Грунттардың негізгі геологиялық генетикалық түрлері
Автор: Dias02. • Июнь 26, 2023 • Лабораторная работа • 3,377 Слов (14 Страниц) • 156 Просмотры
ЛАБОРОТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС №1
Грунттардың негізгі геологиялық генетикалық түрлері.
Бұл жұмысты орындау үшін төмендегі арнайы әдебиеттер қажет:
- Ананьев В.П, Коробкин В.И
Инженерлік геология. М.,Высшая школа,1973
- Ананьев В.П, Передельский Л.В
Инженерлік геология мен гидрогеология. М., Высшая школа,1980.
- З˄ангиров Р.С, Быкова В.С, Полтев М.П.
Инженерлік геология құрылыста. М., Строй издат 1986.
- Маслов Н.Н
Грунттар механикасы мен инжеренлік геологияның негіздері. М., Высшая школа., 1982
Грунттардың қасиеттері көбінше олардың пайда болу ата-тегіне байланысты болады. Геологияда тау жыныстары өзінің пайда болуы бойынша (генезисі) төмендегі негізгі үш геоло-генетикалық топқа бөлінеді. Олар: Магматилық, метаморфиялық және шөгінді.
- Магматикалық топқа жердің ішкі жағынан, балқыған,(еріген) магманың жер бетіне
атқылап шығуы, және содан кейін бірте-бірте қатаюынан пайда болған тау жұмыстары жатады. Магма жердің терең қабатында газ араласқан силикатты сұйық пайда болып олар қысымы аз жерден (жарықтан) жер бетіне атқылап шығады. Бұларға мысал ретінде гранит, диорит,базальт,диабаздарды келтіруге болады.
Магматикалық тау жыныстарының қасиеттері олардың қатаюына, температурасына,
қысымына және магманың құрамы мен қатаю жылдамдығына байланысты.
Магматикалық жыныстардың қасиетіне олардың химиялық және минералдық
құрамдарының әсері үлкен. Магманың құрамында 80-85 % бар. Осы құрамы бойынша магматикалық жыныстар төрт топқа бөлінеді: [pic 1][pic 2]
- Қышқылдар (граниттер,порфирлер,кварциттер және т.б) [pic 3]
- Орташа (сиониттер,диориттер,порфириттер және т.б) [pic 4]
- Негізгілер (габбро базальттар, диазбаздар және т.б) [pic 5]
- Күлгін негіздер (пироксениттер,перидотиттер және т.б). [pic 6]
Олардың мүжілуіне, беріктігіне және бірқатар басқа да қасиеттері осы химиялық құрамына байланысты.
- Метаморфиялық тау жыныстары өздерінің пайда болу ата-тегі бойынша екінші дәрежелі:
Бұл магматикалық және шөгінді тау жыныстарының үлкен температура мен қысымының арқасында өзгеруінен пайда болған. Үлкен қысымның арқасында жаңа минаралдар пайда болады. Қысымның пайда болу шартына байланысты тау жыныстарында негізгі өзгерістер болады. Бұлар көпшілік уақытта едәуір тереңдікте жатады. Метаморфиялық тау жыныстарына-гнейстер, кристалдық сланецтер,кварциттер,мраморлар және т.б жатады.
- Шөгінді тау жыныстары. Бұлар жер бетінде ең көп тараған және олар алуан түрде кездесіп,
қасиеттері тез өзгеріп тұрады.
Шөгінді тау жыныстары ауа,сулар мен желдердің арқасында және олардың физикалық, химиялық мүжілуінен жерлерде топталып жиналуынан пайда болған заттар. Шөгінді тау жыныстарының көпшілігі екінші минералдардан немесе қырлы бұрышты немесе тегістелген сынықты бірінші минералдар мен тау жыныстарынан тұрады. Шөгінді тау жыныстарының көпшілігі аз қаттылыққа ие болып тұз қышқылында қайнайды. Шөгінді тау жыныстары өздерінің генезисі бойынша төмендегі алты топқа бөлінеді. Олар:
- Сазды және шаңды
- Бір-бірімен бірікпеген және сынықты жыныстар
- Бір-бірімен біріккен сынықты
- Биогендік шөгінділер
- Айрықша құрамдағы жағдайлардағы және қасиетке ин шөгінділер
- Тектогендік топталған жыныстар.
Академик Ф.П. Севаренскийдің ұсынысына сәйкес шөгінді жыныстар төмендегі классификацияға бөлінеді. Олар:
Класс (ішкі байланысы бойынша) | Топ | Генетикалық түрі(типі) | Түрі | Негізгі анықтау белгілері |
Көбінше сулы коллоидтық байланысты,қайтымды эластик қасиеті |
| Элювиалдық,делювиалдық,пролювиалдық,сулы мұздықтар эоловоделювиалдық және басқалар | Саз,саздақ,құмдықтар. | Пластикалық және кейбір суменен болатын қасиеттер (суда жібу,ісу,жабысу және т.б) |
Сусымалы грунттар. Бөлшектер арасында байланыстар жалғасулар жоқ, бөлшектердің арасында үйкеліс күштері бар, тек қана қатты бөлшектер арасында ілінісулер бар. |
| Элювиалдық,алювиалдық,теңізде мұздықтар ,вулкандылар (желден) | Қой тас,шағыл,жұмыр,алта,қиыршық тас, ірі, орта, майда шаңдақ құмдар | Бөлшектердің формасы тегісіне байланысты, фильтрация коэффиценті гранулометриялық құрамы |
Жарасты және жарым жартасты минерал бөлшектер бір-бірімен өте қатты цементтелген қаттылыққа ие екінші дәрежелі минерал суға төзімді |
| Сингенетикалық,әнигенетикалық,диагенетикалық | Құмтастар, конгломераттар, алеврюлиттер, аргилиттер | Струтури,цементтелу типі қаттылығы |
Жартасты және жарым жартасты грунттар,олардың минералдары бір-бірімен кристализациялық түрде қатты цементтелген әртүрлі қаттылыққа ие. |
| Сингенетикалық | Әктас,долмиттер, кремний аралас жыныстар | Структара,текстура, цементтеу типі,минерал ұрамы,еруі |
Аққыштықтан қатты күйдені грунттар. Бөлшектердің кристалдық коллоидтық байланыстар |
| А) Органогендік , Б) Элювиалдық,делювиалдық,теңізде, көлде түздалғандар. В) Элювиалдық, делювиалдық,пролювиалдық теңіздегілер,көлдегілер, балшықтар аллювиалдықтар. | Торфтар,лайлар,сарытопырақтар,сортаң тақырлар,саздар,саздақтар,құмдақтар,құмдар,торфтар | Кеуектілік ылғалдылық, органикалық заттардың мөлшері құрамы мен суда еритін мөлшері,температура,мұздылығын,криогендік текстура. |
...