Контрольная работа по "Ветеринарии"
Автор: Nurkfjahhdx • Сентябрь 7, 2020 • Контрольная работа • 4,473 Слов (18 Страниц) • 470 Просмотры
- Жануарды алып-сату барысында туындаған даулы мәселелерді қарастыру
Адамдардың рынок жағдайындағы эртүрлі меншілік формала- рына, оның ішінде жеке меншілікке, ауыстыруға және саудаға байланысты элеуметтік-экономикалық және қүқықтық қатынастары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша реттеледі. Жануарды алып-сату барысында ветеринариялық сараптаманы жүргізу қажеттілігі сатып алушы жануарда келісімшартта көрсетілген өнімділік қасиеттердің болмауын, физикалық кемістіктердің, аурудың болуын немесе оның кенеттен өлуін анықтағанда туындайды.
Мүндай мәселелерді шешудегі қиындықтар кез келген ауру мен көптеген кемістіктер дамуының бірінші сатысында білінбей өтуіне, ал жүқпалы жэне инвазиялық ауруларда жасырын кезеңнің болуы- на немесе созылмалы ауруларда өршу жэне бәсендеу кезеңдерінің ауысып отыруына байланысты болады. Сонымен қатар, жануарлар ауруының немесе кемістігінің сатып алғаннан кейін пайда болу мүмкіндігін қарастыру керек. Алып-сату барысындағы даулы мэселелерді шешуде сауданың қүқықтық нормалары жэне сауда сараптамасы, ал жануарларды алып-сатуда ветеринариялық дәрігер- сарапшы қорытындысы маңызды болып табылады.
Жануарды алып-сату материалдарына сараптама жүргізген кезде ветеринариялық дэрігер алып-сатудың мэн-жайын, аймақтың аурулардан амандығын, жануардың азықтандырылуын, күтіліп- бағылуын, тасымалдануын тексеру керек. Жануарларды сатып алғаннан кейін туындаған инфекциялық жэне инвазиялық ауруларға байланысты сараптамалық қорытынды бергенде жасырын кезеңнің үзақтығы, қандай да бір ауруға тэн патологиялық процестердің не патологиялық күйдің дамуы ескерілуі керек. Олар экономикалық шығынды өтеу немесе жануарды қайтару мерзіміне дэлел болады. Төменде кейбір инфекциялық жэне инвазиялық ауруларда жасырын кезеңнің үзақтығы келтірілген (28-кесте).
28-кесте
Кейбір инфекциялық жэне инвазиялық ауруларда жасырын кезеңнің үзақтығы
Ауру | Жасырын кезеңнің үзақтығы | ||
минималды | орташа | максималды | |
Топалаң | өте қысқа | 1-5 күн | 14 күнге дейін |
Қарасан | 1 күн | 1-3 күн | 5 күнге дейін |
Сіреспе | 24 сағат | 7-14 күн | Апта, кейде ай |
Пастереллез | Бірнеше сағат | 1-2 күн | 9 күнге дейін |
Некробактериоз | 1 күн | Бірнеше күн | - |
Туберкулез | 8-14 күн | Бірнеше апта | Бірнеше ай |
Ірі қара мал паратуберкулезі | Бірнеше ай | - | 5 жылга дейін |
Қүтырық | 12 күн | 2 айга дейін | 6 ай жэне 1 жылга дейін |
Ауески ауруы: | |||
Ірі қара | - | 8-10 күн | 16 күн |
Шошқа |
| - | - |
Аусыл | 16 сагат | 4-5 күн | 11 күнге дейін кейде 2-3 апта |
Шешек: | |||
Қой | - | 6-8 күн | Суық күндері сәл үзагырақ |
Жылқы | - | 5-8 күн | - |
Қүстың пустулезді жүгымтал стоматиті | - | 6-12 күн | - |
Маңқа | 3 күн | Бірнеше апта | Бірнеше ай |
Жылқы сақауы | 1-2 күн | 4-8 күн | 18 күн |
Оба: | |||
Ит | 2 күн | 3-4 күн | 2,5 апта |
...