Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Отчет по практике в «Инкай»

Автор:   •  Сентябрь 23, 2022  •  Отчет по практике  •  4,243 Слов (17 Страниц)  •  180 Просмотры

Страница 1 из 17

Жоспар

I.Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Аймақтың геологиялық құрылымының ерекшеліктері

1.2 Ауданның даму тарихы мен климаттық жағдайлары

2 Геологиялық бөлім

2.1 Ауданның геологиялық құрылымы

2.1.1 Мезозой-кайназой түзілімінің  стратиграфиясы

2.1.2 Мыңқұдық өнімді жиегінің литологиялық-фациалды және

геохимиялық сипаттамасы

2.1.3 Аймақтың тектоникалық  және магмалық құрылымдары

2.1.4 Аймақтың  геологиялық, гидрогеологиялық, технологиялық

Сипаттамасы

2.2 Гидрогеологиялық және инженерлі - геологиялық жұмыстар

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер


КІРІСПЕ

«Инкай» уран кенорны Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы, Шу-Сарысу депрессиясының орталық бөлігінде орналасқан. Жақын орналасқан тұрғылықты жерлер Қаратау және Ақсүмбе ауылдары болып табылады, және кенорыннан оңтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан. Кенорыннан солтүстікке қарай 60 шақырым жерде Тайқоңыр ауылы орналасқан. Солтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде Қыземшек ауылы орналасқан. Жобаның мақсаты болып С2 категориялы уранды жерасты сілтілі әдіспен өндіріп өндірісте қолдану және өнімділігін 2000 тоннаға дейін жеткізу. Жобаның қарастыру бойынша барлау және гидрогеоологиялық ұңғыларды бұрғылау санын 390 ұңғыға дейін      жеткізіп, лабораториялық, гидрогеологиялық, инженерлі-геологиялық, минералогиялық,  химиялық, геохимиялық, және басқа да зерттеулерді қатар жүргізу қарастырылған. Жұмысты жүргізу барысында экологиялық бақылау жүргізіледі.

Қоршаған ортаны ластаудың негізгі кері әсерлі көзі болып  жылжымалы бұрғылау қондырғылары, бульдозерлар, жинақты-жетектер, жылжымалы электростанциялар, экскаваторлар, техникалық су-тасушылар, вахталық машиналар және т.б. Ұңғыманы бұрғылау кезінде сазды жуу сұйығын құмнан тазалау үшін 2 зумпф қазылады. Кен орыннан алынған ұңғыма үлгісін зертханалық жұмыстардан кейін, радиоактивті қалдықтарды сақтайтын жерде көміледі.

Инкай кенорны Мыңқұдық кен аудандық Кенце-Буденновка металлогенді аймағының құрамына кіреді. Рудалы кен орны солтүстік шығыстан оңтүстікке қарай 55 шақырымдай, ал  ені бойынша 7-17 шақырымдай жерді алып жатыр. Инкай кенорнының солтүстік – шығыс бөлігі Мыңқұдық кенорнынан Орталық антиклинальды құрылымы ауданында рудалы жолақтардың үзілісіп келуімен ерекшеленеді, оның оңтүстіктегі шекарасы (Буденновка кенорнынан) Шу өзенінің төменгі бөлігіндегі сорлы-көлшік шоғырлары аймағында орналасқан.

Инкай кенорны – қабаттық инфильтрационды кен орындардың ең ірісі, сондықтанда оның көлемінің үлкендігін ескеріп, сондай-ақ геологиялық, гидрогеологиялық және геотехнологиялық шартты түрдегі әр түрлі аймақтағы кендерді топтастырып, 4 түрлі аймақта аудандастырылды: № 1 аймақ, № 2 аймақ, Оңтүстік (№ 4 аймақ) және Солтүстік (№ 3 аймақ) флангалары геологиялық барлау және өндірістік игеру кезіндегі кезегін анықтауға көмектеседі.

Дәл осы кезде № 2 аймақта ЖШК СК «Инкай» күшіменен Інқұдық рудалы  горизонтында уранға бұрғылаудың жер асты асты сілтілендіру іс-тәжірибелі жұмыстары жүргізілуде, 2005 жылдан бастап № 1 аймақтағы 3 жатысындағы кенді өндіру жоспарлануда. Осы жоба № 46/ҰАК-5 және де техникалық тапсырмалар бойынша жобаланып, ЖАҚ «ҰАК «Казатомпром» 31.03.2005 жылы мақұлданған және Мыңқұдық горизонтының (К2t2) жоғарғы бор түзілімін топтастырып 3, 4 жатыстарында түбегейлі барлама жүргізу қарастырылған. Түбегейлі барламада ұңғыны тік бұрғылайды 200×50 м торда С1 категориялы уранның қоры табылғанша. Егер ұңғыны бұрғылау барысында керн алынбайтын болса өнімді қабаттың қыртысына дейін бұрғыланады, ал керн алып бұрғылауда  керн өнімді қабат түзілімдерінен және рудалық интервалдардан алынып, сәйкесінше  50 % және 70 % құрауы керек. Барлама және гидрогеологиялық ұңғыларды бұрғылау жұмыстарынан басқа комплексті серіктес жұмыстарда бар,  оларға: топо-геодезиялық жабдықтау, ұңғыдағы геофизикалық зерттеулер, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық іздеулер, құжаттар және кернді сынамалау, сынаманы өңдеу, аналитикалық және минералды-петрографиялық зерттеулер, кеннен уранды сілтілеу тәжірибелік сынақтарын жүргізу жатады.

...

Скачать:   txt (51.9 Kb)   pdf (238.5 Kb)   docx (97.9 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club