Жұқпалы емес аурулар кезінде сойыс өнімдерін сараптау және санитарлық баға беру
Автор: s_erbol89 • Январь 31, 2023 • Курсовая работа • 8,113 Слов (33 Страниц) • 217 Просмотры
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты
«Ветеринария және биологиялық қауіпсіздік» жоғары мектебі
«Ветеринарлық санитарлық сараптау» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Жұқпалы емес аурулар кезінде сойыс өнімдерін сараптау және санитарлық баға беру»
Орындаған: ВТ-41 топ студенті
Жанат Т.
Тексерген: магистр, аға оқытушы Кушмуханов Ж.С
Орал, 2022
Жоспар:
Кіріспе
- Әдебиетке шолу.......................................................................................5-7
- Негізгі бөлім
- Жұқпалы емес аурулардың жіктелуі................................................8-11
- Жұқпалы емес ауруларға сипаттама..............................................12-21
- Жұқпалы емес аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау және санитарлық бағалау...........................................22-25
- Қорытынды............................................................................................26
- Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................27
- Қосымшалар
Кіріспе
Жұқпалы емес аурулар басқа ауруларға қарағанда өте кең тараған. Бұл аурулардың ерекшеліктері олардың қатарына көптеген клиникалық сау, бірақ организмдегі зат алмасу деңгейі бұзылған малдар да жатады. Ауыл шаруашылық малдарының жұқпалы емес аурулары деп, бір жануардан екіншісіне жұғу арқылы берілмейтін ,керісінше қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан туындайтын ауру. Жұқпалы емес аурулардың өз этиологиясы мен патогенезі бар.
Жұқпалы емес аурулар ауыл шаруашылық малдарына табиғаттың физикалық, химиялық, әлеуметтік және биологиялық жағымсыз факторларының әсерінен туындайды.
Табиғаттың физикалық жағымсыз әсеріне микроклиматтың күрт өзгеруі, қоршаған орта температурасы, қысымы мен ылғалдылығы; жаздағы және қыстағы кездесетін қолайсыз жағдайлар; шаруа машиналары мен механизмдердің шуы; қозғалыс әлсіздігі мен физикалық қозғалыс жеткіліксіздігі және т.б кіреді.
Табиғаттың химиялық жағымсыз факторлары: қоршаған ортадағы көміртегі қысымы, ауа құрамындағы азот, улы газдар, ауыр металдар; азық құрамына шығу тегі синтетикалық, өсімдік, микробты немесе саңырауқұлақты улы заттардың қосылуы; су мен азыққа қосылатын пластикалық, биологиялық, және энергетикалық белсенді заттардың көп мөлшерде болуы жатады.
Табиғаттың биологиялық жағымсыз факторлары: патогенді емес микроорганизмдер – вирустар, микробтар, саңырауқұлақтар ауыл шаруашылық малдарының жоғары төзімділігі мен қанағаттанарлық жағдай кезінде организмде ешқандай патогендік өзгерістер тудырмайды.
Этиологиялық факторлардың көбісі әлеуметтік тұрғыда болады, себебі ол адамның іс-әрекетінен туындаған: микроклимат бұзылуы, азықтың бүлінуі және т.б. Организмде ацидоз тек рацион дұрыс болмағанда ғана емес, малдарды күтіп-бағу гиигенасы бұзылғанда да байқалады. Бұл кезде, төзімділік пен иммунобиологиялық реактивтілігі төмендеп, дисбактериоз туындайды. Малдың уақытында серуенге шығарылмауы, қоражайда желдеткіштің дұрыс істемеуі, ультракүлгін сәулесінің жеткіліксіздігі т.б. қолайсыз жағдайлар, әсіресе қыста малды қоражайда қамап ұстағанда жиі байқалады.
...