Мүктәрізділер. Бауырмүктілер,антоцероттылар
Автор: Puhaa • Сентябрь 9, 2019 • Эссе • 281 Слов (2 Страниц) • 897 Просмотры
Мүктәрізділер.Бауырмүктілер,антоцероттылар
Жалпы мүктәрізділердің 35мыңдай түрі бар.Басқа жоғары сатыдағылардан ерекшелігі-тіршілік циклінде спорофит фазасынан гөрі гаметофит фазасы басым болуы.Гаметофит-жапырақ тектес таллом немесе сабақтан және жапырақтан тұратын өсімдік.Барлық мүктерде тамыр жоқ,оның орнына ризоидтар.Мүк тәрізділердің спорофиті-спорогон.Спорофит-жоғарғы ұшы эллипс немесе цилиндр тәрізді болып келетін қорапшамен аяқталатын, жіңішке сағаққа ұқсас аяқшасы бар мүше.Қорапшаның ішінде спорангилер мен споралар жетіледі.Спорогон гаметофитпен тығыз байланыста,себебі одан суды және қажетті қоректік заттарды алады.Мүктер көлемі шағын,60 см аспайтын,батпақты,ылғалы мол жерде өсетін өсімдіктер.
Мүктәрізділер үш класқа бөлінеді:антоцероттылар класы anthocerotopsida,бауырмүктер класы marschantiopsida/hepaticopsida, нағыз мүктер класы bryopsida, musci.Бауырмүктерге тоқталатын болсақ,түрлерінің жалпы саны 10 мыңдай Бауыр мүктері класы екі класс тармақтан:Маршанциялар marschantiidae,юнгерманиялар jungermannidae.Бұл кластың өкілдері вегетативтік денесінің дорзовентральды болып келуімен ерекшеленеді.Бауыр мүктерінің кейбір жасушаларында бір немесе бірнеше майлы денешіктер болады.Олар жасуша ішінен шығатын артық заттар,химиялық кұрамы жағынан эфир майларының қоспасы,шамасы өсімдіктерді малдың жеп қоюынан қорғайды.
Класстың негізгі өкілі кәдімгі маршанция Marschantia polymorpha. Денесі жіпшелі талломнан тұрады,дихотомиялы бұтактанған,таллом шетіндегі оймакшада өсу нүктесі орналасқан,талломның жоғарғы бетінде шығарушы бүршіктерінде сағақты аяғы бар антеридий және көпсәулелі жұлдыз пішінді архегониясы бар.Архегония мен антеридия дамығаннан кейін су аркылы ұрықтану жүреді,споралары 33 диплоидты,элатера аркылы тарайдыСпорадан алғашкы жіп/протонема жетіледіОның үстінгі жасушаларынан маршанцияның талломы өсіп шығады.
...