Хромасоманың нәзік құрылысы. Полинемді және унинемді хромосом гипотезасы
Автор: Saydulla_99 • Март 18, 2019 • Эссе • 409 Слов (2 Страниц) • 1,030 Просмотры
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Биология кафедрасы
Студенттің аты-жөні: Сайдулла Әсел
Биология 2-002 топ
Хромасоманың нәзік құрылысы. Полинемді және унинемді хромосом гипотезасы.
Хромосоманың жекеленген бөліктері қанығыңқы бояладыда (тығыздалған түрін, немесе формасын) гетерохроматин, ал тығыздалмаған, болбыр түрін эухроматин деп атайды. Хроматин кариолеммаға тақау, әрі кариоплазмада біркелкі орналасады.
Хроматиннің құрамындағы ақуыздар әртүрлі, бірақ оларды 2 топка бөлеміз гистондар мен гистон емес ақуыздар. Хроматин ақуыздың 80% дейін гистон қүрайды. Олардың ДНҚ мен байланысы, тұз немесе иондық байланыспен және ДНҚ молекуласында нуклеотидтің орналасуымен жүзден астам эукариот жасушасы 5-7 тип гистон молекуласынан тұрады. Гистондар ДНҚ мен молекуланың кешен түрінде байланысады. Бұл кезге дейін ДНҚ осы ақуыздармен қоршаған (жабылған) деп келді. ДНҚ-ның негізгі міндеті - генетикалық информацияны сақтау. Бұл функцияның орындалуы үшін интерфазалық ядроның нақты құрылымының негізі болуы керек. Прокариоттық жасуша геномында жалғыз ДНҚ молекуласы болуы мүмкін, эукариоттық жасушада ДНҚ гистондармен және де басқа ақуыздармен комплекс құрайды.
Гистон дегеніміз хромосоманың құрамына енетін негізгі ақуыздар. Бұл негізгі және қышқылдық ақуыздардың құрылымы негізінен аминқышқылдары соның ішінде лизин мен аргининнен тұрады. Дәл осы оң зарядты аргинин мен лизиннің амин топтары ДНҚ-ның теріс зарядты фосфат топтары мен тұз және электростатикалық байланыстардың түзілуін қамтамасыз етеді. Дезоксирибонуклеопротеид (ДНП) ДНҚ мен гистонға диссоциациялануы нәтижесінде байланыс тез үзіледі. Сондықтан хроматин (ДНП немесе бұрын нуклеогистон деп атаған) тізбекті жоғары полимерлі ДНҚ молекуласы мен күрделі гистон молекуласынан тұратын күрделі нуклеин-ақуыздық кешен болып табылады. Гистондар - биохимиясы жақсы зерттелген ақуыздар (төмендегі кестеде көрсетілген).
...