловирусты кез-келген адам жұқтыру қаупі бар. Алайда, вирустың ауыр асқынулары негізінен иммунитеті төмен адамдарға көбірек қауіп төндіреді: мысалы, трансплантациялау операциясынан өткен, СПИД-пен ауыратындар немесе жаңа туған нәрестелер. Салмағы аз шала туылған нәрестелер әсіресе инфекцияға сезімтал, өйткені олардың иммундық жүйелері әлі толық қалыптаспаған. Вирус пациенттерден секреция арқылы берілуі мүмкін: сілекей, көз жас, несеп, нәжіс, емшек сүті, шәует және т.б. Сондай-ақ, қан құю немесе ағзаны трансплантациялау арқылы, тіпті заттармен жанасу кезінде де жұқтырып алуға болады.

...

Скачать:   txt (3.8 Kb)   pdf (63.4 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club