Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен таңдаған мамандық

Автор:   •  Декабрь 8, 2022  •  Эссе  •  1,486 Слов (6 Страниц)  •  1,217 Просмотры

Страница 1 из 6

                                                             Мен таңдаған мамандық

 

     

    Адам өмірде тандауды көп жасайды.Әр кезде әртурлі жағдайға байланысты.Бірақ сол таңдаулардың ішінен ең маңыздысы және жауапкершілікті талап ететіні ол болашақта кім

 болатының яғни мамандық тандау. Адам өмірде екі нарседен қателеспеуі керек деп жатады және соның бірі мамандык таңдау. Болашақ мамандығың  ол сенің болашақта сүйіп жасайтын ісің,адал еңбекпен жасауың керек жұмысың.Сол себепті де адамның тұлға  ретінде мамандықты  өз ойымен сезініп, тұлғалық қасиеттеріне сәйкестендіре  отырып таңдауы қажет.

Әр адам үшін мамандық таңдау өте жауапты істердің бірі.Мамандықты жәйдән жәй таңдай салу ақымақтық деп білемін.Мамандықты біз саналы түрде таңдауымыз қажет.Мамандық таңдау бұл болашағыңа деген үлкен қадамдардың бірі.Мамандық таңдауда адам өзі қай жаққа жақын немесе өзінің қабілетіне,қызығушылығына,қалауына сүйене отырып таңдауы қажет.Қазір мамандықтар түрі сан алуан.Мамандық санының көптігі де таңдау жасауға қиындық туғызады.Мамандық таңдауда алдымен өзінің болашағына,халқына тигізер пайдасын ойлап таңдауы қажет деп ойлаймын.Менің кішкентайымнан бері арманым дәрігер болу еді.Балабақша кезден бұл мамандыққа деген қызығушылық пен сүйіспеншілік әлі күнге дейін басылмай келеді.Дәрігер болу бұл жауапты істердің бірі.Дәрігер мамандығы екінің бірінің қолынан келетін жұмыс деп ойламаймын.Адамдарды емдеу оларға өз пайдамды тигізу арманым.Дәрігер болу абыройлы болу адамның өмірі осы дәрігерлермен тығыз байланысты.Дәрігер бұл адамгершілігі мол жұмыс,себебі өзге жанға көмектесу жүрегі ақ,жаны таза адамның іс-әрекеті деп білемін.Ал қазіргі оқып жатқан мамандығыма келер болсақ,бұл мен қалаған,армандағын мамандық емес еді.Қазіргі таңда мен Атырау қаласы Халель Досмұхамедов университетінің биология және ауылшаруашылығы мамандығының 1 курс студентімен.Бәрі бұл өмірде біз қалағандай бола бермейді.Әр нәрсенің хайыры бар демекші мамандыққа байланысты болған жағдайларға мен еш өкінбеймін.Мамандығым өзіме бірте бірте ұнап келеді.Қызығушылығымда ашылуда.Болашақта осы мамандық арқылы көптеген жерлерге жұмысқа орналасуға болады.Келешекте осы мамандық арқылы да,еліме пайдамды тигізе аламын деп ойлаймын.

 

 

                                                              Мен және менің ортам

     Адамдардың көпшілігі қоғамда өмір сүреді.Адам-бұл әлеуметтік тіршілік иесі.Қоғам мүшесі және қоғамдық өмірге  қатысушы болып табылады.Адам жалғыз бола алмайды, өйткені бұл оның денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.Адам жанындағы адамдармен қарым-қатынаста болмаса тұйық болып өмірге деген талпынысы, құлшынысы жоғалады.Адам өзін айналасындағы адамдар арқылы, қоршаған ортасы арқылы қалыптастыра алады. Қоғамдағы адам әртүрлі жағдайларда басқа адамдардың мінез-құлқын бақылайды. Бұл байқаулар да оны ойландырады. Адам белгілі бір іс-әрекеттің нәтижесінде басқа адамдардың белгілі бір мақсатқа қалай жеткенін бақылай алады. Адам кейде бұл бақылауларды пайдаланады.Ал адамнын жеке болмысының қалыптасуы өз отбасынан басталады.Ата ана баласының сыртқы әлемді қабылдау процесіне белсенді түрде қатысады.Ата- анасының көзінше сөйлеуді үйренеді,алғашқы сөздерді айтады.Әр адам өзінің ортасын өзі таңдайды.Бұған бұқаралық ақпарат құралдары да белсенді атсалысады.Адамның ортасы өзінің айнасы деп жатады.Адамдардың көпшілігі қоғаммен бірге өмір сүреді.Қоғамда өмір сүретін адам басқа адамдармен жиі жиі араласады.Сонымен қатар айналасындағы адамдар арқылы олардан көптеген жаңа мәліметтер алады, жаңа әсерлер алады.Әртүрлі мәселелер бойынша пікір алмастырады.Ал менің ортама келер болсақ, менің айналамдағы жандардың барлығы жарқын жүзді керемет адамдар.Университеттегі алғашқы күнім әлі есімнен кетпейді.Әрбір адамда жаңа ортаға барар кезде қорқыныш сезім болады.Ол ортамен сыйысып кете аламын ба? Мені қабылдай алады ма? деген сұрақтар барлық адамдарда туындағаны анық деп ойлаймын.Университетке алғаш барып, аудиторияға кіргенде мені бірден өздеріне жақын тартып, құшақ жая қарсы алды.Қазіргі таңда өзіме жақын деген құрбыларымда аз емес.Мен айналамдағы мені ойлайтын, сыйлайтын, жақсы көретін адамдардың барына қуанамын.Әрине мектеп өмірінен университет өміріне ауысу маған қиынға соқты.Жаңа орта, жаңа адамдар, мұғалімдер.Университетке келгеннен кейін өзімді адам тұрғысында бір сатыға жоғарыланым байқалады.Біздің группа адамдары өте ұйымшыл, мейірімді, әрқашан көмекке дайын тұратын жандардан құралған.Дәріс беретін мұғалімдерімді өте жақсы адамдар.Ал кураторыма келетін болсақ, жүзі жылы өте мейірімді жан.Алдағы 4 жылда осы қарым-қатынасымызды жоғалтпай тату боламыз деген үміттемін.

...

Скачать:   txt (16.8 Kb)   pdf (93.4 Kb)   docx (291.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club