Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Контрольная работа по "Ботанике"

Автор:   •  Февраль 21, 2022  •  Контрольная работа  •  478 Слов (2 Страниц)  •  275 Просмотры

Страница 1 из 2

1)Қос жарнақты эндоспермді тұқым мен дара жарнақты эндоспермді тұқым құрылысын салыстырайық:

Қос жарнақтылардың сыртқы қабығы тығыз,тұқым ұшында карункуламен өткізгіш шоқтары бар.Олардың ұрық осі қысқарған болып келеді.Олардың тұқым жарнақтары тұқымнан ажыратылған және жұқалау болып келеді.Тұқым жарнағы екі қауыздан тұрады.Негізінен қоректі заттары тұқым жарнағында жиналады.Олардың орталық жағында тұқым кіндігі орналасып жатыр.Ал бүршік болса оларда қалыптаспаған,бірақ өсу конусында өте кішкентай білінбейтін жапырақ болады.

Дара жарнақтылардың тұқым ұшынан қалың біткен түтікшелері бар айдаршамен бауыр жақта орналасқан ұзынша сайын көруге болады.Дән сыртындағы өте қатты қауызы оның жеміс қабығы депте есептеледі.Жалпы олардың дәндері эндоспермнен тұрады.Ұрық қоректік заттарын осы эндоспермге жинайды.Негізі тұқымның эндоспермі  үлкен келген парехималық жасушалардан тұрады.Оларда ұрық бүршігі өте жақсы жетілген.

Жалпы қос және дара жарнақтылар тұқымы құрылысына қарай бірнешеге бөлінеді ол:

қoс жарнақты эндoспермді тұқым-дара жарнақты эндоспермді тұқым

қoс жарнақты эндoспермсіз тұқым-дара жарнақты эндоспермсіз тұқым

және тек қос жарнақтыларда болатын ерекше тұқым периспермді тұқым оларға көбіне қара бұрыш,қалампыр,сәбіз,алабота жатады.

Қос жарнақты тұқымның құрылысына бөрткеннің тұқымын мысал ретінде алып көрейік.Ал дара жарнақты тұқымға біз суда біраз болған бидай дәнегін алайық.Екеуіндеде тұқым қабығының сырты тығыз болып келеді.Қос жарнақтыларда ұрықтың тұқым жарнағы екеу болса дара жарнақтыда ол біреу ғана.Дара жарнақтыларда эндосперм бар болса қос жарнақтыларда да эндосперм бар.Қос жарнақтыларда қоректік заттар негізі жарнаққа жиналады ал дара жарнақтыларда тұқымға қажетті қоректік заттар жарнақта емес эндоспермде жиналады.Қос жарнақтыларда ұрық- алғашқы тамырша,алғашқы сабақша және бүршікшеден тұратын болса дара жарнақтыларда ұрық-сабақша,тамырша,бүршікшеден ғана тұрады.

Ал енді өскіндерінің құрылыс ерекшелігін айтайық:

Дара жарнақты өсімдіктердің өскіндері:

Колеоптиль бұл өскін қынапшасы

Колепотильдің қыстырмалы өсуінің нәтижесінде,түтікше түзіліп,алғаш жапырақ,өсу конусы сол түтікшеде дамиды.Колеоптиль топырақтан шыққаннан кейін өсімдік өсуін тоқтатып,қурай бастайды.Сол мезетте нағыз жапырақ оны жарып шығады.

Қысқаша айтқанда жалпы өскіннін құрылысы:Тұқым жарнақ табақшасы,бүршік,қосалқы тамыр,негізгі тамыр,эндосперм,тұқым қапшығы,жапырақ,тұқым жарнақ қынабынан,колеоптиль,колеориза,сабақ,қынапшадан тұрады.

...

Скачать:   txt (7.9 Kb)   pdf (39.9 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club