Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Теңіз кен орнындағы өңдеу зауыттарында мұнайды жинау және тасымалдау технологиясы

Автор:   •  Октябрь 25, 2018  •  Реферат  •  707 Слов (3 Страниц)  •  1,270 Просмотры

Страница 1 из 3

Теңіз кен орнындағы өңдеу зауыттарында мұнайды жинау және тасымалдау технологиясы мынадай схема бойынша жүзеге асырылады: ұңғыма сағасы - шығару желілері-өлшеу қондырғысы - жинау желілері - орталық манифольд - магистральдық құбыр жолдары - зауыттық манифольд - слаг-кетчер - сепарация, мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру, күкіртсутектен, көмірқышқыл газынан сепарациядан кейін газды тазарту, газды қайта өңдеу және мұнайды тауарлық кондицияға дейін демеркаптанизациялау.

КТЛ-1 және КТЛ-2 қуаты  47 ұңғымада өндірілетін  Теңіз кен орнының жылына 6,5 млн. тонна мұнайын өңдеуді қамтамасыз етеді.

Теңіз кен орнындағы  ұңғымалар өнімдерін жинау және кәсіпшілік дайындау жүйелеріне қойылатын төменде келтірілген техникалық-технологиялық талаптар:

- нұсқалар бойынша мұнай мен сұйықтықты іріктеу бойынша игерудің негізгі көрсеткіштерінің сипаттамасы: табиғи сарқылу режимі; 2004 жылдан бастап газ айдау

- қабаттағы мұнайдың қасиеттері

- газдалған мұнайдың физикалық-химиялық қасиеттері және фракциялық құрамы

- қабат суының  қасиеттері мен құрамы

- игерудің барлық кезеңінде өндіруші ұңғымалардың сағасындағы болжамды қысым және температура;

- жұмыс істеп тұрған ұңғымалардың нақты қысымы, температурасы және дебиті;

Ұңғыма өнімдерін жинау жүйесі РД 39-0148311-605-86  «Мұнайды жинау,дайындау және тасымалдаудың технологиялық схемасы» талаптарына сәйкес болуы тиіс:

- әрбір ұңғыма бойынша мұнай мен газ дебитін өлшеу;

- бір құбыр арқылы тасымалдау;

- процестің толық герметизациялануы;

- қабаттық қысымды барынша пайдалану.

Аталған талаптардың орындалуы жинау объектілерін пайдаланудың неғұрлым қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етеді және ең бастысы табиғи ортаның сақталуын қамтамасыз етеді.

Мұнайды кәсіптік дайындау процесінің параметрлерін анықтайтын маңызды факторлар оның физикалық-химиялық қасиеттері, сондай-ақ мұнайды дайындау кезіндегі операциялардың жүйелілігі мен технологиялық параметрлерін тікелей анықтайтын фракциялық және компоненттік құрамы болып табылады. Бұдан басқа, ұңғыма өнімдерін өндіру серпінін ескеру қажет, ол өндіріс қуатын және осы объектілердің сатылық құрылысы кезінде оны өсіру кезектілігін анықтайды .

РД 39-0147035-207-86 сәйкес Теңіз мұнай кен орнының мұнайын жинау және дайындау жөніндегі құрылыстардың қуаты мұнайды, газды және суды іріктеудің ең жоғары деңгейіне  есептелуге тиіс.

Бүгінгі күні кен орнында газ-сұйықтық-су жүйесі бойынша дебитті өлшеуді жүргізуге мүмкіндік беретін сепараторлармен жабдықталған 9 өлшеу қондырғысы (ЗУ) жұмыс істейді. Әрбір өлшеу қондырғысы  орталық кәсіптік манифольдқа (ЦПМ) және одан әрі орталық жинау пунктіне қосылған. Атап айтқанда, ЗУ-5-ке 4 ұңғымадан, ЗУ - 8-5 – ке, ЗУ-9 – 10-ға, ЗУ – 12-4 – ке, ЗУ-14 - 5-ке, ЗУ – 15-9 – ға, ЗУ-17-9-ға, ЗУ-19-5-ке, ЗУ-20-7-ге (сурет. 1.5).

Жұмыс істеп тұрған ұңғымалардың сағасындағы қысым 9,3 МПа-дан 42,4 МПа-ға дейін, ал дебит 118-ден 2055 т/тәулігіне өзгерген кезде температура 52 С-дан 108 С-қа дейін өзгереді. Жылу оқшаулағышы 25мм-ден полиуретаннан тұратын құбырлардың манифольдіндегі температура шамамен 60 С, ал қысым шамамен 7 МПа.

...

Скачать:   txt (10.7 Kb)   pdf (270.6 Kb)   docx (309.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club