Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мета – анализ. Форрест-плот мысалдары мен талдауы

Автор:   •  Ноябрь 8, 2021  •  Реферат  •  1,619 Слов (7 Страниц)  •  1,062 Просмотры

Страница 1 из 7

[pic 1]

 «Астана медициналық университеті»  КЕАҚ

Дәлелді медицина курсымен жалпы дәрігерлік практика кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы:  «Мета – анализ. Форрест-плот мысалдары мен талдауы»

                                                                         Орындаған: Азан Таншуак

                                                                         Факультет: Жалпы Медицина      

                                                                         Тобы:336

                                                                         Қабылдады: Махаметова М.Г

                               

                             

                               Нұр-Сұлтан қаласы 2021 ж

Жоспар:

  1. Кіріспе
  1. Мета – анализ туралы түсінік
  1. Негізгі бөлім:
  1. Forest plot.
  2. Forest plot типті диаграммада көрсету, мысалы.
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

                                     

                                       

                                         КІРІСПЕ

Мета-анализ – жалпы статистикалық көрсеткіштерді алу мақсатында әдебиеттерге сандық жүйелік шолу немесе бастапқы деректердің сандық синтезі. Яғни, мета-анализ бірнеше зерттеулердің нәтижесін жалпылау және зерттеу нәтижелерінің дәлелділігін жоғарылату үшін қолданылады.

Мета-анализ не үшін қажет?

Қазіргі уақытта жыл сайын конференция материалдарын есептемегенде 2 миллионнан астам медициналық мақалалар жарияланады. Мұндай жағдайларда қатаң ғылыми әдістер мен статистикалық өңдеуді қолдана отырып ақпаратты синтездеу қажет

Мета - анализдің артықшылықтары:

  • мүмкін болатын қателерді болдыртпайды;
  • нәтижені тура бағалайды;
  • әртүрлі білім көздерінен алынған ақпараттарды ғылыми негіздеп, ұдайы толықтыру жолдарымен жалпылап отырады;
  • зерттеулердің статистикалық шынайы емес мәліметтерін біріктіргенде , шынайы мәлімет алынуы мүмкін;
  • жекеленген топтағы наукастар терапиясының нәтижелерін болжауға және болашақтағы зерттеулердің гипотезасын тексеруге мүмкіндік береді;
  • ашық жасалады.

Мета - анализдің кемшіліктеріне:

  • автор оң нәтижелерді баспаға жариялап, теріс нәтижелерді жасыруы;
  • мета - анализ нәтижелерінің бұрмалануына әкеледі;
  • ақпаратты іздеуді соңына дейін жүргізбеу және білім көздерін дұрыс таңдамау нәтижелердің бұрмалану себептері болады.

 Мета - анализдің кезеңдері:

  • анализдің негізгі мақсатын анықтау;
  • нәтижелерін бағалау әдістерін таңдау;
  • ақпараттарды жүйелі түрде іздеу;
  • сандық ақпараттарды жалпылау;
  • оны статистикалық әдістердің көмегімен талдау;
  • нәтижелерді интерпретациялау.

Мета - анализ жүргізу кезінде кездесетін қиындықтар:

  • зерттеу түрлерін таңдау және табу;
  • ақпараттың біркелкі болмауы;
  • маңызды ақпараттың жoғaлып қалуы;
  • салыстырылатын топтар дұрыс сәйкестікпен талданбайды.

Кумулятивті мета-анализ жаңа мәліметтер пайда болған кезде жинақталған мәліметтердің кумулятивті қисығының пайда болуын қамтамасыз етеді. Проспективті және ретроспективті мета - анализ жаңа нәтижелер мен ескі нәтижелерді біріктіреді.

Жекеленген мәліметтердің мета - анализі - жекелеген науқастардың емдеу нәтижелерін зерттеуге негізделген талдау

Мета-анализде 3 негізгі көрсеткішті бағалау қажет:

1. Гетерогенділік: мета-талдауға енгізілген зерттеулердің нәтижелеріндегі, әдіснамасындағы немесе зерттелетін популяцияларындағы айырмашылықтар.

2. Біріктірілген нәтиже: бастапқы зерттеулердің нәтижелерін біріктіруден алынған жалпы біріктірілген нәтиже.

3. Жарияланымның бұрмалануы. Мета-талдаудың мақсаты қосу критерийлеріне сәйкес келетін барлық тиісті зерттеулерді іздеу және бағалау болып табылады, бірақ бұл миссия әрдайым мүмкін емес. Мысалы, кейбір зерттеулерді ағылшын тілінде жазылмағандықтан өткізіп жіберуге болады; немесе олар нәтижелерді кішкентай "эффект өлшемімен" көрсететіндіктен, сондықтан оларды жариялау мүмкіндігі аз және т. б.

...

Скачать:   txt (16.5 Kb)   pdf (328.3 Kb)   docx (241 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club