Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мембрана арқылы тасымалдану

Автор:   •  Сентябрь 23, 2018  •  Реферат  •  5,090 Слов (21 Страниц)  •  25,700 Просмотры

Страница 1 из 21

  1. Мембрана арқылытасымалдану.
  1. Белсендітасымалдану
  2. Белсендіеместасымалдану

Биологиялық мембрананың негізгі қызметінің біреуі – бұл тасымалдау болып табылады. Мембрана арқылы тасымалданудың 2 түрі белгілі, олар белсенді және  белсенсіз.

  1. Белсенсіз тасымалдану энергияны қажет етпейді. Ол екіге бөлінеді: Жай диффузия және жеңілдетілген диффузия.

Жай диффузия – өздігінен,  ешбір көмексіз, заттардың конц. градиенті (жоғарғы конц.-дан төменгіге) бағытында мембрана арқылы өтуі.Мұндай әдіс арқылы кіші молекулалы гидрофобтық орг.-қ қосылыстар  (май қышқ.,зәр қышқ.) және ұсақ, бейтарап молекулалар (су,көмірқышқыл газы, оттек)өтеді. Мембрана арқылы шектелген органеллалардың конц.айырмашылығы көбейген сайын диффузия жылд. да пропорциональ өседі, ал олардың конц.теңессе, диффузия тоқталады.

Жеңілдетілген диффузияя, бұл әдісте де заттар өздерінің конц.градиенті бағытында мембрана арқылы өтеді, яғни жоғары конц.-дан төменгі бағытында, бірақ бұл құбылыс өздігінен жүзеге аспайды, ерекше тасымалдау ақуызы – транслоказа көмегімен жүреді.

Транслоказалар – өздері өткізетін заттарға азды-көпті сай болып келетін интегралдық ақуыздар. Мысалы, эритроцит мембранасындағы аниондық каналдар, қозғыш жасушалар плазмалеммасындағы К+ арналары, саркоплазмалық ретикулум мембранасындағы Са+ арналары. Транслоказар арқылы жай диффузия жолымен өте алмаған заттар ғана өткізіледі, бірақ кейде кейбір заттар, жай да, жеңілдетілген диффузия арқылы да өтеді, мысалы судың бүйрек араншықтары және секреторлық эпителий жасушалар мембранасы арқылы өтуі. Аталған мембраналарда су молекулаларының диффузиялану қарқынын арттыратын транслоказа – аквапорин дейтін ақуыз болады.

Жеңілдетілген диффузия зарядсыз иондар немесе молекулаларға тән қасиет.

  1. Белсенді тасымалдану кезінде энергия жұмсалады, мембрана арқылы заттардың өткізілуі транслоказалар көмегімен жүзеге асады, бірақ бұл кезде заттар электрохимиялық градиентке қарсы тасымалдайды, яғни конц.-сы аз ортадан конц.-сы жоғарыға өткізіледі.Заттардың осылайша тасымалдануы белгілі бір мөлшерде энергия жұмсауды қажет етеді. Ал энергия көзі болып АТФ гидролизі (Na+,K+,Ca+ сорғышы), не тотығу-тотықсыздану үдерісі (митохондрияларды) Н+ ионы сорғышы болады. Қан плазмасында бұлардың құрамы эритроциттерге қарағанда біраз айырмашылығы бар. Соңғы зерттеулердің көрсетуі бойынша, клеткада белсенді натрий насосы жүреді, клеткадан натрий ионын шығарады.
  2. Унипорт, симпорт және антипорт туралы түсінік

Антипорт - жасушада иондардың мембрана арқылы қарама-қарсы бағытта тасымалдануы. Антипорт кезінде бір уақытта, бір өнім клеткаға еніп жатса, екіншісі клеткадан шығып жатады. Мысалы, натрий калий насосы. Мысалы, эукариотты плазмалық мембраналардағы натрий-калийлі сорғыш осы антипорт принципімен жұмыс істейді: натрий иондары жасушадан сыртқа, ал калий иондары ішке қарай қозғалады. Эукариоттарда антипорт өте сирек кездеседі.

Унипортзаттарды градиент бойымен бір бағытта мембрана арқылы тасымалдайды.

Симпорт кезінде транслоказа екі затты бір бағытта өткізеді, оның біреуі конц.градиенті бағытында диффузияланып, екінші затты өзімен бірге ілестіріп өткізеді. Мысалы, бүйрек араншықтарынан глюкозаның реабсорбциялануы(кері сорылуы) осындай тетік (механизм) арқылы Na+ ионымен бірге симпортталынады. Егер симпортқа қатынасатын заттардың екеуі де иондар болатын болса, олар түрліше зарядталған болуы қажет.

  1. Канал түзуші ақуыздар туралы түсінік

  1. Градиент мөлшері, мембраналық потенциал және электрлік градиент

  1. Везикулалықтасымалданутуралытүсінік.

Везикулалық тасымалдануда тасымалданатын ақуыздар мен липидтер көпіршік (липосома, мицелла) қабырғасын (мембранасын) құрастырады, ал оның қуысында басқа органеллаларға арналған не жасушасыртына шығарылатын «жүк» молекуласы болады.Жасушаішілік везикулалық тасымалдану эндоплазмалық ретикулум (ЭПТ) мембранасынан басталады. Бұл жерде ақуыз молекуласының гликозилденуінің алғашқы кезеңдері өтеді. Содан кейін ақуыз молекулалары тасымалдау көпіршіктеріне іріктелініп, Гольджи кешенінің цис-полюсіне өтеді. Гольджи цистерналарыңда ақуыздардың гликозилденуі әрі қарай жалғасады, ал Гольджидің транс-полюсі мен транс-торларыңда ақуыздың гликозилденуі толығымен аяқталады. Сонымен қатар олар фосфорланады жөне сульфаттанады. Гольджи цистерналарынан ақуыздар жиекті көпіршіктер арқылы өтеді. Гольджидің транс-торларында толық модификацияланған ақуыздар нақтылы органеллаларға тасымалдану үшін тасымал көпіршіктеріне іріктелінеді. Гольджи кешенін тастап шыққаннан кейін, ақуыздар алғашқы лизосомаларға, конститутивтік көпіршіктерге және секреторлық гранулаларға үлестіріледі.Заттардың цитоплазмалық мембрана (плазмолемма) арқылы сыртқа шығарылуын (экзоцитоз) не жасуша ішіне өткізілуін (эндоцитоз) трансмембраналық тасымалдану деп атайды.

...

Скачать:   txt (80.5 Kb)   pdf (884.1 Kb)   docx (446.7 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club