Шпаргалка по "Геологии"
Автор: Sss11111 • Апрель 12, 2021 • Шпаргалка • 6,918 Слов (28 Страниц) • 407 Просмотры
1. Игеруді жобалау үшін геологиялық-кәсіпшілік және техникалық-экономикалық негізді дайындау
2. Қабаттардың энергетикалық жағдайын бағалау.
3. Өндірілетін өнімнің сулануы өзгерісінің серпіні (динамикасы).
4. Мұнай қорларын өндіру сипаты мен дәрежесін бағалау;
5. Кен орындарын игеруге арналған жобалық технологиялық құжаттардың түрлері
6. Технологиялық жобалық құжаттар.
7. Кен орнын игеру құжатының негізгі бөлімдерін атаңыз.
8. Қорларды әзірлеу мен өндіруге талдау жүргізу кезінде қандай карталар қажет.
9. Жобалық технологиялық құжаттардың жалпы мазмұны
10. Жобалық технологиялық құжаттардағы жұмыс құрамы мен бастапқы ақпараттар.
11. Кен орындарын игеруге жобалық технологиялық құжаттарды құрастыру үшін техникалық тапсырма.
12. Кәсіпшілік орналастырылу схемаларын жобалау.
13. Кәсіпшілік орналастырылудың негізгі технологиялық жүйелері және олардың топтастырылуы.
14. Ұңғымаларды топтастыру жүйесі.
15. Мұнай және мұнайгазын жинау және тасымалдау жүйесі.
16. Мұнай газ жинау жүйелері нысандарые жобалаудың негізгі принциптері.
17. Мұнай мен газды ығыстыру үрдістері мен қабаттарының моделдері.
18. Қабаттағы мұнай мен газды ығыстыру үрдестерінің модельдері.
19. Игеру нұсқаларының технологиялық көрсеткіштері.
20. Кен орындарын игерудің жобалық шешімдерінің техника-экономикалық талдауы.
21. Мұнай кенішіне әсер ету технологиясы мен техникасы.
22. Игеру нұсқаларының экономикалық бағалау көрсеткіштері.
23. Күрделі салымдарды қайтарудың ішкі нормасы.
24. Салынған қаражаттың өтелу кезеңдері.
25. Күрделі салымдар мен пайдалану шығындарын бағалау.
26. Жаңа технологиялық және техникалық шешімдердің техника-экономикалық тиімділігі.
27. Игерудің ұсынылған нұсқасын іс жүзінде жүзеге асыру қалай жүргізіледі.
28. Мұнай және газ коллекторларына сипаттама беріңіз.
29. Кен орнын игеру жүйесін таңдау.
30. Қабат қысымын ұстау жүйесі және олардың тиімділігі.
Жауаптары:
1. Игеруді жобалау үшін геологиялық-кәсіпшілік және техникалық-экономикалық негізді дайындау
Геология - кәсіпшілік талдаудың басты мақсаты - мұнай кенорындарын игерудің технологиялық көрсеткіштері арқылы жүргізілетін игеру жүйесінің тиімділігін бағалау. Бірақ игерудің технологиялық көрсеткіштері мұнай кенінің геологиялық физикалық мінездемесіне тәуелді болады: мұнай қабатының мөлшері, өнімді бөлімнің құрылысының әртектілігі, ондағы мұнай қоры және мұнайдың салыстырмалы жылжуы. Осы мәліметтерге байланысты мұнай кен орнын игеруді талдау құрылады және осы жұмысты жүргізу үшін зерттеу түрлері анықталады. Талдаудың бірінші нәтижесі болып игеру обьектісінің геологиялық өндірістік мәліметтер мінездемесін толықтыру немесе жасау болып келеді. Геология - кәсіпшілік талдау барысында үлгі және кен мөлшерлері, оның құрылысы және тектоника ерекшелігін нақтылайды. Жаңа ұңғыларды бұрғылау барысында бастапқы су-мұнай, газ-мұнай шекарасының орналасуын нақтылау жүргізіледі. Өнімді қабаттың литологиялық өзгергіштігі бағаланады. Ол үшін коллекторлардың таралу картасы сызылады. Бұл картада келесі негізгі мәліметтер болуы керек: коллектор бар аймақтары, коллектор жоқ болу аймақтары, тарату аймақтары, литологиялық әрнұсқалы коллекторды және жоғарғы және төменгі өнімді қабаттарымен бөлінген коллекторлардың ағып келіп қосылу аймағы.Тап осы базалар негізінде лайықты бағдарламалық
...