Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мору өнімдері

Автор:   •  Апрель 2, 2019  •  Реферат  •  4,523 Слов (19 Страниц)  •  847 Просмотры

Страница 1 из 19

Жоспар:

Кіріспе

  1. Мору өнімдері
  2. Мору өнімдерімен байланысты пайдалы қазбалар
  3. Морылу типтері – физикалық, химиялық және органикалық морылулар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

         Мору қыртысы – жер бетіндегі тау жыныстарын құрайтын миералдардың өзгеру, бұзылу немесе ыдырау әрекеттеріне байланысты құралады.

         Әдетте жер бедерінің көтеріңкі аймақтарын құрайтын тастақ таужыныстардың морылып бөлшектенуі, яғни олардың алуан мөлшерлі бөлшектерге ыдырауы бұл үдерістің толығымен қиратушы сипатты иеленетіндігін көрсетеді.  Алайда морылу үдерісі тек көтеріңкі аймақтарға ғана тиесілі емес, ол планетамыздың атмосфера қабаты мен жер қыртысының шекарасы деңгейінің барлық  өңірлеріне де тиесілі үдеріс. Бедері тегіс өңірлерде немесе шөгінділермен көмілген ойыстар бетінде де таужыныстар морылу үдерісі есебінен химиялық  өзгерістерге ұшырап жатады. Жер қыртысының беткі деңгейіндегі тау жыныстар мен минералдардың механикалық тұрғыдан бөлшектенуі мен химиялық өзгерістерге ұшырауына бірден бір себепкер – температураның ауытқу әсері, су молекулаларының, оттектің, көмірқышқыл газының сол сияқты жәндік және өсімдік организмдерінің тіршіліктегі және өлгеннен кейінгі өздерімен жанасқан таужыныстарға тигізер әсерлері. Морылу негізінен алғанда құрылық бетінде болатын үдеріс, азын-аулақ  дәрежеде су алаптары түбінде де көрініс беруі ықтимал. Жер қыртысының морылуға ұшыраған беткі бөлігі морылу қабығы деп аталады. Морылу қабығының құрылысы мен қалыңдығы бірнеше факторларға тәуелді, олардың бастылары – түпнегіз таужыныстың құрамы, климат, өсімдіктердің молдығы немесе жетімсіздігі, жербедер ерешелігі және морылуға ұшырау ұзақтығы. Әйгілі орыс ғалым-геологтарының бірі А.Е.Ферсман морылу қабығын гипергенез белдемі, ал бұл белдемде өтетін үдерістерді гипергендік үдерістер деп атауды ұсынған.

        Морылу қабығының қалыңдығы кең аралықта өзгереді, бұл көрсеткіш жүздеген м-ден бірнеше м-ге дейін өзгеруі мүмкін.

         Морылу қабықтарының қалыптасуына және олардың түрлі сипаттарды иеленуіне сол қабық қалыптасқан аймақтың климаты, түпнегіз таужыныстардың құрамы, аталған аймақтың жербедер ерекшелігі және оның органикалық әлемі айтарлықтай әсер етеді. Біршама жұқа, құрылысы да қарапайым морылу қабықтары салқын климатты аймақтарға тән. Қоңыржай климатта, әсіресе мейлінше ылғалды климат жағдайында қалыптасқан морылу қабығының құрамы өте күрделі болып келеді. Ең күрделі морылу қабығы ыстық та ылғалды климат жағдайында қалыптасады. Мұндай морылу қабықтары «латериттер» деп аталады, олар әдетте боксит кендерін кіріктіреді, темір, никель, сирегірек кобальт пен хром кендері де латериттермен байланысты қалыптасуы ықтимал.

         Морылу қабығының қалыңдығы мен өзге де кейбір ерекшеліктері сол қабық қалыптасқан өңірдің жербедер ерекшелігіне тәуелді. Біршама тегіс аймақтардағы морылуқабығының қалыңдығы жоғары көрсеткіштермен сипатталады, себебі мұндай өңірлерде грунт сулары біршама терең қойнауларға дейін сіңе алады. Морылу аймағының органикалық әлемі, әсіресе өсімдіктер мен микроорганизмдер әлемі сол қабықтың «топырақ» деп аталатын беткі бөлігін қалыптастыруда айтарлықтай рөл атқарады.

         Мору қыртысы жердің даму тарихының барлық кезеңдерінде орын алған, әсіресе мезозойда күшті дамыған.

          Морылу қабығының өзіне тән бірнеше ерекшеліктері бар, олар мыналар:

  1. Бұл қабықты құрайтын жаралымдар өздерін төсеп жататын түпнегіз таужыныстармен тектік тұрғыдан тығыз байланысты болыпкеледі. Бұл байланыс морылу қабығына тиесілі таужыныстарда, әсіресе оның қимасының төменгі бөлігінде түпнегіз таужыныстарға тән құрылымдық және бітімдік белгілердің жиі сақталуынан аңғарылады.
  2. Морылу қабығына тиесілі таужыныстар құрамы мен осы қабықты қалыптастырған түпнегіз таужыныстар құрамы арасындағы айырмашылық қабық қимасының төменінен жоғары қарай бірте-бірте арта береді.
  3. Морылу қабығы қимасында әдетте біршама анық байқалатын белдемділік белгілері көрініс береді. Бұл белдемділік өздерінің минералдық және химиялық құрамы жағынан, физикалық қасиеттері тұрғысынан, түсі, тығыздығы, құрылымы, бітімі т.с.с. сипаттары жағынан бір-бірінен ерекшеленетін горизонттардың қат-қабаттала алмасуымен анықталады.
  4. Морылу қабығына тиесілі таужыныстардың минералдық құрамы алуан түрлі болып келеді, алайда бұл жаралымдарға сазды минералдар мейлінше тән болады. Мұның себебі, сазды минералдар, өздерінің беткейлік физикалық-химиялық жағдайлардың өнімдері болуына байланысты, сырт жағдайларға өте төзімді болып келеді.

1.Мору өнімдері

          Мору өнімдері дегеніміз жоғарыда аталып өткен мору агенттері әрекеттерінің нәтижесі. Оларға қопсымалы-сусымалы элювий, делювий, пролювий, коллювий, аллювий шөгінді жыныстары жатады.

         Элювийалды жыныстар негізінен бұзылған немесе үгілген жерінен орын ауыстырмайтын таужыныстары. Элювийді құрайтын таужыныстар қабаты бұрыннан бар берік те шымыр таужыныстардың морылып босаңсыған  беткі бөлігінің өзге аймақтарға тасымалданбауы, яки өз орнында сақталып қалуы нәтижесінде қалыптасады. Элювийді құрайтын түйірлердің мөлшері ірі жақпартастар мен шойтастардан титтей саз тозаңдарына дейін өзгеруі мүмкін. Элювий қабатының қимасы жер қойнауына дейін тереңдеген сайын бірте-бірте мүлдем морылмаған таужыныстарға ұласады. Элювийді құрайтын таужыныстар қимасында қат-қабаттылық белгілері сирек ұшырасады, мұндай белгілер байқалған күнде де олар түпнегіз таужыныстарға тән қат-қабаттылықтың көмескі сақталған нышандары түрінде ғана көрініс беруі ықтимал.                            

...

Скачать:   txt (56.2 Kb)   pdf (268.8 Kb)   docx (23 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club