Теломерлер.Теломеразалық белсенділік
Автор: noooo12 • Май 20, 2018 • Реферат • 2,517 Слов (11 Страниц) • 2,451 Просмотры
"Астана Медицина Университеті“ АҚ
Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:
«Теломерлер.Теломеразалық белсенділік»
Орындаған: Абдрахманова К.Ж 109 ОМ
Тексерген: Нуркешова Э.Т
Астана 2018 жыл
Жоспары:
I.Кіріспе Теломералар және теломеразалар туралы түсінік
II.Негізгі бөлімі
а) Теломерлер құрылымы және қызметтері
б) Теломераза жұмысы.
в) Теломеразалардың клиникалық көрінісі
- Қартаю
- Ісік
- Адамның басқа ауруындағы теломеразаның рөлі
- Дәрілік препараттар үшін теломеразаның маңызы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Теломера — хромосоманың екі иығының ұшындағы бөлігі, теломерлік ДНҚ мен белоктардан құралған. Барлық адамдар мен омыртқалылардың хромосомаларындағы теломерлік ДНҚ TTAGGG нуклеотидтердің біртекті (монотонды) қосылысынан тұрады. «Теломера» терминін ғылымға 1932 жылы америкалық генетик Г. Меллер енгізген. ДНҚ молекуласының учаскесі болғанына қарамастан ерекше жолмен репликацияланады. Бұл процеске ерекше ферменттер теломеразалар қатысады. Теломерлерде ешқандай генетикалық ақпарат болмайды, сондықтанда теломерасыз олардың біршама бөлігі түсіп қалған кезде де геном бірқалыпты қызмет ете береді. Теломерлердің негізгі қызметінің өзі де осы болса керек, яғни олар геномның маңызды бөлігін толық репликацияланбаудан қорғап, буферлік қызмет атқарады. Сонымен қатар, теломеразалардан біржола бас тартуға болмайды, себебі жасущаның бөліну процесінде күндердің күнінде ДНҚ-ның теломерлік учаскелері қысқарып-қысқарып жойылуы мүмкін. Теломерлер ерекше, арнайы қызметтер атқарады, сондықтан олар белгілі бір шекке дейін қысқарады.
Негізгі бөлім
Хромасоманың ұшы бөлігі – теломера. Әрбір хромасома жасуша ядросында орналасады, бөлінер алдында жасушалар бірдей екі жарты бөлік – хроматидтермен көрінеді, олардың әрбіреуінің негізінде жалғыз өте ұзын және қысылып жиналып орналасқан ДНҚ молекуласы бар, оның әр ұшында қайталанбалы тізбекті аймақтар орналасқан. Осы соңғы бөліктер – теломерлер болып табылады. Бөлінуге даярланған кезінде хроматидтер екі еселенеді. Теломераза ферменті ұштарда жаңа қайталама тізбекті өсірмесе хромасоманың әрбір ұшы қысқарар еді.
Ең басында теломерлер қызметі белгісіз еді. 50 жылдардың аяғында ДНҚ молекуласының екі еселенуін қамтамасыз ететін фермент ашылды. Өз жұмысын бастау үшін бұл фермент өзге ферментпен синтезделген ДНҚ тізбегінде орналасқан РНҚ фрагменті – праймерге қосылып, оның салдарынан праймер жойылады. Осы кезде ДНҚ-полимераза ДНҚ тізбегі бойынша бір бағытта – 5 ұшынан 3 ұшына- қозғалуы мүмкін. Нәтижесінде ДНҚ полимераза ДНҚ-ның толық тізбегінің көшірмесін жасай алмайды: ол жалғанатын ұштарының бірінде көшірмесі жасалмаған фрагмент қалуы тиіс.
Теломерлер құрылысы
ДНҚ-ның теломерлік бөлімдерінде мындаған гексонуклеотидтер қайталанады. Олардың жалпы ұзындығы адам эмбрионы жасушаларында 10-15 мың нуклеотид жұптарына тең. Сонымен, хромасоманың екі теломерлік ұшы, адамның ядролық ДНҚ молекуласының ұзындығының 0,02 құрайды.
[pic 1]
Теломерлі белоктардың ең белгілілері – RAP 1 белогі (ашытқыларда) және оның белок аналогы TRF 1 (сүтқоректілерде). Осы белоктардың арқасында теломерлер тығыз қалыпқа ие, яғни гетерохроматин фракциясына қатысты.S-фазада белок TRF 1 қандайда бір сигналға жауап ретінде теломерадан диссоциацияланады.
...