Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шпаргалка по "Геологии"

Автор:   •  Октябрь 18, 2018  •  Шпаргалка  •  12,141 Слов (49 Страниц)  •  2,295 Просмотры

Страница 1 из 49

 1

Геология ғылым ретінде, оның мақсаттары мен міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы.

2

Геологияның практикалық маңызы. Даму тарихы және зерттеу әдістері.

3

Геохронологиялық кесте.

4

Минерал туралы түсінік.

5

Минералдардың жіктелуі.

6

Кристалдық зат пен аморфтық заттың айырмашылығы.

7

Қандай геологиялық үдерістерді білесіз, олардың негізгі агенттері.

8

Шөгінді жыныстардың қабаты туралы түсінік

9

Қабаттардың жатыс элементтері

10

Жерасты сулардың қандай түрлерін білесіз?

11

Тау жыныстар мен пайдалы қазбалар туралы жалпы түсінік

12

Негізгі тектоникалық болжамдарды атап шығыңыз

13

Жердің сыртқы геосфералары. Атмосфера, оның құрамы мен құрылымы

14

Жердің ішкі геосфералары. Жер қыртысы, оның құрамы мен құрылымы

15

Жердің ішкі геосфералары. Мантия, оның құрамы мен құрылымы.

16

Жердің ішкі геосфералары. Ядро, оның құрамы мен құрылымы

17

Минералдардың морфологиясы

18

Минералдардың физикалық қасиеттері. Түсі, бояулар түрлері және олардың агенттері

19

Минералдардың физикалық қасиеттері. Түссызығы, жымдастығы, жылтырлығы

20

Минералдардың физикалық қасиеттері. Қаттылығы.

21

Минералдардың қосымша физикалық қасиеттері

22

Минералдық агрегаттар, олардың сипаттамасы

23

Таужыныстардың түрлері және оларға сипаттама беру әдістері

24

Өзендердің геологиялық жұмысы

25

Эолдық үдерістер

26

Мұздықтардың геологиялық жұмысы

27

Кристалдардың негізгі қасиеттері, олардың сипаттамасы

28

Таужыныстардың жасын аныктау әдістері

29

Мұхиттар мен теңіздердің геологиялық жұмысы

30

Жердің пішіні және оның сипаттамасы (салмағы, көлемі, радиус т.б.)

31

Мұздықтар қандай бедер пішіндерді құрайды?

32

Мұздықтар түрлері және олардың сипаттамасы

33

Мору өнімдері

34

Фациялар туралы ұғым

35

Эолдық үдерістер тудыратын бедер пішіндері

36

Литосфералық тақталар теориясы (дрейф континентов)

37

Геотектониканың мобилисттік болжамы

38

Геосинклиналдар туралы түсінік

39

Геотектоникадағы пульсация болжамы

40

Геотектоникадағы контракциялық болжам

41

Өзендердің геологиялық жұмысы нәтижесіндегі түзілетін бедер пішіндері

42

Өзендердің құрылымы (бастау және т.б.)

43

Геологиялық зерттеулер әдістері (макро және зертханалық)

44

Жер сілкіну (түрлері, ошақтары, гипоцентр және т.б.)

45

Жердің тарихын зерттейтін ғылымдар

46

Желдің құрылымын зерттейтін ғылымдар

47

Жердің құрамын зерттейтін ғылымдар

48

Мору қыртысымен байланысты кен орындары

49

Метаморфизмге тән пайдалы қазбалар

50

Эффузиялық магматизмге тән пайдалы қазбалар

51

Интрузияларға тән пайдалы қазбалар

52

Интрузиялық денелердің сипаттамасы

53

Магма деген не? Оның құрамы мен қасиеттері

54

Мору қыртысы

55

Экзогендік геологиялық үдерістер, олардың түрлері мен агенттері

56

Тектоника. Ошақтары, факторлары және түрлері

57

Метаморфизм, оның факторлары мен түрлері

58

Эффузиялық магматизм. Жанартаулардың түрлерін атап шығыныз

59

Интрузиялық магматизмның түрлері, оның агенттері

60

Магматизм. Ошақтары және түрлері (жалпы сипаттама)

61

Сомтума элементтер минералдар сыныбы

62

Сульфидтер минералдар сыныбы

63

Карбонаттар минералдар сыныбы

64

Сульфаттар минералдар сыныбы

65

Галоидтер және ұсақ тобты минералдар сыныбы

66

Тотықтар және сулы тотықтар минералдар сыныбы

67

Аралды силикаттар минералдар сыныбы

68

Тізбекті силикаттар минералдар сыныбы

69

Қабатты силикаттар минералдар сыныбы

70

Қаңқалы силикаттар минералдар сыныбы

71

Магмалық тау жыныстардың сипаттамасы

72

Метаморфтық тау жыныстардың сипаттамасы

73

Терригенді шөгінді тау жыныстардың сипаттамасы

74

Хемогенді шөгінді тау жыныстардың сипаттамасы

75

Органогенді шөгінді тау жыныстардың сипаттамасы

76

Жанартаудың құрылымы және оның өнімдері

77

Интрузиялық денелердің пішіндері

78

Пликативті дислокациялар түрлері (графика және сипаттама)

79

Дизъюнктивті дислокациялар түрлері (графика және сипаттама)

80

Геологиялық карта (түрлері, стратиграфиялық баған, қима т.б.)

81

Темір рудаларына сипаттама беріңіз.

82

Марганец, хром, титан рудаларына сипаттама беріңіз

83

Мыс рудаларына сипаттама беріңіз.

84

Қорғасын, мырыш, қалайы және аллюминий рудаларына сипаттама беріңіз.

85

Асыл тастарға тән минералдарға сипаттама беріңіз

86

Каустобиолиттер дегеніміз не, олардың сипаттамасы

87

Полиморфизм және изоморфизм

88

Кристалдың симметрия элементтерінің сипаттамасы

89

Құрылымдық қабаттардың сипаттамасы

90

Геологиялық картаның құрамы

1.Геология   ғылым ретінде ,оның мақсаты мен міндеттері ,басқа ғылымдармен байланысы. Геология – ол Жердің құрылысын, құрамын, жаралу тегін, жер қойнауы  онда әрі оның үстінде болып өткен және бүгінгі таңда да орын алып отырған көптеген құбылыстарды немесе геологиялық процестерді сонымен қатар олардың жалпы тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін табиғат тану ғылымдарының күрделі салаларының бірі болып табылады.тек күрделі материалдық дене, әрі оның үлкен тарихы бар дәлірек айтқанда қазіргі жағдайы  Жермен болашағы бар. Аумағы тіктас континенттер мен мұхиттарды қамтиды. Жер шары Күн жүйесінің бір планетасы, ал аспан денесі ретінде ол ғарыштың бір бөлшегі болып табылады. “Геология” сөзі грек тілінен аударғанда Жер туралы ілім немесе Жер туралы ғылым деген мағана береді. Олай болса, Жер грекше “Гео”, ал ілім “логос”. Геология осы тұста айта кететін бір жай, бұл, геология бірқатар ғылым тарауларының жиынтығынан тұратындығы. Яғни, ол: минералогия, петрография, кристаллография, палеонтология, тарихи геология, аймақтық геология, литология, вулканология, геотектоника, геоморфология, океонология, мұнай – газ геологиясы, геохимия, геофизика, гидрогеология, қазынды байлықтар ілімі с.с. т.б. пәндерге бөлінеді.Геология салалары:  ал, геологияның негізі –  айтылған пәндерге жол кәрсететін, солардың негіздерін қалайтын – Жалпы геология пәні екенін естен шығармаған жөн. Геологияның маңызы: Геологияның өндірісті, шаруашылықты өркендетудегі маңызы орасан зор, себебі ол адамзат тұрмыс – тіршілігіне керекті минералдық шикізаттармен қамтамасыз ету саласында ен басты рөл атқарады, сонымен қатар геологияның қоғамдағы тағы да бір маңызды тұсы, ол дүние танудағы алатын орны екені даусыз. Олай дейтініміз геологияның философиялық негіздері – жаратылыстануда екендігінде. Демек, материяның алғашқы, сана сезімнің соңғы екеніне, жаратылғанның бәрінің үнемі қозғалыс, даму жолында болуына осы геологияны оқу, меңгеру барысында тағы да көз жеткізе отырып, тарихи материализм негіздерін ұғынамыз. 

2.Геологияның практикалық маңызы. Даму тарихы мен зерттеу әдістері. Геологияның зерттейтін тақырыбы — Жер планетасы мен геологиялық процестер. Жер - өте күрделі материалдық дене, оның үлкен тарихы, қазіргісі мен болашағы бар. Аспан денесі ретінде ол ғарыш бөлшегі әрі Күн жүйесінің планетасы болып табылады. Оған ғарыш заңдары мен құбылыстары да қатысты. Мәселен, олар әлемдік тартылыс күші, Күн радиациясы және басқа құбылыстар түрінде көпшілік жағдайда климатты анықтайды, тіршілікке ықпал етеді және Жердегі әртүрлі процестерге тікелей қатысты. Сонымен қатар Жерде тек қана өзіне қатысты, белгілі бір уақыт ағымында өзіне ғана тән, басқа планеталарда белгісіз құбылыстар орын алып, оның жеке дара екендігін білдіреді. Қазіргі геология Жердің құрамын, құрылысын және тарихын, жер қыртысының қалыптасу заңдылықтары мен процестерін, оны құрайтын минералдарды, таужыныстарды, пайдалы қазбаларды және олардың арақатынасын, сондай-ақ Жерде тіршіліктің пайда болуы мен даму тарихын зерттейді. Геологияның практикалық мәні өте үлкен және әр-түрлі. Экономиканың барлық саласы мен қазіргі қуатты техника жер қойнауының минералдық шикізат деп аталатын өнімдерін - мұнай, көмір, металл, түрлі құрылыс материалдары, жерасты суы, т.б. пайдалануға негізделген. Әр-түрлі минералдық шикізатты іздеу мен өндірудің қажеттілігі геологиялық зерттеулерді дамытуға ықпал жасап, геологияның алдына жаңа теориялық және практикалық мәселелер қояды, оларды жедел шешуді қажет етеді. Геологияның тікелей зерттейтін нысандары — минералдар, таужыныстар, пайдалы қазбалар, қазба органикалық қалдықтар, геологиялық процестер. Жер ішкі (жер қыртысы, мантия мен ядро) және сыртқы (атмосфера, гидросфера мен биосфера) қабықтардан тұрады, олар ұдайы өзара қарым-қатынаста болады. Олардың осы қарым-қатынасы нәтижесінде геологиялық (геодинамикалық) процестер туындайды. Геологтың практикалық жұмысы қатты қабықтың (литосфераның) жоғарғы бөлігі - жер қыртысы ауқымында өтеді. Жер қыртысы өзінен құрамы мен физикалық қасиеттері бөлек Жердің ішкі және сыртқы қабықтарымен ұдайы әрекетте. Осыған байланысты геологиялық процестер екі топқа бөлінеді: сыртқы (экзогендік) - жер қыртысының сыртқы қабықтарымен әрекеттесуінен туындайғын процестер; ішкі (эндогендік) - жер қыртысының ішкі қабықтармен (қойнауқаттармен) әректтесуіне және планетаның терең қойнауларындағы материяның дамуына байланысты процестер. Геологиялық процестер жер қыртысының құрамын, құрылысын және жер бетінің бедерін өзгертеді. Геологиялық зерттеулер негізінен жер қыртысының жоғарғы горизонттарын тікелей табиғи ашылымдарда (таужыныстардың жер бетіне шыққан жерлерінде) және жасанды ашылымдарда — кен үңгімелерінде (ор, шурф, карьер, шахта, бұрғылау ұңғымалары, т. б.) жүргізіледі. Жер шарының терең бөліктерін зерттеу үшін негізінен геофизикалық әдістер колданылады.

3.Геохронологиялық жылнама (эра, жүйе, бөлім). Қазіргі таңда Жердің даму тарихы геологиялық кезеңге дейінгі яғни планетарлық немесе ғарыштық және геологиялық даму сатысы болып екіге ажыратылады. Геологиялық кезеңге дейінгі уақыт Жердің алғашқы планета болып қалыптасуынан бастап Жер қыртыстарының құралуына дейінгі аралықты қамтиды. Оның тарихын геологиялық әдістер арқылы зерттеп – білу мүмкін емес. Жердің ғарыштық дене ретінде пайда болуы туралы ғылыми түсінік Күн жүйесіне кіретін басқа планеталардың жаратылысы жөніндегі көзқарастар негізінде қалыптасады. Бұл кезеңнің негізгі мазмұны ең алғашқы протопланеталық заттардың белгілі геосфераларға жіктеліп литосфера, атмосфера және гидроосфера қабаттарының құралуымен сипатталады. Геологиялық даму сатысы – Жер қыртысының алғашқы қалыптасуынан осы кезге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Жер қыртысының қазіргі таңдағы күрделі құрамы, бедер пішіндері өзінің даму тарихында орасан көп геологиялық процесстерге (эндогендік, экзогендік, седиментациялық, тектоникалық т.б.) ұшырағанының айғағы екені сөзсіз. Сонымен геологиялық уақытты анықтау дегеніміз Жер қыртысын құрайтын таужыныстарының жасын болмаса түзілген уақытын анықтау. Геологиялық уақытты анықтағанда салыстырмалы және абсолюттік жыл есептеу (геохронология) әдістері 

Геохронологиялық шкала (г.ш.).

Қазіргі геохронологиялық шкала 2000 жылы Бразилияда (Рио-Де-Жанейро қаласында) өткен 31 – ші халықаралық геологиялық конгрессте қабылданған. Бұған дейін 1993 жылы қабылданған г. ш. қолданылып келді. Ал бұлардың айырмашылығы, 1993 жылғы г.ш.-да акротеме деген бірліктің болуы еді. Кейін бұл бірлік алынып тасталды да, архей және протерозой эратемалары эонотемаға кµшті, осыған байланысты Жер тарихындағы эон саны 5-ке жетті. Олар мыналар: KZ – кайнозой, MZ – мезозой, PZ – палеозой, PR – проетрозой, AR – архей.

4.Минералдар туралы түсінік. Минералдар деп әр түрлі элементтердің химиялық қосындырларынан түзілген, физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы тұрақты табиғи қосындылдарды айтамыз. Ал, кейбір минералдарды қолдан да жасайды (бұл жәй көбіне асыл тастарға қатысты, мысалы: алмас, флюорит т.б.). Минералдарды зерттейтін ғылым саласын минералогия деп атайды. Қазіргі таңда минералдың жалпы сапы 3000-ға жуық. Олардың ішінде 60-қа жуығы тау жыныстарының құрамына кіреді. Оларды тау жыныстарын құраушы минералдар деп атайды. Олай болатын болса қалған минералдардың көбі шамалы ғана қоспа ретінде тау жыныстарына кіреді, оларды акцессорлық минералдар деп атайды (латынша “акцессориус” – қосымша. Минералдық агрегаттар. Жеке кристалдар табиғатта сирек кездеседі. Минералдар бірігіп әртүрлі агрегаттар түзеді: 1. Түйіршік агрегаттар - минералдардың ұсақ түйіршіктерінің біріне-бірі қосылып, бірігіп өсуі; 2. Друзалар – азды-көпті жетілген кристалдардың ортақ табанға бір шетімен қадалып, қатар өсіп жетілуімен сипатталады. Кварц кристалдары жиі друза құрайды; 3. Қоспақтар – белгілі бір заңдылықпен бірігіп, қосыла өскен, кемінде екі кристалдан құралған агрегаттар; 4. Дөңгелек формалы агрегаттар – секреция, конкреция, оолиттер. Секрециялар – тау жыныстардың дөңгелек формалы қуыстарын толтыра өскен минералдық заттардан құралады. Олар қуыстарды перифериялық шегінен ортасына қарай біртіндеп барып толтырады. Секрециялық форманың орталығы бос қуыс күйінде қалуы мүмкін (жеода). Секрецияның ұсақ түрлерін (10 мм-ге дейін) миндалиндер, ал ірі формаларын жеода деп атайды. Конкрециялар – белгілі бір кристализациялық орталықтан оның шетіне қарай өсіп минералдық заттармен толып, дөңгелек формалы болып құралады. Оолиттер – дөңгелек формалы концентрациялық құрылысы айқын байқалатын ұсақ мөлшерлі шариктер түрінде кездеседі. Олар минералдық заттардың сулы ортадан біртіндеп бөлінуі кезінде құралады. Оолиттер тарының дәні, балықтың уылдырығы тәрізді не одан да ұсағырақ келген конкрециялар; 5. Сауыстанған агрегаттар – үлкенді-кішілі үңгірлер, қуыстарда су ерітінділерінен, олардың өте баяу жылдамдықпен булануы кезінде біртіндеп кристалдануы нәтижесінде құралады. Олар әр түрлі формада (бүйрек тәрізді, мұзға айналған су тамшысындай) кездеседі. Жоғарыдан төмен қарай бағытталған минералдық түзілімдерді сталактит, ал төменнен жоғары қарай өскен төмпешіктерді сталагмит деп атайды; 6. Дендриттер минералдық заттардың жұқа жарықшақтарда кристалдануынан пайда болады. Сыртқы формасы өсімдік тәрізді болып келеді (грекше “дендрон” –ағаш); 7. Топырақ тәрізді минералдық заттар. Сазды тау жыныстарына, темірдің сулы тотықтарына тән келеді.

5.Минералдардың жіктелуі. Минералдар қазірде химиялық құрамы мен кристалдық құрылымына қарай сегіз сыныпқа жіктеледі. Минералдардың жіктелуі:

1.Сомтумалар (алтын, күміс, мыс, платина, күкірт, графит, алмас т.б.).

2.Сульфидтер – металдардың күкіртпен қосындысы. Олар көптеген металдардың басты рудалары: пирит (темір колчеданы) – FeS2 , халькопирит (мыс колчеданы) – CuFeS2, галенит (қорғасын жылтыры) – РbS, сфалерит (мырыш алдамышы) – ZnS  т.б.

3.Галоидтар – галоген – сутек қышқылдар тұзы: галит (ас тұзы) – NaCl , флюорит (плавик шпаты) – CaF2 , сильвин – KCl т.б.

4.Оксидтер мен сулы оксидтер: кварц – SiO2, ақық (опал) – SiO2 х nH2O, темір кендері – магнетит – FeO х Fe2O3, гематит (қызыл теміртас) – Fe2O3, корунд – Al2O3, лимонит – (қоңыр теміртас) Fe2O3 х n H2O  және басқалар.

5.Карбонаттар: кальцит (ізбесті шпат) – CaCO3, доломит – CaCO3 х MgCO3, малахит – CuCO3 х Cu(OH)2, азурит – 2CuCO3 х Cu(OH)2  т.б.

6.Фосфаттар: апатит –Ca5(PO4)3 х (F,Cl,OH); оның топырақ сияқты жабық кристалды түрін фосфорит деп атайды.

7.Сульфаттар: гипс – CaSO4 x 2H2O, ангидрит (сусыз деген мағыналы сөз) – CaSO4, барит (ауыр шпат) – BaSO4 т.б.

8.Силикаттар класына Жер қабығында ең көп тараған жыныс құрушы, өте күрделі құрамды, көбіне магмалық және метаморфтық жыныстар түзетін минералдар тобы жатады. Олар кварцпен бірге Жер қабығының 90 пайызынан артық салмағын береді. Силикаттардың барлығының кристалдық торының негізіне төрт валентті SiO4 тобы кіреді

6.Кристалдық дене мен аморфты дененің айырмашылығын атап шығыныз.  Минералдың басым көпшілігі кристалды денелер, тек бірең-сараңы ғана аморфты (грекше “аморфос” – пішінсіз) түрінде кездеседі. Минералдардың кристалдық құрамы оның геометриялық дұрыс көпжақты қасиетіне байланысты анықталады. Табиғи кристалдардың пішіндері әр түрлі. Мысалы, ас тұзы (галит) нағыз текше сияқты; тау хрусталы (кварц) екі ұшы пирамидамен үшкірленген алты қырлы призмалар тұзеді; магнетитті теміртас (магнетит) сегіз қырлы октаэдр пішіндес, ал гранаттар үнемі он екі жақты фигура құрайды. Кристалдардың тұрақты пішін түзуі оның ішкі құрылысына (кристалдық торына) бейімделген. Тор ішіндегі кристалдардың әрқайсысының құрамындағы атомдар, иондар, молекулалар сол минералға тән заңдылықпен орналасады. Бұған минералдың пішіні ғана емес, кейбір басқа қасиеттері де тәуелді болады. Минералдардың кристалдық құрылымы физика-химиялық және термодинамикалық жағдайлармен тығыз байланысты. Мысалы таза көміртегінен тұратын екі минералды – графит пен алмасты алайық. Ең жұмсақ минерал графит алты қырлы табақша кристалдардан тұрады; ал ең қатты минерал – алмас болса куб, октаэдр тәрізді кристалдар түзеді. Сонымен кристалдардың сыртқы пішіні минералдарды анықтауда пайдаланылады. Олай болатын болса, табиғи жолмен түзілген, көп қырлы, симметриялы келген заттар немесе денелер кристалдар деп аталады. Кристалдарды зерттейтін ғылым саласын кристаллография деп атайды. Кристаллография 3 бөлімнен тұрады: геометриялық, физикалық (кристаллофизика) және химиялық (кристаллохимия). Химиялық құрамы бірдей заттардың кристалдық торын (яғни пішінін), өзгеше кристалдар түзу қабілетін полиморфизм дейді (грекше “полиморфоз” – көп пішінді). Ішкі бөлшектері бірыңғай заңдылықпен орналасқандықтан, кристалдар анизотропты болады (грекше “анизос” – тең емес, “тропос” – бағыт). Олардың физикалық қасиеттері (жылу, электр, сәуле өткізгіштігі, қаттылығы) әр бағытта әр түрлі. Аморфты қатты заттарда керісінше, құрамындағы бөлшектер ретсіз орналасқандықтан, физикалық қасиеттері барлық бағытта біркелкі болады, яғни тең қасиетті изотропты де

7.Қандай геологиялық процестерді білесіз және олардың негізгі агенттері. Геологиялық процестер  дегеніміз Жердің ішкі қойнауында және бетінде үздіксіз жүріп жатқан, әрі Жердің ішкі құрылысына, құрамына, оның рельеф пішіндеріне тікелей әсер ететін процестер немесе әрекеттер. Алғашқы қалыптасқан Жер қыртысы µзінің тарихи даму барысында осындай әрекеттердің салдарынан, күрделі өзгерістерге ұшырап отырды. Геологиялық процестерді тудыратын энергия кµздеріне: Күн сәулесімен байланысты жылу; Жер бетіндегі гравитациялық күштер; Күн мен Айдың өзіне тарту күштері; Жердің өз осінен айналуы; радиоактивтік элементтердің ыдырауы (Жердің ішкі қойнауында), әрі басқа да химиялық реакциялар кезінде бµлінетін жылу; Жердің құрамын құрайтын заттардың гравитациялық жіктелуі т.б. жатады. Барлық геологиялық процестер энергия кµздеріне сәйкес екі топқа бµлінеді: 1. Ішкі немесе эндогендік геологиялық процестер; 2. Сыртқы болмаса экзогендік геологиялық процестер. Эндогендік процестердің салдарынан жердің терең қойнауындағы сұйық магма жоғары кµтеріліп, жер бетіне жетпей суып, кристалданып интрузивтік таужыныстарын құрайды. Кей жағдайларда магма жер бетіне тµгіліп, шала кристалданған эффузивтік таужыныстары пайда болады.  Олар кейінірек тектоникалық қозғалыстарға байланысты иіліп, қатпарланады. Ал экзогендік процесер жер бетінде және жер қыртысының жоғарғы қабаттарында атмосфера, гидросфера және биосфера қабаттарымен тығыз байланысты жағдайда жүріп жатады. Бұл процестердің нәтижесінде құрылықта кездесетін таужыныстары бұзылысқа ұшырап, үгілген затар тасқын сулардың және экзогендік агенттердің (мұзарттардың, желдің т.б.) тікелей әсерінен бастапқы орындарынан басқа ортаға тасымалданып жер бетінің тµмен иіліп майысқан ойыс аудандарында шµгіп, қабатталып жиналады. Сонымен, жер бетінің бедері, яғни бедер пішіндері эндогендік және экзогендік геологиялық процестердің барысында қалыптасады. Эндогендік әрекеттерге байланысты түзілген тау жоталары экзогендік күштердің әсерінен үгіліп, ал бұзылыс материалы белгілі бір бағытта таулы аймақтардан ойыс жерлерге кµшеді де біртіндеп тегістеледі. Аталған эдогендік және экзогендік геологиялық процестер бір жағынан бір-бірімен тығыз байланыста болады, ал екінші жағынан бұл процестер қарама-қарсы бағытта дамылсыз жүріп жатады. Эндогендік геологиялық процестер қатарына-магматизм, метаморфизм, тектоника әрекеттері жатады. Эндогендік процестер жер қойнауында жоғары температура әрі жоғары қысым әсерлерінен үздіксіз жүріп жатады. Жоғарыда айтылған эндогендік процестер µз-ара тығыз байланыста болып, бір-біріне тікелей әсер ету нәижесінде туындап отырады. Мысалы метаморфизм салдарынан (ультраметаморфизм әрекеттері) жер қыртысын құрайтын заттар қайта балқып, магмалық ошақтар құралады. Сонымен қатар тектоникалық қозғалыстар таужыстарының метаморфтық µзгерістерінің басты себебтерінің бірі болып саналады. Кей жағдайларда тектоникалық қозғалыстар жер қыртысының тұтастығын бұзып, жер қойнауының кейбір аудандарында қысым шамасының кенеттен тµмендеуіне әкеліп соғады. Соған байланысты магмалық ошақтар пайда болады

8.Шөгінді таужыныстарының  қабаттары туралы түсінік.Таужыныстары дегеніміз табиғи жағдайда әр түрлі геологиялық процестер нәтижесінде жер қойнауында немесе жер бетінде құралған минералдық агрегаттардың тұрақты ассоциасы (бірігуі).80)Таужыныстар мен пайдалы қазбалар туралы жалпы түсінік. Таужыныстары дегеніміз табиғи жағдайда әр түрлі геологиялық процестер нәтижесінде жер қойнауында немесе жер бетінде құралған минералдық агрегаттардың тұрақты ассоциасы (бірігуі). Олар жер қыртысында өзіндік формаларымен сипатталатын көлемі әр түрлі денелер түрінде кездеседі.Таужыныстарының минералдық және химиялық құрамы бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың химиялық құрамы арнаулы лабораторияларда химиялық талдау әдістері арқылы анықталады. Талдау жұмыстарының нәтижесі таужыныстарын құрайтын негізгі химиялық элементтер тотықтарының (SiO2, Al2O3, Fe2O3, FeO, MgO, CaO, Na2O, K2O) проценттік мөлшері түрінде көрсетіледі.Бір жағынан Барлық минералдар таужыныстарының құрамына қатысуына байланысты басты (көлемі 5% көп) және қосымша (қосалқы) минералдар болып бөлінеді.Таужыныстарының құрылымы (структурасы) деп оның кристалдану құрамында минералдық түйіршіктердің абсолюттік және салыстырмалы мөлшерін, олардың пішінін, ішкі құрылысының өзгешелігін айтады.Тау жыныстар құрамы, ішкі құрылысы және жер қойнауындағы жату пішіні олардың пайда болу жайын көрсетеді. Пайда болуына байланысты немесе жаралу тегіне сай барлық таужыныстары үлкен үш топқа бөлінеді: 1. Магмалық; 2. Метаморфтық; 3. Шөгінді..Магмалық таужыныстар – магманың кейінде қатып кристалдануынан пайда болады. Грекшеден “магма” – қамыр, қоймалжың деген мағана береді, ал құрамы күрделі силикаттардан тұрады. . Метаморфтық таужыныстар. Жердің терең қойнауларындағы жоғары қызу мен күшті қысым, тектоникалық қозғалыстар кезіндегі үйкелістер әрі магма құрамындағы ыстық сулар мен гидротермальді ерітінділер әсерінен өзгеріп, қайтадан жаралған жыныстар тобын метаморфты таужыныстар дейді. Грекше “метаморфозис” - өзгеру.Шөгінді таужыныстар. Бұрын пайда болған таужыныстарының езііліп ыдырыған бөлшектерінен, су бассейіндерінде химиялық ерітінділердің тұнбасынан, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарынан құралған таужыныстарын шөгінді таужыныстары деп атаймыз. 

9.Қабаттардың жатыс элементтері. Жату элементтерін анықтау үшін көсілу мен құлау бағыттарының азимуттарын және құлау бұрышын өлшейді. Еске салайық: азимут деп солтүстік меридианмен өлшенетін бағыт арасындағы сағат тілінің жүру жолымен есептелген жазық беттегі бұрышты айтады. Ол 00 - тан 3600 - қа шейін тау - кен компасы немесе құбылнамасы арқылы өлшенеді. Ендеше оларды өлшеу үшін құбылнаманы көк жиекке беттетіп ұстау керек. Бұл жерде магниттік азимут (яғни магниттің солтүстік тілімен анықталатын бағыт арасындағы бұрыш) өлшенеді. Шынайы азимутке көшу үшін әр аймықтың магниттік бұрылу бұрышын қосу керек. Тау - кен құбылнамасы ұзындығы 8 -11 см, ені 7 - 8 см тақтайшаға жинастырылады. Оның орта тұсында 3600-қа бөлінген дөңгелек лимб орналасқан, оның тиек сызықтарының өлшемі солдан оңға қарай (сағат тілінің жүрісіне қарама-қарсы) орналасады. Сол себепті шығыс пен батысты белгілеген әріптер де (ВЗ) “қисық” көрсетілген - шығыс (В) солтүстіктен (С) солға қарай, батысы (З) оңға қарай.Тақтайшаның бетіне тіктеуіштінің (клинометрдің) 00 - тан 900 - қа бөлінген шкаласы жазылады. Ол арқылы қабаттың еңкіштігін немесе еңістігін өлшейді. Нөл градус кертігі тақтайшаның ұзын жағының дәл ортасында жазылған. Қабаттың еңкіштігін (құлау бұрышын) өлшеу үшін магниттің астына инеге тіктеуіш кіргізіледі. Тіктеуіш жұмыс істеуі үшін құбылнама тақтайшасын тік ұстау керек. Сонда тақтайшаның ұзын қыры жазық сызыққа тірелгенде тіктеуіш 00 - ты көрсетеді, керісінше, ұзын қыры тік бағытпен жанасқанда 900 - ты көрсетеді. Егер қыры беттегі еңкіш сызықпен жанасса, тіктеуіштің үшкірі сол беттің еңқіштігін көрсетеді.  Қабаттың (әр беттің) көсілу азимутын өлшеу үшін құбылнаманы қабат бетінде тік ұстайды да, тіктеуіш нөлді көрсеткенше оңды - солды қозғайды. Сонда көлбеу бет тұрған қыр көсілу сызығын бағдарлайды. Жатыс элементтерінің азимуттарын қағазға түсіргенде азимуттыңң алдынан төрт құбыласын қос әріптен жазады (СШ, ОШ, ОБ, СБ). Жазу жыртылып көмескіленіп қалса дұрыс жазуды соңынан қайта анықтау осылайша ескерілген. Ақыр аяғында өлшенген элементтердің жазу тәртібі мынадай аз. ОБ 225 о , қөл. аз. ОШ 135 о, 33 жазық бағытта сыласа, оның элементтерін өлшеу мүмкін емес: еңкіштігі (ендеше құлау азимуты) жоқ, ал көсілуі мын сан жақта. Қабат тік жатса құлау бағытын өлшеу мүмкін емес, өйткені азимут дегеніміз жазықтықтағы бұрыш. Қабаттың жату элементтерін картаға шартты белгілермен түсіреді: а) х ; б) Г80; в) х ; г) . а - еңкіш жату, б - төңкеріліп жату, в - тік жату, г - жазық жату. өлшенген жатыс элементтерін картаға құбылнаманың ізімен немесе транспортир арқылы түсіреді. Ол үшін өлшеу жүргізілген нүкте үстінен бойлық (меридиан) сызығын белгілейді де, одан он жаққа қарай өлшенген шынайы құлау азимутын сызады. Оған перпендикуляр сызық көсілу сызығын береді. Құлау бұрышының санын тік бұрыштың қасына жазады.

10.Жерасты сулардың түрлерін атап шығыңыз. Жер асты суы деп топырақ пен тау жыныстарына сіңген суды ,ылғалды айтамыз.Ол өзен,көл,теңіз,атмосфера ылғалдарымен тығыз байланысып гидросфераға кіреді де су айналымының бір бөлігі болады.Жер асты суын және оның пайда болуын,әртүрлі өзгерісін геологияның бір саласы гидрогеология зерттейді.Жер қабығындағы жағдайына байланысты жер асты сулары арынсыз және арынды деп топтарға бөлінеді.Арынсыздарын қалқыма,грунт,пласт аралық топтарға бөледі.Қалқыма су ауа жететін аздаған тереңдікте жауын шашынның жерге сіңуінен түзіледі.Ол су сіңіргіш шөгінділердің  линзасында уақытша толысқан,аумағы шамалы су.Оған қанық қабаттың  қалыңдығы 0,5 метрден 3 метрге дейін жетеді.Қалқыма суды ауылды мекендерде пайдаланылады.Грунт сулары кең тараған.Олар жер бетінен төмен қарай алғанда ең бірінші су сіңіргіш қабатта іркіледі.Су жинайтын аудан қопсық немесе жарықша  және қуысты шөгінділер тараған жерден басталады.Грунт суының жоғары деңгейін және астындағы су сіңірмейтін  төсемесінен айырады.Грунт суының беті ашық, арынсыз.Ол жер бедеріне сай,соны қайталап төмен қарай жылжиды.Жердің тарту күшіне байланысты  жыра,сай өзен көл теңізге қарай аққан грунт сулары  олрдың беттерінде тұма бұлақ ретінде жер үстіне шығады.Осындай жкрді дренаж дейді.Пластаралық арынсыз судың грунт суына айырмасы олар екі су өткізбейтін қабат арасында орналасады да көбінесе жер бедері жырымдалған аймақтарда пайда болады.Олар әрқашан да ағысты болып келеді.Арынды ,немесе артезиан суы пластаралық суға жатады.Бірақ кең аймаққа жайылып жергілікті өзен  сай түбінен төмен орналасқан.Артезиан деген сөз Францияның Артезия деген өлкесінің көне есімімімен қалған.

11.Таужыныстар мен пайдалы қазбалар туралы жалпы түсінік. Таужыныстары дегеніміз табиғи жағдайда әр түрлі геологиялық процестер нәтижесінде жер қойнауында немесе жер бетінде құралған минералдық агрегаттардың тұрақты ассоциасы (бірігуі). Олар жер қыртысында өзіндік формаларымен сипатталатын көлемі әр түрлі денелер түрінде кездеседі.Таужыныстарының минералдық және химиялық құрамы бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың химиялық құрамы арнаулы лабораторияларда химиялық талдау әдістері арқылы анықталады. Талдау жұмыстарының нәтижесі таужыныстарын құрайтын негізгі химиялық элементтер тотықтарының (SiO2, Al2O3, Fe2O3, FeO, MgO, CaO, Na2O, K2O) проценттік мөлшері түрінде көрсетіледі.Бір жағынан Барлық минералдар таужыныстарының құрамына қатысуына байланысты басты (көлемі 5% көп) және қосымша (қосалқы) минералдар болып бөлінеді. Рудалық минералдар (мысалы магнетит, хромит, пирит т.б.) таужыныстарының құрамында қосымша минералдар түрінде кездесіп, шашыранды түйіршіктер құрайдыірнеше минералдардан түзілген таужыныстарын полиминералды (Грек тілінен “поли” – көп деген мағына береді), ал жалғыз минералдан тұратындарын мономинералды (Грек тілінен “моно” – бір деген мағана береді) деп жіктейді.Таужыныстарының құрылымы (структурасы) деп оның кристалдану құрамында минералдық түйіршіктердің абсолюттік және салыстырмалы мөлшерін, олардың пішінін, ішкі құрылысының өзгешелігін айтады.Тау жыныстар құрамы, ішкі құрылысы және жер қойнауындағы жату пішіні олардың пайда болу жайын көрсетеді. Пайда болуына байланысты немесе жаралу тегіне сай барлық таужыныстары үлкен үш топқа бөлінеді: 1. Магмалық; 2. Метаморфтық; 3. Шөгінді..Магмалық таужыныстар – магманың кейінде қатып кристалдануынан пайда болады. Грекшеден “магма” – қамыр, қоймалжың деген мағана береді, ал құрамы күрделі силикаттардан тұрады. . Метаморфтық таужыныстар. Жердің терең қойнауларындағы жоғары қызу мен күшті қысым, тектоникалық қозғалыстар кезіндегі үйкелістер әрі магма құрамындағы ыстық сулар мен гидротермальді ерітінділер әсерінен өзгеріп, қайтадан жаралған жыныстар тобын метаморфты таужыныстар дейді. Грекше “метаморфозис” - өзгеру.Шөгінді таужыныстар. Бұрын пайда болған таужыныстарының езііліп ыдырыған бөлшектерінен, су бассейіндерінде химиялық ерітінділердің тұнбасынан, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарынан құралған таужыныстарын шөгінді таужыныстары деп атаймыз. Пайдалы қазбалар деп, бір минералдан көп жағдайларда бірнеше минералдардың агрегаттарының жиынтығынан тұратын кен көздерін айтамыз. Минералды – шикізаттардың адамзат тұрмыс – тіршілігінде, халықшаруашылығында алатын орны орасан зор. Олар өз кезегінде металдық және бейметалдық болып үлкен екі топқа бөлінеді.  Металдық пайдалы қазбалар түрлеріне алтын, платина, никель, титан, мыс, мырыш, қорғасын, хромит, темір с.с. т.б. кен орындары жатады.Бейметалдық минералды – шикізат түрлеріне мұнай, газ, көмір, фосфор, күкірт, графит, слюда, ас тұзы, құрылысқа қажетті: гранит, мрамор, глина, құм, кварцты құм және асыл тастар: алмас, топаз, изумруд, рубин с.с. т.б. кен көздері кіреді.

12.Негізгі тектоникалық  болжамдарды атап шық.

 Жердің тектоникалық қозғалыстарымен одан  пайда болған жыныстардың өзгеруін магмалық процестерді түсіну үшін ежелгі гректер заманынан бастап әртүрлі болжамдар айтылады.Солардың біразына тоқталайық.Конракция сығылу болжамын 19ғасырдың бірінші жартысында француз геологы Л.Эли де бомон ұсынған.Бұл болжам бойынша қызу жер суыған сайын оның қатты қабығы пайда болады.Тереңдігі бөлігі әрі қарай суып,аумағы кемігеннен кейін үстіңгі қабығы кепкен алма секілді сығылып,жарылады.Сөйтіп қатпарлы құрылымдар түзіледі.Десекте көпке дейін қатпарлы сілемдердің бір аймақта пайда болып келесіде көрінбеуін  контракцияға байланыстыру ақылға сыймайды.Контракциялық болжам 20ғасырда басына дейін зерттеушілер арасында үстем болды.Соның негізінде Австрияның әйгілі ғалымы Э.Зюсс»Жер келбеті»деген еңбегінде алғаш рет Жер қабығы құрылымдарының синтезін жасады.Пульсация  лат.»пульс»соғу,түрту.болжамын американ ғалымы В.Бухер ұсынды да орыс ғалымдары М.А.Усов пен В.А.Обручев қолдап дамытты.Бұл болжам бойынша Жер қойнауы тамыр секілді бірде толысып,бірде солып отырады.Ол  ұлғайған кезде Жер қабығы жарықшақтанып,базальттік магма төгіледі,геосинклинальдар пайда болады.Сығылу сатысында геосинклинальдардың үйінділері қатпарланып,таулар түзіледі,ішіне гранитті интрузивтер  кептеледі.Сөйтіп пульсация болжамы контракцияға қарағанда көптеген күрделі құбылыстарды түсіндірді.Болжамдар ішінде

теориялық геологияда  тым оқшау тұрған мобилизм болжамы болды.Оны жоқтаушылардың пайымдауынша,ірі континенттік кесектер(литосфералық плиталар)суда үнемі теңселіп,жазық бағытта орнынан жылжып жүреді.Жылжуы мыңдаған км.ге жетеді.Бұрынғы жорамалдар литосфера блоктарының өз мантиясынан үзілуін жоққа шығарып,континенттердің біріктіріп,фиксистік лат.берік бағыт дейді.

13.Жердің сыртқы геосфералары. Атмосфера,оның құрылымы мен құрамы

   Жер құрылысы күрделі әртүрлі қабаттардан тұрады, осыған байланысты геосфералар сыртқы және ішкі болып екі топқа бөлінеді.

  Сыртқы геосфералар: Жердің сыртқы қабаттары - 1. Атмосфера; 2. Гидросфера (су қабаты); 3. Биосфера (тіршілік қабаты) болып үшке бөлінеді, әрі бұлар біздің  планетамыздың басқа планеталармен салыстырғандағы, өзіндік ерекшеліктері болып табылады. Сондықтан да олар Жер қыртысының құралу және даму барысында маңызды рөл атқарады.

     Атмосфера- Жер бетіндегі өмірдің кепілі. Ол Жерді және Жер бетінде өмір сүретін органикалық  дүниені ультракүлгін сәулелердің зиянды әсерінен, сонымен қатар ірілі – ұсақты метеориттердің бомбылауынан сақтайды. Атмосфераның төменгі шекарасы – Жер беті болып саналады, ал өзі температуралық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше қабаттарға бөлінеді. Ең төменгісі тропосфера, бұл қабатта атмосфера массасының 80%-нен астамы шоғырланған. Оның қалыңдығы орташа алғанда 15 км. Бұл арақашықтық солтүстік және оңтүстік полюстерде кемиді де, ал экватор белдемінде ұзарады. Осы қабаттың үстінде мезосфера қабаты орналасқан. Бұл қабаттың үстінде экзосфера қабаты бар. Ал енді бұл қабаттардың құрамы бірнеше қабатшаларға бөлінеді. Мысалы: Стратосфера, ионосфера, термосфера және озоносфера. Жалпы атмосфераның қалыңдығы 2-3 мың. км.

Атмосфераның негізгі құрамы: азот – 78,08%; оттегі – 20,95%; аргон – 0,93%; көмірқышқыл газы – 0,03% болып саналады. Олардың жалпы мөлшері 99,99%, ал қосымша компоненттердің, атап айтқанда озон, сутегі, инертті газдар және т.б. элементтердің мөлшері 0,01%.

14.Жердің ішкі геосфералары. Жер қыртысы, оның  құрылымы мен құрамы.

  Жер құрылысы күрделі әртүрлі қабаттардан тұрады, осыған байланысты геосфералар сыртқы және ішкі болып екі топқа бөлінеді.

  Ішкі геосфералар: Жердің ішкі қойнауы үш қабатқа бөлінеді: сыртқы – жер қыртысы, аралық-мантия, орталық – ядро.

   Жер қабығы, оның құрылысы (шөгінді, гранитті және базальтті қабаттары), типтері және құрамы. Жер қабығының қалыңдығы, тіпті құрылысы мен құрамы тік және көлбеу бағытта да біркелкі емес. Оның орташа қалыңдығы 33 км. Жоғарыда айтылғандай, ол әр жерде әр қалай 5 км – ден 75 км – ге дейін жетеді, дәлірек айтсақ континенттердің жазық алқаптарында 35-40 км, ал таулы аймақтарда 50-75 км-ге дейін жетеді. Жер қыртысы өз кезегінде Жер бетінен төмен қарай тығыздығы арта беретін қатты үш қабатқа бөлінеді: Континенттік тегі: шөгінді – метаморфты қабат (5-20 км), тығыздығы 1,8-2,5 г/см3; гранитті қабат (10-30 км), тығыздығы 2,5-2,7 г/см3; базальтты қабат (5-40 км), тығыздығы 2,7-3,0 г/см3 секілді тау жыныстарынан құралады. Мұхиттық тегі: шөгінді (1,5-2 км); базальтты (4-8 км) қабаттардан тұрады, ал гранитті қабат мұхит түбінде болмайды.

15.Жердің ішкі геосфералары. Мантияның құрылымы мен құрамы.

Жер құрылысы күрделі әртүрлі қабаттардан тұрады, осыған байланысты геосфералар сыртқы және ішкі болып екі топқа бөлінеді.

 Ішкі геосфералар: Жердің ішкі қойнауы үш қабатқа бөлінеді: сыртқы – жер қыртысы, аралық-мантия, орталық – ядро.

   Мантия – шартты түрде жоғарғы мантия, ортаңғы мантия, төменгі мантия болып үшке бөлінеді. Ал оның қалыңдығы жер қыртысының табаны (бұл деңгей Мохоровичич деңгейі деп аталады) мен 2900 км тереңдікте орналасқан Жер ядросы аралығын қамтиды.

Мантия қабаттарын құрайтын заттар балқыған күйде болатыны белгілі. Бұл аймақтарды болмаса зоналарды “астеносфера” деп атайды. Осы зоналарда вулкан ошақтары орналасқан, сонымен бірге, Жер қыртысында байқалатын тектоникалық әрекеттердің көздері шоғырланған, ал астеносферадан жоғары аймақ Жер қыртысын өоса есептегенде “литосфера” деп аталады.

   Жоғарғы мантия “ Мохо деңгейінен” 400 км – ге дейінгі тереңдікті қамтиды. Бұл шекара неміс геофизигі Б. Гутенбергтің (1926) құрметіне “Гутенберг шекарасы” деп аталады.

    Ортаңғы мантия 400 км – ден 1000 км – ге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл зонаны алғаш рет орыс академигі Б.Б. Голицын (1912) анықтады, сол себепті ол “Голицын шекарасы” деп аталады.

    Төменгі мантия “Голицын деңгейінен” 2900 км – ге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл зона неміс ғалымдары Э. Вихерт пен Б. Гутенбергтің (1914) құрметіне “Вихерт пен Гутенберг шекарасы” деп аталды.

Мантияны құрайтын заттардың  құрамында темір мен магний элементтері басым болса, керісінше алюминий мен кремнийдің мөлшері аз.

16.Жердің ішкі геосфералары. Ядроның құрылымы мен құрамы.

   Жер құрылысы күрделі әртүрлі қабаттардан тұрады, осыған байланысты геосфералар сыртқы және ішкі болып екі топқа бөлінеді.

    Ішкі геосфералар: Жердің ішкі қойнауы үш қабатқа бөлінеді: сыртқы – жер қыртысы, аралық-мантия, орталық – ядро.

  Жер ядросы-орташа радиусы шамамен 3470 км сфера пішіндес жазықтықпен шектелген. (тереңдігі 2900 км)-Жердің орталық бөлігі.

  Геофизик-ғалымдар сейсмикалық толқындар жылдамдығының жер қойнауларына қарай бірте-бірте өсе отырып, шамамен 2900 км тереңдікте ғана елеулі өзгерістерге ұшырайды. Мәселен, нақ осы тереңдікте қума толқындар  өз жылдамдығын 14 км/с-тен шамамен 8 км/с-ке шейін күрт азайтатын болса,өз жылдамдығының Жер қимасындағы ең жоғары нәтижесі 7 км/с-ке жеткен жеткен көлденең толқындар із-түссіз жоқ болады. Ғалымдардың шамалауынша, нақ осы деңгейден Жердің сыртқы ядросы басталады.

  Ядро – сыртқы ядро, аралық зона, және субъядро болып үшке бөлінеді.

   Сыртқы ядро – “Вихерт-Гутенберг шекарасынан” 4990 км – ге дейінгі аралықты алып жатыр және сұйық күйде.Сыртқы ядро қимасында одан әрі жылжыған қума толқындар жылдамдығының тағы бір өзгеріс деңгейі 5120 км тереңдікте байқалады. Сыртқы ядроның желегі деңгейінде шамамен 8,1 км/с-ке шейін төмендеген бұл толқындар жылдамдығы сол 5120 км тереңдікке шейін баяу қарқында шамамен 10,1 км/с-ке шейін қайтадан өсе бастайды да,нақ осы деңгейде 11,3 км/с-ке шейін күрт жылдамдайды.

   Аралық зона – 4990 км – ден 5120 км – ге дейінгі аралықты қамтиды.  Физикалық қасиеті жағынан ішкі субъядроға жақын.

   Субъядро – планета-ң орталық бөлігін (5120-6371 км) құрайды, диаметрі 2500 км. Сыртқы ядро мен субъядро-ң шекарасын анықтаған Дания ғалымы сейсмолог – Инге Леман (1936).

17.Минералдардың пішіні (морфологиясы)

Минерал (ескі лат. mіnera – кентас кесегі) – химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бір текті табиғи дене. Ол жер бетіндегі немесе жердің (ғарыш денелерінің) қойнауындағы физикалық - химиялық процестерге байланысты пайда болып, тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді, т.б. құрайды. Минерал негізінен қатты денелер. Олар кристалды (пирит, галенит), аморфты (опал, лимонит) және метамикты (сырты кристалл тәрізді, ішкі құрылысы аморфты, шыныға ұқсас) болып жіктеледі. Әр Минерал өзіне тән құрамды, кристалды құрылымы бар табиғи қосынды. Жекелеген кристалдар, дәндер және басқа денелер Минералдық индивид деп, ал Минералдық индивидтердің бірігіп түзілгендері минералдық агрегаттар деп аталады. Табиғатта зерттелген Минерал түрлері 2,5 мыңға жуық, жыл сайын 30-ға жақын жаңа Минерал түрлері анықталады. Минералдардың көпшілігінде ионды құрылым кездеседі (кристалдық химия). Ковалентті және интерметалдық құрылымдар аз кездеседі. Минерал құрауға Менделеев кестесіндегі инертті (асыл) газдар мен ураннан соңғы элементтердің бәрі қатысады. Олардың кейбіреуі Минерал құрауда басты орын алады, ал құрылымы мен қасиеттері басты элементтерге ұқсастары (Pd, Ge, Іn, Cd, Ga, Tl, Se, І, Br, Re, Rb) Минералдардың құрамында изоморфтық қоспалар түрінде кездеседі. Изоморфтық қоспалар Минералдардың химиялық қасиеттерін өзгертеді. Табиғатта силикаттар (Минералдың жалпы санының 25%-ы), сульфидтер (13%), фосфаттар мен ванадаттар (18%), тотықтар мен гидрототықтар (12%), түрлі табиғи химиялық қосылыстардың (32%) Минералдары бар. Жер қыртысының 92%-ы силикаттардан, тотықтардан, гидрототықтардан тұрады. Химиялық құрамы жағынан Минералдар таза элементтер және күрделі қосылыстар болып бөлінеді. Минерал кристалдары жай аниондардан (S2–, O2–, OH, Cl, т.б.), аниондық радикалдардан [CO3]2–, [SіO4]4–, [PO4]3–, т.б. құралады. Минералдарды [[[кристал|кристалды]] химиялық жіктеу, құрылысының ерекшеліктеріне негізделген. Құрылымы бір типтес Минералдар құрамының изоморфизм процестерінен өзгеруі оларды құраушы атомдардың, иондардың атомдық (иондық) радиустарына, кристалдық - химиялық сандарына, химиялық байланыс түрлеріне байланысты болады. Минерал морфологиясы оның ішкі, құрылысына, пайда болу, қалыптасу жағдайларына қарай анықталады. Мысасылы, Қарағанды өңірінің талшықты родуситі – сұйық, ал бұршақ сияқты тығыз, борпылдақ родуситі – қою коллоид ерітінділерінің кристалдануынан түзілген. Жеке Минералдар сыңарларының өлшемі әр түрлі болады. Тарбағатай пегматиттерінен табылған кварц кристалдарының ұзындығы 6 метр, салмағы 72 тонна, қырларының ені 1 метрге жетеді. Кейбір коллоидтық Минералдардың көлемі бірнеше м3 болады. Табиғаттағы Минералдар сырт пішініне қарай көбіне дендриттер, оолиттер, сферолиттер, секрециялар, конкрециялар, дән, топырақ сияқты массалар, сталактиттер, сталагмиттер түрінде кездеседі. Минералдардың физикалық қасиеттері кристалдық құрылымына және химиялық құрамына байланысты. Тығыздығына байланысты Минералдар жеңіл (2500 кг/м3 дейін), орташа (2500 – 4000 кг/м3), ауыр (4000 – 8000 кг/м3) және өте ауыр (8000 кг/м3-тен жоғары) болып жіктеледі. Мөлдірлік қасиетіне байланысты мөлдір (тау хрусталі), шала мөлдір (сфалерит), мөлдір емес (магнетит) болып ажыратылады. Минералдар жаралу, өсу, өзгеру сатыларынан (Минералдар онтогениясы) өтеді. Минерал магмалық балқымаларда, ерітінділерде, газдарда түзіледі. Белгілі процестерден кейін бірнеше Минералдың топталуы Минералдар парагенезисі деп аталады. Пайда болған Минералдар ассоциациялары парагенетикалық талдау негізінде жасалған әр түрлі физикалық - химиялық диаграммалар бойынша анықталады.

18.Минералдардың физикалық қасиеттері. Минералдардың түсі (бояу түрлері және агенттері) Минералдар: Минералдар деп әр түрлі элементтердің химиялық қосындырларынан түзілген, физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы тұрақты табиғи қосындылдарды айтамыз. Ал, кейбір минералдарды қолдан да жасайды (бұл жәйт көбіне асыл тастарға қатысты, мысалы: алмас, флюорит т.б.). Қазіргі таңда минералдың жалпы сапы 3000-ға жуық. Олардың ішінде 60-қа жуығы тау жыныстарының құрамына кіреді. Оларды тау жыныстарын құраушы минералдар деп атайды. Олай болатын болса қалған минералдардың көбі шамалы ғана қоспа ретінде тау жыныстарына кіреді, оларды акцессорлы минералдар деп атайды (латынша “акцессориус” – қосымша. )Минералдардың түсі минералдардың химиялық құрамына, қоспаларына қарай әр түрлі бояуларға боялады. Кейбір минералдардың түсі тұрақты да болады, мысалы азурит – көк, малахит – жасыл. Кейде бір минералдардың түсі қоспаларының әсерінен өзгеріп те тұрады. Мысалы, кварц – мөлдір, ақ, сұр, күлгін, торғын және қара да болады. Мысалы, гипс те, кальцит те, галит те қызғылт түсті болуы мүмкін.

   Ал кейбір минералдар бетіне сәуле түсуіне байланысты неше түрлі рең береді. Мысалы, пирит – сары, күлгін, көк, жасыл, шұбар түстер береді. Лабрадордың  жасылтым қара бетінен көк түсті құбылу байқалады. Минералдардың түсін анықтағанда белгілі заттардың түсімен салыстырып айтады: сүттей ақ, лимондай сары, қан қызыл т.б. Қос сөзбен да дәлелдеуге болады: ақсұр, жасылтым сұр, қара қоңыр, қара сұр т.б. Минералдардың түсі төрт түрлі жағдайда анықталады, олар минерал үлгісінің түсі,минерал ұнтағының түсі «жұқпатүс» д.а, минералдың тастілімдегі түсі және минерал кристалдарының шағылысқан жарықтағы түсі. Минерал жалғыз ғана , яғни тек өзіне ғана тән түсті иемденген жағдайда идиохорматтылық деген түсінік енгізіледі, идиохроматтық түс минералдардың ішкі қасиеттерінен туындай отырып, оны сипаттап беруге жарамды түс ерекшелігі. Кейбір жағдайда аллохроматтылық құбылысы көрініс беруі ықтимал. Бұл жағдайда минералдың түсі оның химиялық табиғатынан туындамайды, сол минералға кіріккен ұсақдисперсиялық механикалық қоспалар әсерімен анықталады.

  Минералдың жұқпатүсі- минералды бисквитке жұғыстыру нәтижесінде алынатын сол минералдың ұнтағына тән түс ерекшелігі. Жұқпатүс реңі минерал кесегіне тән реңге сәкес келмеу мысалдары кездесіп қалып отырады. Мәселен, гематит минералы әдетте сұрғылт-қара түске боялған, ал оның жұқпатүсі шиедей қызыл немесе ашық сары түсті пирит минералының жұқпатүсі-қара-қошқыл.

19.Минералдардың физикалық қасиеттері. Минералдардың түссызығы, жіктілігі, жылтырлығы. Минералдар: Минералдар деп әр түрлі элементтердің химиялық қосындырларынан түзілген, физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы тұрақты табиғи қосындылдарды айтамыз. Ал, кейбір минералдарды қолдан да жасайды (бұл жәйт көбіне асыл тастарға қатысты, мысалы: алмас, флюорит т.б.). Қазіргі таңда минералдың жалпы сапы 3000-ға жуық. Олардың ішінде 60-қа жуығы тау жыныстарының құрамына кіреді. Оларды тау жыныстарын құраушы минералдар деп атайды. Олай болатын болса қалған минералдардың көбі шамалы ғана қоспа ретінде тау жыныстарына кіреді, оларды акцессорлы минералдар деп атайды (латынша “акцессориус” – қосымша. )Минералдардың түссызығы деп олардың майда ұнтағының түсін айтады. Минералдардың түссызығын анықтау үшін оларды фарфор сынығының (бисквит) бұжыр бетіне егейді. Қатты минералдардан дақ түспейді. Мөлдір минералдардың ұнтағы ақшыл келеді. Пирит – жасыл реңді қара, сфалерит - өз түсінен бозырақ, магнетит – қара, гематит – қызыл, лимонит – сары т.б.Минералдың жіктілігі-минерал кристалдарының айқын немесе жасырын жақтарына бойлас бағытта басқа бағыттарға қарағанда әлдеқайда жеңілірек даралану қабілеті. Минералдардың бұл қасиеті олардың кристалдарының ішкі құрылыс ерекшеліктерінен туындайды.Жіктілік қабілетіне қарай минералдар 5 түрге жіктеледі,олар өте анық, анық, орташа,нашар және өте нашар. Жіктілігі өте анық минералдар әдетте жұп-жұқа жарғақтарға оп-оңай дараланады. (тальк, слюдалар, хлорит); анық жіктілік минералды ұрып қалғанда олардың дұрыс мүсінді,байырғы кристалдарға ұқсайтын шағын-шағын бөлшектерге біршама оңай даралану қабілетімен анықталады (кальцит,галенит); орташа жіктілікке иелік ететін минералдарды ұрғылап уатқанда олар бір жақ жазықтығы біршама тегіс,ал қалған жақтары кедір-бұдыр бөлшектерге дараланатын болады (пироксендер,рутил); жіктілігі нашар минералдардың бүкіл омырылым беттері кедір-бұдыр, ал өте нашар жіктелген минералдардың мұндай сипаты түрпілі не болмаса тікенекті болып келеді.Минералдардың жылтырлығы-минерал кристалдарының жарық сәулесін сындыру (шағылыстыру) қабілетімен сипатталатын физикалық қасиеті. Минералдардың жылтырлығы оларды анықтаушы қасиеттердің бірі болып табылады, бұл сипат минерал бетінің шағылысқан жарық қарқынының қуаттылығымен анықталады.

   Рудалық минералдардың көпшілігі біршама күшті жылтырлықпен сипатталады,бұл металдық жылтырлық д.а. Бейрудалық және жынысқұрушы минералдардың жылтырлығы рудалық минералдардың көрсеткішімен салыстырғанда көмескілеу болып келеді, сондықтан алдыңғы түсінікті бейметалдық жылтырлық д.а. Бейметалдық жылтырлық өз қарқынының бірте-бірте бәсеңси беруі тұрғысынан төменде аталған түрлерге жіктеледі: алмасша жылтылдайды (алмас,киноварь, күкірт); шыныша жылтылдайды (мөлдір минералдар); құбыла жылтылдайды (слюдалар,тальк); жібекше жылтылдайды (гипс, талшықтас); қоңды жылтырлық (нефелин,кварц, күкірттің омырылым беттерінде); күңгірт жылтырлық (каолинит,бор); балауыздық жылтырлық (опал сияқты құрылымсыз немесе жасырынкристалды минералдар).

20.Минералдардың физикалық қасиеттері. Минералдардың қаттылығы 

Минерологиялық зерттеулердегі ең маңызды әрекеттердің бірі оларды дұрыс анықтау болып табылады.Бүгінгі таңда бұл мәселені өте сезімтал приборлар мен жабдықтарды райдалана отырып, әр түрлі дәлме-дәл зерттеу әдістері көмегімен табысты түрде шешуге болады.Алайда геологтардың минералдармен және тау жыныстарымен бетпе-бет келуі алғаш рет далалық экспедициялық жұмыстар кезінде жүзеге асады, ал бұл жағдайда дәлме-дәл лабораториялық талдаулар жүргізу мүмкіндігі мүлдем шектеулі болатындығы түсінікті.Сондықтанда минералдардың бір топ физикалық қасиеттерінің жиынтығы оларды тани білу және дұрыс анықтау кілті ретінде кеңінен пайдаланылады.

Минералдарды көзбе-көз саралау және қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып тексеріп көру нәтижесінде анықтау шаралары минералды анықтаудың макроәдісі деген атауға ие.Бұл әдіс минералогия ғылымының және минералдар жаратылысының түп тамыры жайлы мол біліктілікті керек қылмайды, мұнда тек қана минералдардың белгілі бір қасиеттері қолда бар мүмкіндіктер көмегімен анықталынып алады да, олар әр түрлі анықтамалық басылымдардағы деректемелермен салыстырылады, сөйтіп минералды дұрыс анықтау мүддесіне қол жеткізіледі.

Әдейілеп дәлме –дәл зерттеуді керек қылмайтын, бірақ минералдарды дұрыс танып-білуге көмектестін анықтау белгілерінің қатарына жататындар – минералдың қаттылығы, жылдамдастығы, түсі, жұқпатүсі, жалтырлығы, меншікті салмағы, мөлдірлігі.Минералдарды дұрыс анықтаудың қосымша белгілері оларға тән кристалл мүсіні (кристалдар габитусы) және басқа да морфологиялық ерекшеліктері, минералдың магниттілігі, , электр өткізгіштігі, дәмі, сипап көргенде байқалатын әсері , иісі және тағы сол сияқты белгілері жатады.

22.Минаралдық агрегаттар,олардың сипаттамасы. 

Минералдар деп әр түрлі элементтердің химиялық қосындырларынан түзілген, физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы тұрақты табиғи қосындылдарды айтамыз. Ал, кейбір минералдарды қолдан да жасайды (бұл жәй көбіне асыл тастарға қатысты, мысалы: алмас, флюорит т.б.). Минералдарды зерттейтін ғылым саласын минералогия деп атайды.

Қазіргі таңда минералдың жалпы сапы 3000-ға жуық. Олардың ішінде 60-қа жуығы тау жыныстарының құрамына кіреді. Оларды тау жыныстарын құраушы минералдар деп атайды.

Олай болатын болса қалған минералдардың көбі шамалы ғана қоспа ретінде тау жыныстарына кіреді, оларды акцессорлық минералдар деп атайды (латынша “акцессориус” – қосымша.

Минералдық агрегаттар. Жеке кристалдар табиғатта сирек кездеседі. Минералдар бірігіп әртүрлі агрегаттар түзеді: 1. Түйіршік агрегаттар - минералдардың ұсақ түйіршіктерінің біріне-бірі қосылып, бірігіп өсуі; 2. Друзалар – азды-көпті жетілген кристалдардың ортақ табанға бір шетімен қадалып, қатар өсіп жетілуімен сипатталады. Кварц кристалдары жиі друза құрайды; 3. Қоспақтар – белгілі бір заңдылықпен бірігіп, қосыла өскен, кемінде екі кристалдан құралған агрегаттар; 4. Дөңгелек формалы агрегаттар – секреция, конкреция, оолиттер.

Секрециялар – тау жыныстардың дөңгелек формалы қуыстарын толтыра өскен минералдық заттардан құралады. Олар қуыстарды перифериялық шегінен ортасына қарай біртіндеп барып толтырады. Секрециялық форманың орталығы бос қуыс күйінде қалуы мүмкін (жеода). Секрецияның ұсақ түрлерін (10 мм-ге дейін) миндалиндер, ал ірі формаларын жеода деп атайды.

Конкрециялар – белгілі бір кристализациялық орталықтан оның шетіне қарай өсіп минералдық заттармен толып, дөңгелек формалы болып құралады.

Оолиттер – дөңгелек формалы концентрациялық құрылысы айқын байқалатын ұсақ мөлшерлі шариктер түрінде кездеседі. Олар минералдық заттардың сулы ортадан біртіндеп бөлінуі кезінде құралады.

Оолиттер тарының дәні, балықтың уылдырығы тәрізді не одан да ұсағырақ келген конкрециялар; 5. Сауыстанған агрегаттар – үлкенді-кішілі үңгірлер, қуыстарда су ерітінділерінен, олардың өте баяу жылдамдықпен булануы кезінде біртіндеп кристалдануы нәтижесінде құралады. Олар әр түрлі формада (бүйрек тәрізді, мұзға айналған су тамшысындай) кездеседі. Жоғарыдан төмен қарай бағытталған минералдық түзілімдерді сталактит, ал төменнен жоғары қарай өскен төмпешіктерді сталагмит деп атайды; 6. Дендриттер минералдық заттардың жұқа жарықшақтарда кристалдануынан пайда болады. Сыртқы формасы өсімдік тәрізді болып келеді (грекше “дендрон” –ағаш); 7. Топырақ тәрізді минералдық заттар. Сазды тау жыныстарына, темірдің сулы тотықтарына тән келеді.

Минералдар қазірде химиялық құрамы мен кристалдық құрылымына қарай сегіз сыныпқа жіктеледі.

24. Өзендердің геологиялық жұмысы.

Өзен суы жер бетіндегі және жер астындағы сулардан құралған.Өзеннің суы жыл маусымына байланысты сабасы жоғарғы немесе төмен болады.Жазғытұрым кілт ерігенде өзендер жағасынан шығып,Қазақстан жерінде бір-екі айда өзен суының 70-80проценті ағып кетеді.Жаз аяғында сабасы ең төменге түсіп, жеке қара суларға бөлшектеніп қалады.Биік таулы (мұз) суымен қорланатын өзендердің биік сабасы керісінше шілде кезінде болады.Сабасы толған кезде су көлемі 5-20 есе өседі,жылдамдығы су деңгейі төмен кезде жазықтардың өзендерінде секундына 1-1,5 м (сағатына  3-5 км) шамасында.Өзен арнасыныың ең терең жерінде ағыс қатты болады да, жағалау және түп беттерінде ағыс баяулайды.Ерітінді ретіндее өзен суына әр түрлі карбонаттар (60%), содан соң кремнийлі тотықтар, шамалы ғана темір, маргенцтің сулы тотықтары кіреді.Жақсы ерігіш сульфатты және хлорлы тұздар қуаң климатты өлкелердің суында басым.Аккумуляция (шөгінді).Өзен ағынның бастапқы эрозиясы басым сатысында оның аңғарының кейбір тұстарында үгінділер шөге бастайды.Тасқын кезінде су молайып, ағын өскен шақтарда үгінділер қайтадан ысырылып, төмен көшеді.Өзеннің бойлау қимасы жатықталып, аңғары кеңи түскен кезде оның арна жиектерінде енді аумай-көшпей орнында қалатын шөгінділер жиналады.Кейінгілері әуелі аңғардың төменгі тұсында шоғырланады да өзеннің бойлау қимасы тегістелген сайын орта шенінде де үйіледі.Өзен аңғарында үйілген ағын шөгінділердің жинағын аллювиалдық шөгінділер немесе қысқаша аллювий (латынша «аллювио» - үйінді, салынды) деп атайды. Олар ірілі-уақты, әр түрлі іріктеліп,жұмырланған кесек жыныстардан тұрады.Өзен аңғарларының даму жолында оның морфологиясына сай бірнеше және бірізді сатыларын байқауға болады.Сатысы түпкі эрозия басым кезінде болады да оны жас шағы деп атайды.Ол кезде арна бойында қайраң, табалдырық, сатылар, сарқырамалары бар тік таулы аймақтарда өтеді.Бұл тұста ағыс  күшті болған соң терең аңғарлар түзіледі.Су жағалық қайраң, жал түзіледі.Қайраңның ұзындығы мен ені өсе келе, ол тек тасқын кезінде ғана ағынға көміліп, су сабасына келгенде құрғап, ең төменгі кемер құрайды.Осыны жайылма террасасы деп атайды.Өзендердің  аңғарының кеңеюіне және жаға беттерінің асимметриялық қимасы түзілуіне жер шарының өз білігімен айналуы да ықпал жасайды.

25. Эолдық процестер. Экзогендік процестер – физикалық, химиялық, органикалық факторлар әсерінен құрылықта кездесетін таужыныстары бұзылысқа ұшырап, үгілген затар тасқын сулардың және экзогендік агенттердің (мұзарттардың, желдің т.б.) тікелей әрекетінен бастапқы орындарынан басқа ортаға тасымалданып жер бетінің төмен иіліп майысқан ойыс аудандарында шөгіп, қабатталып жиналады. Экзогендік геологиялық процестердің негізгі энергия көздері Күннің жылу энергиясы, әрі гравитациялық күштер болып табылады. Олар төрт топқа бөлінеді: 1. Мору немесе үгілу (выветривание); 2. Аккумуляция (мору өнімдерінің шөгінді қабаттарда шоғырланып жиналуы); 3. Диагенез (шөгінділердің тасқа айналуы); 4. Денудация (мору өнімдерінің жаңа орындарға тасымалданып көшуі). Мору өнімдері дегеніміз жоғарыда аталып өткен мору агенттері іс-әрекеттерінің нәтижесі. Оларға қопсымалы-сусымалы элювий, делювий, пролювий, коллювий, аллювий шөгінді жыныстары жатады. Элювийалды жыныстар негізінен бұзылған немесе үгілген жерінен орын ауыстырмайтын таужыныстары. Делювийалды таужыныстары мору процестерінің барысында таулардың беткейлерінде (склон) жиналады. Бұл таужыныстарының элювийалды жыныстардан айырмашылығы, бұл, олардың өнімдерінің тасымалданатындығы. Мысалы, оның өнімдерінің тау бастарынан, олардың беткейлеріне жылжуы. Пролювийалды таужыныстар деп, тау бөктерлерінде жыл маусымдарына байланысты кенеттен болатын тасқын сулардың әрекеттері барысында тасымалданып ысырынды конус түрінде жиналатын таужыныстарының мүжілген кесек бөлшектері мен қопсымалы жыныстардың жиынтығын айтады. Эолдық процестер (желдің геологиялық жұмысы). Желдің атқаратын геологиялық қызметі эолдық процестер (ескі грек аңыздары бойынша “Эол” – жел құдайы деген мағана береді) деп аталады. Бұл процестің нәтижесінде таужыныстары қажалып бұзылыстарға ұшырайды, ал үгілген заттар желдің тікелей әсерінен бір орыннан екінші орынға ұшып қонады. Желдің геологиялық әрекеті әр түрлі процестермен сипатталады.

   

60) Магматизм. Ошактары және түрлері (жалпы сипаттама). Магматизм – жердін ішкі геосфераларында өтетін күрделі эндогендік геологиялық процесс және жер қыртысының қалыптасуында алатын ролі орасан зор. Бұған дәлел жер қыртысын құрайтын таужыныстарының 95 пайызы магмалық процестердің әрекеттерінен пайда болуы. Бұл процесс магманың жер қыртысында болмаса жердің тере қойнауларында пайда болып, жоғары қабаттарға жылжу барысында температура мен қысымнын күрт төмендеуінен кептеліп қалып, кристалдық денелер түрінде магмалық таужыныстарының түзілуімен аяқталады.  Магманын құрамында жер қыртысын құрайтын химиялық элементтердің (оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий) барлығы да кездеседі. Тіпті, ұшпалы (женіл) компоненттердің (су буы, күкіртті қосындылар, көмірқышқыл газы, хлорлы және фторлы сутегі, хлолы аммоний, сутегі, азот және т.б.) көптігімен сипатталады. Олар жердін ішкі терен қойнауында байқалатын өте жоғары қысым күштеріне байланысты еріген күйде кездеседі. бұл жағдай магманын қоюлығын азайтып, оның қозғалу жылдамдығының өсуіне әсерін тигізеді.   Магманын түрлері жайында ортақ пікір геология ғылымында әлі қалыптаса қойған жоқ. Кейбір ғалымдар (В.Н.Лодочников) химиялық құрамы әр түрлі магмалық жыныстардың жеке топтарына сәйкес келетін алғашқы магманың өзідік жеке түрлері болады деп санаса, басқа бір ғалымдар тобы (Н.Боуэн, А.Н.Заварицкий) табиғатта таужыныстарының барлық түрлері алғашқы құрамы негізді (базальттық) ортақ магмадан құралады деп санайды. Қазіргі кездегі зерттеушілердің көпшілігі ғалым Ф.Ю.Левинсон-Лессингтің (1920) пікіріне сәйкес, алғашқы магма құрамына қарай екі түрлі болып (базальттық және граниттік) кездеседі. Олар бір-бірінен химиялық құрамына және физикалық қасиеттерінің ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Қышқыл (граниттік) магма негіздік (базальттық) магмаға қарағанда, жеңілірек, қоюырақ әрі ұшпалы компоненттерге (газдарға) бай болып келеді. Базальттық магма ошақтары жоғарғы мантия қабатында, ал граниттік магмалар жер қыртысында түзіледі деп санайды. Американ ғалымы А.Холмстың пікірі бойынша, алғашқы магма құрамына қарай базальттық, граниттік және перидотиттік болып үш түрге бөлінеді.

Перидотиттік магманың болу мүмкіндігі жер қыртысының жекелеген аудандарында ұшырасатын ультранегізді белдеулерді зерттеу нәтижелерімен, әрі оларды базальттық магма мен салыстырғандағы өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Интрузиялық магматизм мен магмалық денелер. – жердің терең қойнауларында жүретін процесс және нәтижесінде интрузиялық магмалық таужыныстары қалыптасады (гранит, сиенит, диорит, габбро, дунит т.б.). Интрузиялық таужыныстар магманың өте баяу сууына байланысты ірі кристалды немесе толық кристалды құрылымға ие болады, ал түзілімі тығыз, шомбал болып келеді. Интрузиялық таужыныстар осы белгілеріне байланысты (құрылымы, түзілімі) оңай ажыратылады. Олардың құрамы бізге белгілі силикат тобындағы минералдардан тұрады – кварц, ортоклаз, плагиоклаз, мүйіз алдамшысы, слюда т.б.).  

                                                                                                                                                                                                                  

61.Сомтума элементтері минералдар сыныбы

Табиғи таза элементтерге құрамы бір ғана химиялық элементтен тұратын минералдар жатады. Минералдардың бұл сыныбы табиғатта жеке түрде, көбінесе өз құрамында аз да болса өзге қоспаларды да кіріктіреді. Солай бола тұрса да жер қыртысында 30-дан астам табиғи таза элементтер ұшырасады деп есептеледі. Олардың жер қыртысындағы үлес салмағы 0,01пайыздан аспайды. Бұл элементтер әдетте табиғи жағдайда өздерінің химиялық бейтараптығымен ерекшеленеді. Сомтума - түпкі және шашылымды кенорындардағы саф металл (алтын, күміс, платина және тағы басқа) түйірлерінің арасындагы біршама ірі табиғи оқшауланған түйір не кесек; массасы 0,1-0,2 г-нан ондаған килограмға шейін жетуі мүмкін. Сомтума платина негізінен платинадан тұратын минерал.Түрлері: ферроплатина (Ғе 20%), поликсен (Ғе 10%), иридийлі Рt (Ir 28%-ға дейін),палладийлі Рt (Рd 7-37%), маcты Рt (Сu 7- 13%).Кен орындары — ультранегізді таужыныстар мен сеппелерде.Сомтума темір[1]— құрамында аздап Со, Сu, С, Р, S, Н бар табиғи таза темір. Табиғатта теллурлы немесе жерлік және метеоритттік немесе ғарыштық түрінде кездеседі. Кішігірім түйірлері магмалық, метаморфтық және шөгінді таужыныстарда, қорымдарда, темір кендерінде, ал тұтас массалары базальттарда болады.Сомтумалары бірнеше тоннаға дейін жетеді.Түрлері: феррит, аваруит, суэзит, джозефинит, октиобэгит, катаринит, бобровкит.Метеориттік темір құрамына қарай камасит және тэнит болып бөлінеді. Сомтумалар (орысшасы самородные минералы) - бір ғана химиялық элементтен тұратын минералдар тобы. Бұл минералдардың қазіргі таңда 30-ға тарта түрі белгілі.

Алмас – С (грекше “адамас” - жеңдірмейтін). Түсі – түссіз, көк, көкшіл, сары, қоныр, т.б.; түссызығы – жоқ; жылтырлығы – алмасша (бейметалдық); қаттылығы – 10; жіктілігі – орташа.

Графит – С . Грек тілінде “графо” - жазамын. Түсі – қара, қою сарғылт; түссызығы – қара; жылтырлығы – металша, жасырын кристалды түрлерінікі күңгірт; қаттылығы – 1; жіктілігі – жетілген.

Күкірт – S. Түсі – сары ; түссызығы – жоқ; жылтырлығы – бейметалдық (алмасша); қаттылығы – 1-2; жіктілігі – жетілмеген; тығыздығы – 2; от тисе жанады.

Алтын – Au. Түсі – сары, ашық сары, қою сары; жылтырлығы – металша; қаттылығы – 2,5-3; жіктілігі – жоқ; тығыздығы – 16-19; ауада тотықпайды, механикалық әсер көрсетсе (соқса) былшиады

62.Сульфидтер минералдар сыныбы

Сульфидтерде күкірттің өзі жеке түрде аниондық ролін атқарады, ал сульфаттарда күкірт оттекпен қосылып күрделі (комплексті) [SО4 ]-2 анион құрайды. Күкірттің осы сияқты екі түрлі күйде болуы негізінде: оттек жетіспейтін жерде күкірт жеке анион болады, ал оттек жеткілікті жерде күкірт ең алдымен сол оттегіне қосылып, комплексті ион құрайды. Оттек жердің ішкі қабаттарында жетіспегенімен жердің бетінде көп болады. Соған байланысты сульфидтер — көбінесе жердің астыңғы қабаттарында пайда болатын минералдар, ал сульфаттар — көбінесе жердің бетінде атмосфераның қатысы бар жағдайда пайда болатын минералдар. Сондықтан көп жерлерде сульфидтердің тотыққан беттерінде сульфаттар пайда болады деуге тура келеді. Табиғи жағдайда көптеген металдар күкіртпен қосылған минералдар түрінде кездеседі. Күкірттің қасиеті көп жағдайларда оттекке ұқсас. Егер металдардың химиялық қосылыстарға, яғни минералдарға айналатын жағдайларында оттек жетіспей, күкірт кездесетін болса, онда тотық орнына сульфидтер пайда болады. Күкіртті қосындылар түрінде кездесетін металдар көбінесе мыналар: темір, мыс, мырыш, қорғасын, күміс, сынап, сурьма, молибден, мышьяк, никель, кобальт т. б. Осы металдардың сульфид минералдарын кен минералдары деуге болады. Мысалы, пирит, халькопирит, антимонит, молибденит, арсенопирит сияқты минералдардан жоғарыдағы айтылған металдарды қорытып алады.. Сульфидтер оттек жетіспейтін, яғни тотықтанбайтын, атмосфера және басқа табиғи тотықтандырғыштар қатыспайтын жағдайда пайда болып жиналады. Сондықтан сульфид минералдарының орнықты алабы жер бетіндегі оттегі бар атмосфера шекарасынан төмен болады. Бұл шекараның үстіндегі сульфид минералдары бұзылады да, әр түрлі оттекті қосындылар — тотықтар, сулы тотықтар, карбонаттар т. с. с. пайда болады. Сульфидтер – бұл минералдар тобына металдардың күкіртпен қосындылары жатады, ал бұлардың табиғатта 27-ден жоғары түрі белгілі, әрі бұлар көптеген металдардың басты рудалары болып табылады.

Пирит – FeS2, гректің “пирос” – от деген сөзінен шыққан. Синонимі - темір колчеданы. Түсі – ашық сары; пішіні – куб, түссызығы – жасыл реңді қара; жылтырлығы – металша; қаттылығы – 6-6,5; жіктілігі – аса жетілмеген ; тығыздығы – 4,9-5,2.

Халькопирит – CuFeS2, гректің “халькос” – мыс және “пирос” – от деген сөзінен шыққан. Синонимі мыс колчеданы. Түсі – қою сары; пішіні – тетрагонды, түссызығы – жасыл реңді қара; жылтырлығы – металша; қаттылығы – 3,5-4; жіктілігі – жетілмеген ; тығыздығы – 4,2, морт сынады.

Галенит – PbS, (қорғасын жылтыры), Түсі – қорғасындай сұрғылт; пішіні – текше, түссызығы – сұрғылт қара; жылтырлығы – металша; қаттылығы – 2,5; жіктілігі –жетілген ; тығыздығы – 7,5.  Сфалерит – ZnS, синонимі мырыш алдамышы. Түсі – түссіз, қою қоңыр, қара (түстерінің ерекшеліктері құрамындағы темірдің мөлшеріне тікелей байланысты; пішіні – текше, түссызығы – ақшыл, кейде ашық сары түстен қою қоңыр түске шейін өзгереді; жылтырлығы – металша кейде бейметалдық (алмасша); қаттылығы – 3,5-4; жіктілігі – аса жетілген; тығыздығы –3,9-4,2.

63.Карбонаттар минералдар сыныбы

К Жер қыртысының шамамен 1,7%-ын (массасы бойынша) құрайды. Ең көп таралған және жынысқұрушы минералдар қатарына жататындар — кальцит (СаС03) және доломит (СаС03.МgС03). Бұлар әктастар және доломиттер деп аталатын шөгінді карбонатты таужыныстарды құрайды. Аталған таужыныстардан гөрі сирегірек ұшырасатын карбонатты таужыныс өкілдері:анкерит — (Са,Ғе,Мg)СО3,сидерит — ҒеС03,магнезит — МgС03,родохрозит — МnС03. Карбонатты таужыныстардың өзге түрлері мүлдем сирек ұшырасады.Құрамында карбонат ионы CO3 бар минералдар. Сидерит[1] (грекше sіderos — темір), темір шпаты — карбонаттар класына жататын минерал. Химиялык формуласы: ҒеСО3. Құрамы FeO — 62,01%, CO2 — 37,99%, қоспалары Mn, Mg, Ca, Co, Zn. Тригондық сингонияда кристалданып, ромбоэдр, тақта, призма типтес кристалдар түзеді. Агрегаттары іркінді, сферолиттер, оолиттер және топырақ тәрізді түйірлі масса құрайды.Түсі ашық сарыдан сұр және қоңырқайға дейін; қаттылығы 4 — 4,5, тығыздығы 3,96 г/см3, жылтырлығы шыныдай, жіктілігі жетілген.Сидерит гидротермалдық, тұнбалық, шөгінді, метаморфтық процестер нәтижесінде түзіледі.Аса сапалы темір кентасы болып есептеледі. Қазақстанда Қостанай, Торғай өңірлерінің қоңыр теміртас кендерінде кездеседі. Сидерит — темірдің маңызды кені. Сидерит кристаллдары кварцпен бірге (өлшемі: 6.2 x 4.1 x 3.6 cm)Бразилия сидериті (өлшемі : 5 x 3.2 mm). Агрегаттары жоғарыда айтылған карбонаттарға ұқсас. Жаратылысы. Сидерит көбінесе тек тотықпайтын:а) гидротермалық , ә) шөгінділік, б) сирек те болса үгілу әрекетінен,в) метаморфтық жағдайда пайда болады.Қолданылуы. Егер сидериттің көп қоры табылып, оның құрамында фосфор мен күкірт аз болса, сонда ол темір өндірісінің кені болып табылады. Кендері біздің елімізде Қырымда (Керчь түбегінде), Уралда, Байкалда кездеседі. Шет елдердегі кені Испанияда (Бискай шығанағында), Германияда (Зиген кені), Англияда (Шотландияда және оңтүстік Уэлсте), Алжирде, Тунисте т. б. жерлерде бар. Магнезит (лат. magnesіa — магнезия) — минерал, карбонаттар класының кальцит тобына жатады. Химиялық формуласы MgCO3, MgО — 47,82%, СО2 — 52,18%, изоморфты қоспа түрінде Fe, сирек түрінде Mn, Ca болады. Механикалық қосындылар ретінде халцедон, сазды заттар, су, доломит кездеседі. Магнезит ақ, сарғылт, кейде құрамындағы қоспаларға байланысты көгілдір сұр, қара сұр, қоңыр, қара болып келеді, шыныша жылтырайды. Қаттылығы 4,0 — 4,5, тез сынады, тығыздығы 2900 — 3100 кг/м3. Магнезит гипспен бірге тұзды шөгінділерде, талькпен аралас магмалық ультранегізді тау жыныстары арасында кездеседі. 1000 С температураға дейін қыздырғанда 92 — 94% көмір қышқылын жоғалтып, химмялық активті ұнтаққа айналады. Бұл ұнтақ каустикалық магнезит деп аталады. Ол магнезиялық тұтқыр цемент, жасанды каучук, пластмасса, вискоза, т.б. жасауға, түрлі химия өңдеу процестерінде, т.б. қолданылады. Температураны 1500 — 1650 С-қа дейін қыздыру арқылы химия процестер әсеріне берік, отқа төзімді (2800 С-қа дейін) Магнезит ұнтағы алынады. Одан болат балқыту пештерінің табаны мен түрлі металлургия[5] пештерінің бөліктері жасалады. Азурит (фр. l’azur — лазурь, көк тас) — карбонаттар класына жататын минерал. Химиялық формуласы Cu(CO3) 2[OH]2. Сингониясы моноклинді. Кристалдық құрылымы — координаттық. Кристалдары жапырақша, қысқа призма пішіндес. Агрегаттары түйіршікті, қабыршақты. Түсі көк, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3,5-4, меншікті салмағы 3,7-3,9 г/см3. Мыс кен орындарының тотыққан белдемінде түзіледі. Азуриттің серіктестері — таза мыс, малахит, куприт. Ерте замандардан Жезқазған өңірінде әшекей тас ретінде өндірілген. Азурит мыс кентасы ретінде, сондай-ақ көк бояу, көк дәрі (тотияйын) жасауға қолданылады.

64. Сульфаттар минералдар сыныбы

Бір валентті, екі валентті және үш валентті металдардың тұздары сульфаттар түрінде кездеседі. Сонымен қатар қос тұздар, күрделі тұздар да болады. Сульфаттардың сусыз және сулы түрлері бар. Халық арасында ежелден белгілі ашутас, тотияйын деген минералдар осы сульфаттар қатарына жатады. Сонымен, сульфаттар қатарына жататын минералдардың түрі көп. Барит  ауыр шпат – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы: BaSО4, құрамына қоспа түрінде стронций мен кальций енеді. Стронций мөлшері көп болса, баритоцелестин деп аталады. Кристалдары тақтайша жалпақ, сирек призма немесе бағана пішінді болып келеді. Минералдық агрегаттары түйірлі массадан тұрады. Көбіне ақ, кейде әр түсті, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 3 – 3,5, меншікті салмағы 4,3 – 4,7 г/см3. Гидротермаль кендер мен шөгінді жыныстарда кездеседі. Қазақстанда көп таралған (Бадам барит кені, т.б.). Резина, қағаз, химия өндірістерінде толықтырғыш ретінде пайдаланылады, бұрғылау ерітінділеріне қосылады.[2]

Целестин (лат. Caelestіs — көгілдір) — сульфаттар класына жататын минерал. Хим. Формуласы-SrSO4;Құрамы (%):SrO — 56,42, SO3 — 43,58;Қоспалары:Ca, Ba. Қасиеттер:Ромбылық сингонияда кристалданады, жеке кристалдары қалақ, призма, пирамида тәрізді, минералдық агрегаттары түйір, талшық, сояу, пластинка пішіндес, түсі солғын көк, жасыл, қызғылт, түссіз, жымдастығы жетілген, шыныдай жылтыр, қатт. Моос шкаласы бойынша 3 — 3,5, тығызд. 3,9 — 4,5 г/см3.Шөгінді тау жыныстарында (гипс, әктас, доломит, натрий және калий тұздары, сазды тақтатас, мергель, құмтас), гидротермалдық желілерде саф күкірт, стронцианит, кальцит, флюорит, т.б. минералдармен бірге кездеседі.Кендері:Ұлыбритания,Германия,Италия,АҚШ,Ресейде (Волга бойы, Оңт. Орал, Кавказ), Орта Азияда табылды. Кристалдық сырт бейнесі барит сияқты таблетка түрінде немесе ұзыншақ келеді. Жаратылысы. Целестин көбінесе шөгінді тұнба жыныстар арасында, доломит, ізбестас, мергель, гипсті саздармен қабаттас кездеседі. Кейбір жағдайларда целестин гидротермалық және теңіз жәндіктері ішінде (радиолярияда) кездеседі.Целестин стронций металының тұзы ретінде пиротехникада қызыл жалын алуда, бояу, шыны өндірісінде қолданылады. Кейінгі кезде онан стронций металын қорытып алып, оны мыстың сапасын жоғарылатуға қосатын болды. Целестин кендері СССР-де Архангельск облысында, Волга бойында, Башкирияда, Орынбор маңында, Маңғыстауда, Якутияда бар. Шет елдердегі кені Бристольда (Англия), Вестфалия мен Вальдекте (Германия) бар.

68. Тізбекті силикаттар минералдар сыныбы

Силикаттар  класына  Жер  қабығында  ең  кµп  тараған  жыныс  құрушы,  µте  күрделі  құрамды,  кµбіне  магмалық  және  метаморфтық  жыныстар  түзетін  минералдар  тобы жатады. Олар кварцпен бірге Жер қабығының 90 пайызынан артық салмағын береді.  Силикаттардың  барлығының  кристалдық  торының  негізіне  тµрт  валентті  SiO4   тобы  кіреді. Тізбекті силикаттар - жеке тізбекті силикаттар (метасиликаттар) Пироксендер. Негізді атпа (магмалық ) жыныстардын. көпшілігінің кұрамдарында пироксендер болады. Бұлар тусті жыныс құраушы минералдар есебінде роль атқарады. Жеке кремний (силиций)-оттекті тізбектер арасындағы байланыс Са2+, Mg2 + , Ғе2 + ,сирек те болса Na'+, Ғе3+,А13 +, катиондарымен жүзеге асырылады. Химиялық номенклатурасына қарай пироксендер белгіленген металдардың метасиликаттары болып табылады. Пироксендердің өзгешелігі — олардың арасыпдағы бұрышы 93°-тай болатын екі бағыттарында анық жымдастығының барлығы. Кристаллографиялық жағынан пироксендер ромбыға немесе ортопироксендерге және моноклинге немесе клинопироксендерге бөлінеді. Ромб пироксендер. Ромб пироксендердің әдемі кұрастырылған пластинка немесе таблетка сияқты кристалдары сирек кездеседі. Олар негізді және өте негізді магмалык тау жыныстарының (габброның, перидотиттің, пироксениттід және басқалардың) іқұрамына еніп, кең түрде таралған. Мұнда олар магмадан жеке бөлініп шығады немесе оливин аркылы теңгерілгенде пайда болады: (Mg, Fe)2 [Si04 ] + S i 0 2 = ( Mg Fe)2 [Si206 ]. Бұл топтың жеке минералдары мен Mg2[Si206] құрама қоспаларынан, Mg иондары Ғе2 + иондарымен алмасып, изоморфтық қатар пайда болады. Кристаллографиялық , оптикалық және баска касиеттері олардыц құрамына байланысты әзгереді. Бір-екі көрнекті мысал келтірейік. Энстатит—Mg2 [Si2 06 ]. Қаттылығы 5,5, меншікті салмағы 3,1—3,3. Тусі ақшыл, сұр, жасыл, сары немесе қоңыр түсті. Жылтырлығы шыны тәрізді немесе қ ұлпырма. Бұл контактылық минерал есебінде жиі кұралады. Энстатит тұз қышқылында ерімейді. Энстатиттік қайталама өзгеріскс қарай ол қоңыр амфиболға немесе антигоритке айналады. Гиперстен ~ (Ғе, Mg)2[Si206 ] . Қаттылығы 5—6, меншікті салмағы 3,4—3,5. Тусі күңгірт, жасыл қоңыр, қара сұр, жылтырлығы қ ұлпырма, кейде металл тәрізді. Жымдастығы (110) бағытында анық білінеді, екі бағыттағы аралық бұрышы 88°. Интерферециялық болуы сарыға дейін езгереді, ал алғаш рет қызыл сары болады. Энетатит пен гиперстенді басқ а гшроксендерден тек микроскоппен шлиф арқылы айыруға болады. Қайталама өзгерістеріне қарай гиперстен серпентинге, аздап талькке ауысады. Диопсид —Ca(Mg, Fe)[Si206 ]. Қаттылығы 6, меншікті салмағы 3,2—3,3. Түсі жасыл шыны сияқты, кейде түссіз болады. Диопсид әдетте призмалық кристалдарда, ал сонымен қатар түйірлі және түйірлі массалар түрінде кездеседі. Диопсид кейіннен сипатталатын авгиттен күшті жасыл бояуымен, сонымен қатар әдеттегі кристалдары мен агрегаттарыныц зор мөлшерлерімен айырлады. (100) және (001) қарай қоспақтары жиі байқалады. Жымдастығы (110) бойынша анық білінеді. Диопсид тұз қышқылына ерімейді. Диопсид—атпа (магмалық ) және метаморфтық тау жыныстарын құраушы минерал. Оның ҒеО көп түрлері геденбергиттер деп аталады (таза геденбергит— CaFe[Si206 ].  

69.Қабатты силикаттар минералдар  сыныбы

Силикаттар  класына  Жер  қабығында  ең  кµп  тараған  жыныс  құрушы,  µте  күрделі  құрамды,  кµбіне  магмалық  және  метаморфтық  жыныстар  түзетін  минералдар  тобы жатады. Олар кварцпен бірге Жер қабығының 90 пайызынан артық салмағын береді.  Силикаттардың  барлығының  кристалдық  торының  негізіне  тµрт  валентті  SiO4   тобы  кіреді.

Бұл силикаттардыц ерекше жалпы қасиеттері — пинакоид бойынша жақсы дамыған жымдастығы және осыдан шыққан кристалдардың жапырақты немесе қабыршақ формасы. Кремний иондарының кейбір бөліктері алюминий иондарымен орындарын ауыстырады. Сонда алюминий иондары мен магний иондарының өзара алмасуынан силикат қосындысының валенттігі өзгереді. Соның нәжесінде оған калийдін, сирек те болса натрийдің немесе кальцийдің иондарының кристалдық решеткаға енуіне жағдай туады.

Серпентин Mg6 [Si4O] (OH)8 . Сырт пішіні жыланға ұқсағандықтан серпентинді орысша змеевик деп атайды. Магнийдің орнын темір қоспасы жиі-жиі ауыстырып отырады. Қаттылығы, 2,5—4, меншікті салмағы 2,50—2,65. Сингониясы моноклиндік. Серпентиннің тығыз массаларының қылтаңды сынықтарының әр түрлі реңкі темір мөлшеріне байланысты жасыл және қоңырқ а й жасыл түстерден қ а р а жасылға дейін өзгереді. Хром теміртасының қосылуларына байланысты оның бояуы шұбар болады. Қылтанды серпентинге хризотил және пластинкалы серпентіш-антигорит жатады. Серпентиннің өзгешелігі — бояуы, құрылысы, онша қатты еместігі, жымдастығының жоқтығы және май тәрізді жылтырлығы.

Асбест жылтырлығы жібек тәрізді, химиялық құрамына Қарағанда 

серпентинге жақын, талшықты  минерал, бірақ құрылысы серпентиннен басқа . Асбест змеевикте желілер және өзектер түрінде кездеседі. Желілердің талшық т а ры түтікше оралған жұқа пластинкалардан тұрады. Мүндай желілердің қалыңдығыОД мм-ден 10слі-ге дейін, тіпті онан да көбірек болады. Асбест басқа минералдан талшық ты құрылысы мен жібектей жылтырлығымен айрылады. Ол жібек сияқты жұқа , иілгіш, солқылдақ , берік жіпке ажыратылады. Амфиболды асбестід талшығынан серпентин-асбестің талшығы өте берік және иілгіш келеді. Жаратылысы. Асбестің тегі толық анық емес, асбест ыстық сумен күрделі өңделуінен пайда болуы мүмкін. Серпентиннеи пайда болған асбестен басқ а (серпентин-асбест немесе хризотил-асбест), құрылысы сондай, бірақ физикалық қасиеттері басқа , амфиболдан шық қ а н қоңыр амфиболды асбвст деп аталатын минерал да белгілі болды. Хризотил - асбест — Mg6 [ S i 4O1 0](OH)8 . Аты гректід хризотил — алтынды талшық , асбестус — жанғыш емес деген сөздерінен шыққан.

70.Қаңқалы силикаттар минералдар сыныбы

Силикаттар  класына  Жер  қабығында  ең  кµп  тараған  жыныс  құрушы,  µте  күрделі  құрамды,  кµбіне  магмалық  және  метаморфтық  жыныстар  түзетін  минералдар  тобы жатады. Олар кварцпен бірге Жер қабығының 90 пайызынан артық салмағын береді.  Силикаттардың  барлығының  кристалдық  торының  негізіне  тµрт  валентті  SiO4   тобы  кіреді.

     Силикаттардан  оливин  (Mg, Fe)  SiO4   ; пироксендер  тобы  –       (Na2Ca,   MgFe2)  Si2O6 ; амфиболдар  (оларды  сулы  пироксендер  ретінде  қарауға  болады);  слюдалар  (калийлі ақшыл      мусковит   пен   серицит,   темір   -         магнийлі   қарасы   –       биотит);   серпентин   – Mg[Si4O16](OH) 2  ; тәлк –

Mg3 [Si16O4](OH) 2  ; хлориттер (магний мен темірдің сулы күрделі  алюмосиликаты);топырақ іспетті балшық–каолинит–Al4[Si4O10                      ](OH) 8  ; дала шпаттары – калий-натрийлі ортоклаз – K(AlSi3O8) ізбесті – натрийлі плагиоклаздар тобын оқып, айыра  білу керек т.б.  

     Плагиоклаздар  деп  су  мен  сүттің  әр  шамадағы  қосындысы  секілді  изоморфты  минералдың   жалғасуын   айтады.   Олар   альбит   –                Na(Al 2Si 3O8)   ,  олигоклаз,   андезин  лабрадор, битовнит, анортит – Ca(Al 2 Si 2O 8). Осы тұста айта кететін бір жәй, ол, альбит пен анортиттен басқа, жоғарыда айтылған   минералдар осы екеуінің үздіксіз қоспасынын тұрады.

     Екеуінің   химиялық   формуласынан   кµретініміз   –         кремний   тотығының   мµлшері,  альбиттен (68,8%) анортитке ( 43,28%) қарай кемитіндігі. Осыны  ескеріп,  сол  жақ  шеттегі  альбит  пен  олигоклазды  қышқыл,  андезин  мен  лабрадорды орташа қышқыл, битовнит пен анортитті негізді плагиоклаздар деп жіктейді.

Дала шпаттары – қаңқалы силикаттар класының өте көп тараған, тау жынысын түзетін минералдар тобы. Бүкіл Жер қыртысының 50%-ын құрайды. Дала шпаттарының моноклиндік және триклиндік сингонияда кристалданады.Кристалдары тақта немесе бағана пішінді.Түсі ақ, қызғылт, сұр, тағы басқа.Қаттылығы 6,0 – 6,5, меншікті салмағы 2,5 – 2,8 г/см3, балқу t 1110 – 1550°С. Дала шпаттары кальций-натрийлі (плагиоклаздар), калий-натрийлі (ортоклаз, микроклин, санидин, тағы басқа) және калий-барийлі болып бөлінеді.Дала шпаттары көптеген тау жыныстарының құрамына кіреді, граниттерде, сиениттерде, диориттерде, габброда (плагиоклаздар),тағы басқамагмалық жыныстарда жиі кездеседі. Олар метаморфтық жыныстардың (гнейс), кристалл тақтатастардың, амфиболиттердің құрамында түзіледі. Үгілу нәтижесінде дала шпаттары серицитке, каолинге, монтмориллонитке, сазды минералдарға айналады, ал гидротермальдық өзгерістерге және метаморфтануға шалынғанда цеолит,скаполитмусковит, тағы басқа түзіледі.Дала шпаттары керамикафарфор, шыны өнеркәсібінде, эмалькірпіш, бояу, бетон мен цемент әзірлеу үшін пайдаланылады. Кейбір дала шпаттары (амозонит, тағы басқа) әшекейлегіш тас, ал лабродорит қаптама материал ретінде қолданылады.

71.Магмалық тау жыныстардың сипаттамасы

  Магмалық       таужыныстар          мен     пайдалы      қазбалар.     Магмалық       таужыныстар   интрузивтік  және  эффузивтік  болып  екіге  бµлінеді.  Олар  бір-бірінен  құрылымдық  және   орналасымдық ерекшеліктерімен ажыратылады. Интрузиялық  денелердің  құрамы  магманың  бастапқы  құрамына  немесе  жапсарлас  таужыныстарымен         араласып,     µзгеруіне    байланысты.       Интрузиялық      денелердің      қату  температурасы құрамындағы еріген газдың мµлшеріне байланысты. Газ кµбейген сайын  магманың  қату  температурасы  тµмендей  береді.  Осы  газдармен  әр  түрлі  металдар  тікелей  байланысты,  себебі  газда  еріген  металдар  әр  түрлі  кен  орындарын  түзеді,  ал   газдар жиналған сұйық бµлікшелерде асыл тастар, тіпті құнды минералдар түзіледі. Эффузиялық  таужыныстарымен  негізінен  әр  түрлі  газдар,  күкірт,  сынап,  түсті  

металдар кен орындары тығыз байланысты.

жердің  терең  қойнауларында  жүретін процесс және нәтижесінде интрузиялық магмалық таужыныстары қалыптасады  (гранит,  сиенит,  диорит,  габбро,  дунит  т.б.).  Интрузиялық  таужыныстар  магманың  µте  баяу сууына байланысты ірі кристалды немесе толық кристалды құрылымға ие болады, ал  түзілімі   тығыз,   шомбал   болып   келеді.   Интрузиялық   таужыныстар   осы   белгілеріне  байланысты  (құрылымы,  түзілімі)  оңай  ажыратылады.  Олардың  құрамы  бізге  белгілі  силикат   тобындағы    минералдардан     тұрады   –  кварц,  ортоклаз,   плагиоклаз,  мүйіз  алдамшысы, слюда т.б.). Интрузивтік    таужыныстар    жер   қыртысының      терең   (абиссалдық)   қабаттарында   кристалданған  жағдайда,  олар  жапсарлас  таужыныстарын  бұзып-жарып  еніп  үйлесімсіз  ірі  магмалық  денелер  пайда  болады.  Оларға  батолит,  шток жатады.  Ал  гипабиссалдық  жағдайда,      олар   айнала   қоршаған   ортаны   құрайтын   кµне   таужыныстардың   жатыс  жағдайына  сәйкес  орналасқан  үйлесімді  денелер  (лакколит,  лополит,  факолит,  силл)  құрайды.  Сонымен  қатар  үйлесімсіз  кішігірім  магмалық  денелер  де  (дайка,  желі,  некк) жиі кездесіп отырады Құрамы  негізді  сұйық    магма  жер  бетіне  жақын  аудандарда  шµгінді  қабаттардың  жапсарларын бойлай кµтерілсе, үйлесімді магмалық денелер силдер пайда болады.

72.Метаморфтық тау жыныстардың сипаттамасы

Метаморфтық  таужыныстар  мен  пайдалы  қазбалар.  Метаморфизм  әрекеттерінің нәтижесінде  ең  соңында    метаморфтық  таужыныстары  түзіледі.  Олардың  құрамына кіретін   минералдардың      барлық    түрлері     толық    кристалданған     күйде    болады.  Метаморфтық  жыныстардың  химиялық  құрамы  µте  күрделі.  ¤йткені  олар  алғашқы  

магмалық, алғашқы шµгінді немесе бұрынырақ пайда болған метаморфтық жыныстардың  негізінде, қайтадан кристалдану жағдайында құралады. Олардың құралу барысында кейде  әр түрлі химиялық компоненттердің бір-бірімен µзара орын алмасу әрекеттері маңызды  рµль атқарады.  Метаморфтық   таужыныстарының   минералдық   құрамы   µзіндік   ерекшеліктерімен  сипатталады:   1.   Олардың   құрамында   магмалық   таужыныстарын   құрайтын      басты  минералдардың  барлығы  да  (кварц,  дала  шпаттары,  пироксендер,  оливин,  амфиболдар,  слюдалар  және  т.б.)  кездеседі.  2.  Бұлардан  басқа  олардың  құрамында  метаморфтық  жолмен  жаңа  пайда  болған  минералдар  да  (анартас,  тальк,  хлорит,  серпентин,  дистен,  серицит,  эпидот,  воллостанит  т.б.)  кездесіп  отырады.  Мұндай  минералдар  метаморфтық  әрекеттердің µзіндік индикаторы (белгісі) ретінде индекс-минералдар болып саналады.Алғашқы  аналық  жыныстан         сақталған  минералдар  қалдық  (реликт)  минералдар тобын  құрайды.  Ал  тек  метаморфтық  әрекеттерге  байланысты  түзілген  минералдар  типоморфты минералдар деп аталады. Белгілі бір термодинамикалық жағдайда түзілген  минералдар ассоциациясы (тобы) метаморфтық таужыныстарының минералдық фациясын құрайды.   Минералдық фациялар метаморфизм әрекеттерінің әр түрлі дәрежедегі сатыларына  (эпизона, мезозона, катазона) сәйкес келеді.   Сонымен        метаморфизмнің        геологиялық       маңызы,       бұл     метаморфтық  таужыныстарының,  әрі  метаморфогендік  кен  орындарының  түзілуі  екен.  Соңғысына  

мысал  келтірер  болсақ,  бұл  алмас,  темір,  слюда,  графит,  түсті  металдар,  асыл  тастар,  әшекей  тастар  т.б.  кен  орындары,  соның  ішінде  скарндармен  байланысты  темір,  мыс,  қорғасын,   мырыш,   вольфрам   рудалары,   ал   грейзендермен   бірге   ұшырасатын   сирек  кездесетін   тµмендегідей     металдардың      рудалары,    олар   вольфрамит,    молибденит,  касситерит, топаз және т.б.

76.Жанартаудың құрылымы және оның өнімдері

Жанартаулардыңтипі. Жанартаулардыңморфологиясы магма көтерілетінканалыныңсипатыбойыншаекіге бөлінеді: 1. Орталықтипті; 2. Жарықтипті.

Вулкандық лава орталықөзек арқылыатқылаған жағдайларда конус пішіндіжанартаулар (күмбездер, тасқындар), ал тектоникалық жарықшақтар арқылытасып төгілгенде лава жамылғылары (жабын) түрінде түзіледі.

Вулканныңқұрылымдықэлементтері: 1. өзіндік каналы (өзегі); 2. Кратері(вулканныңжербетінешығып жатқан аузыболмасасағасы); 3. Қосымша бүйірлік каналдар (ірі вулкандарда көптеп кездеседі), мұндай вулкан түрлерін паразиттік вулкандар деп те атайды; 4. Вулкан атқылағанда кратерінің орыны опырылып құласа, әрі кең көлемді опан шұңқырлар пайда болса (диаметрі 15 км-ге жетеді) оны кальдера деп атайды (италия тілінде “кальдера” – қазан шұңқыр).

Жанартаулардың географиялық таралуы. Жанартаулар біздің планетаның белгілі бір жерлерінде ғана болады. Қазіргі таңда 500-ден астам жанартау белгілі. Олардың орналасқан жерлері тынық мұхиттың жағалаулары, Индонезия архипелагтары, Жерорта теңізінің жағалаулары, яғни дәлірек айтар болсақ ол литосфералық тақтатастардыңқозғалмалы жіктері және жарықтары (Атлант мұхитының орталық жотасы) болып табылады.

Жанартау өнімдері. Вулкандық заттар сұйық, қатты және газ күйінде кездеседі. Ал жанартаулар атқылаған өнімдер үлкен екі топқа бөлінеді: 1. Пирокласт (от сынықтары): а) көл; б) құм; в) лапиллий; г) бомба. 2. Газдар: а) фумаролды газдар (құрғақ, қышқыл, сілтілі фумаролдар); б) Сольфатарлы газдар; в) мофетті газдар немесе көмірқышқылды фумаролдар; 3. Лава (тасқын, жабын, баған, мұнара).

83.Мыс рудаларына сипаттама беріңіз.

Минерал (ескі лат. mіnera – кентас кесегі) – химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бір текті табиғи дене. Ол жер бетіндегі немесе жердің (ғарыш денелерінің) қойнауындағы физикалық - химиялық процестерге байланысты пайда болып, тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді, т.б. құрайды. Минерал негізінен қатты денелер. Олар кристалды (пирит, галенит), аморфты (опал, лимонит) және метамикты (сырты кристалл тәрізді, ішкі құрылысы аморфты, шыныға ұқсас) болып жіктеледі. Әр Минерал өзіне тән құрамды, кристалды құрылымы бар табиғи қосынды. Жекелеген кристалдар, дәндер және басқа денелер Минералдық индивид деп, ал Минералдық индивидтердің бірігіп түзілгендері минералдық агрегаттар деп аталады. Табиғатта зерттелген Минерал түрлері 2,5 мыңға жуық, жыл сайын 30-ға жақын жаңа Минерал түрлері анықталады. Мыс, Cu – элементтердің периодтық жүйесінің І-тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 29, атомдық массасы 63,546. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 63Cu және 65Cu. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 4,7.10–3%. Негізгі минералдары: халькопирит, халькозин, ковеллин, малахит, азурит. Пластикалық қызыл түсті металл, кристалл торы қырлары центрленген кубтық, тығыздығы 8,94 г/см3, балқу t 1084,5°С, қайнау t 2540°С, тотығу дәрежесі +1, +2. Құрғақ ауадағы бөлме температурасында тотықпайды. Қыздырғанда ауада CuО және Cu2О-ға дейін тотығады, галогендермен, S, Se, HNO3, H2SO4-пен әрекеттеседі. Аммиак, цианидтермен, т.б. кешенді қосылыстар түзеді. Сульфид концентратын балқытып, одан түзілген мыс штейнін қара мысқа дейін тотықтырып, оны жалынмен не электролиттік әдіспен тазарту арқылы; гидрометаллургиялық әдіс – құрамында мысы бар минералдарды күкірт қышқылымен (немесе NH3 ерітіндісімен) өңдеп, одан әрі электролиздеу арқылы алады. Мыс кабельдердің, электр қондырғылары мен жылу алмастырғыштардың ток өткізгіш бөлігін жасау үшін пайдаланылады; қорытпалардың (латунь, қола, мыс-никель, т.б.) құраушысы ретінде қолданылады.

...

Скачать:   txt (166.1 Kb)   pdf (534.4 Kb)   docx (90.7 Kb)  
Продолжить читать еще 48 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club