Өңдеудің автоматтандырылған жүйелері
Автор: Nai55zhan • Январь 29, 2022 • Эссе • 1,592 Слов (7 Страниц) • 274 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: География және табиғатты пайдалану
Кафедрасы: Картография және геоинформатика
[pic 1]
Эссе
Тақырыбы: Өңдеудің автоматтандырылған жүйелері
Орындаған: Найманова Ж.
Тексерген: Алпысбай М.
Алматы 2020
Геодезия сонау арғы заманда пайда болған болатын, бірақ сол кездің өзінде қаншама құрылыстар жүргізілген болатын және ол құрылыстар әлі күнге дейін сақталған. Қазіргі заманда техника дамып электронды аспаптар жасалып, бізге камералдық өңдеуге қажетті бағдарламалар пайда болып онымен жұмыс істеу оңайлана түсті.
«Өңдеудің автоматтандырылған жүйелері» пәні геодезиядағы маңызы зор пән болып табылады. Осы жылы осы пәнді оқу барысында көптеген нәтижелерге жете алдым. Өйткені қазіргі заман талабына сай камералды өңдеу жүргізу өте маңызды кезең болып есептеледі. Сол кезеңде қандай жұмыстар жүргізу керектігін, арнайы бағдарламалармен танысып, соларда өңдеу жүргізуді үйрене алдым.
Геодезиялық жұмыстар жүргізу барысында далалық жұмыстар жүргізілгеннен кейін өлшеу нәтижелерін өңдеу қажет болады. Бұрынғы кезде ондай өңдеулерді қолмен жасаған болатын, бірақ қазіргі кезде заман талабына сай техника дамып, ондай камералдық өңдеулер автоматтандырылды. Яғни ол да адам қатысуымен техниканың көмегімен әртүрлі бағдарламалармен жүзеге асады.
Негізінен біз өлшеу жүргізген нәтижелерді камералды өңдеу сол жердің планын немесе моделін алу үшін өте маңызды кезең болып есептелінеді. Шын мәнінде, нәтижелерді камералдық өңдеу кез келген геодезиялық жұмыстарда - құрылыстағы геодезия бойынша жұмыстардан бастап, топографиялық түсірулер мен т.б. далалық өлшеулерді өңдеу талап етіледі. Бірақ егер құрылыспен байланысты геодезиялық жұмыстар кезінде камералдық өңдеу бойынша жұмыстардың көлемі салыстырмалы түрде аз болса, онда топографиялық түсірілімдерді өлшеу нәтижелерін камералдық өңдеу кезінде көлемі өте үлкен болады.
Өлшеу нәтижелерін өңдеу үшін арнайы құралдар қажет оларсыз камералды өңдеу жүргізе алмаймыз. Автоматтандыру құралдарын екі түрлі класқа бөле аламыз:
- біріншісі мамандандырылған аспаптық құралдар жиі кездесетін практикалық міндеттердің кең ауқымын шешуге мүмкіндік береді;
- екіншісі технологияны іске асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-аппараттық кешендер.
Екеуіне жеке-жеке тоқталайын.
Геодезиялық ақпаратты өңдеу үшін алдымен оның өлшеулер нәтижелерін жинау қажет. Бұл мақсатта түрлі геодезиялық аспаптар қолданылады. Электрондық геодезиялық аспаптардың пайда болуы әр түрлі мақсаттағы топографиялық түсірілімдерді орындау кезінде далалық жұмыстардың әдістемелерінің елеулі өзгеру мүмкіндігіне әкелді. Бүгінде электрондық тахеометрлер, спутниктік геодезиялық жүйелер және лазерлік сканерлер жұмыстардың көпшілігі үшін қажетті өлшеу дәлдігін қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы құралдардың ажырамас бөлігі өлшеуді тіркеуге арналған құрылғылардың болуы болып табылады. Бұл өлшеу нәтижелерін бұрынғыдай далалық журналдарға жазудан толық бас тартуға мүмкіндік берді. Қазір аспаптардың өздерінде бағдарламалық қамтамасыз етуі қоса біріктірілген. Соның нәтижесінде өлшенген жердің мәліметтері аспаптың өзінде сақталады және оны арнайы бағдарламаларға немесе өзіміздің флэш-картамызға жүктей аламыз.
...