Лекции по "Биологии"
Автор: Aiganymchic • Февраль 28, 2024 • Курс лекций • 5,140 Слов (21 Страниц) • 103 Просмотры
1)Микроорганизмдерді таксономиясының, классификациялау принциптері.
Таксономия – организмдердің иерархиясына қарай таралу әдістері мен принциптері туралы ғылым.
ТҮР — морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және басқа да белгілері ұқсас, бір генотипі бар даралар жиынтығы. Түр негізгі таксономиялық бірлік болып табылады.
Морфологиялық, тинкториалдық, дақылдық, биохимиялық және антигендік қасиеттеріне байланысты ұқсастығы бар, қоректік ортада бөлініп алынған, біртекті микроорганизмдер жиынтығы таза дақыл деп аталады.
ШТАММ — белгілі бір көзден бөлініп алынған, бірақ әртүрлі мерзімде (уақытта) бөлініп алынған бір түрге жататын микроб дақылы. Бір түрге жатқанымен штамдардың вируленттілігі, антибиотикке төзімділігі немесе ферменттік белсенділі бойынша айырмашылығы болуы мүмкін.
КЛОН — жалғыз микроб жасушасынан алынған, ұрпақтар жиынтығы.
Классификация-Микроорганизмдермен жүмыс істеуді оңтайландыру үшін, оларды классификациялау қажеттілігі туындады. Классификация деген белгілі бір биологиялық объектіні, өзіне тән қасиеттеріне байланысты, белгілі бір топқа (таксон) жатқызу. Өздеріне тән қасиеттеріне байланысты жекелеген топтар (таксондар) бойынша тірі организмдердің қоршаған ортада таралуын зерттейтін және оларға атау беретін ғылым систематика деп аталады. Биологияның ерте даму кезеңдерінің өзінде-ақ ғалымдар екі патшалықты бөліп көрсеткен: өсімдіктер және жануарлар
2)Прокариот пен эукариот айырмашылығы: прокариот айқындалған ядросы жоқ, тұқымқұалаушылық ақпарат нуклеотид құрайтын днқ молекуласы арқылы беріледі. Эукариоттық органоид қызметін мембраналар атқарады. Про: бактериялар мен көк жасыл балдырлар жатады. Эукариот: ядросы бар, ядролық днқ хромосомаларда сақталады, уитоплазмада ерекше кызмет атқаратын органоидтар бар. Саңырау өсімдік жануар кіреді.
3)Бактериялардың негізгі формалары: 3 формары бар: шар тәрізді н/е кокк, таяқша, ирек тәрізді. Шар: микрококктар жасушалары жалғыз орн. Олар қалыпты микрофлораның бөлігі болып табылады. Олар адамда ауру тудырмайд. 2 диплококктар бұл микроорганизмдердің бөлінуі бір жазықтықта жүреді, жұп жасушалар түзіледі. Диплакоккктардың ішінде көптеген патогенді микроорганизмдер бар гоноккок, менинкокк. 3 стрептококктар бөліну бір жазықтықта жүзеге асады, көбейетін жасушалар байланысын сақтайд.
4)Микроскопиялау әдістері-сәулелі:қараңғы өрісті,фазалы-контрастылы,люминесцентті,электронды олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері,артықшылықтары.
Сәулелі микроскоп-бұл қалыпты көзбен көруге болмайтын кескіндерді үлкейтілген түрде алуға мүмкіндік беретін заманауи құрылғылар. Артықшылықтары:Қолданудың қарапайымдылығы: Оптикалық микроскоптарды пайдалану салыстырмалы түрде оңай және оператордың арнайы дайындығын қажет етпейді. Тірі үлгілерді визуализациялау, Кең үлкейту диапазоны, Төмен құны, Арнайы шарттарсыз жұмыс істеу мүмкіндігі:Оптикалық микроскоптар вакуумды немесе арнайы үлгіні дайындауды қажет етпейді, бұл оларды пайдалануды ыңғайлы етеді.Ерекшеліктері: 1. Линза жүйесі:Оптикалық микроскоп объектінің үлкейтілген кескінін жасау үшін бірге жұмыс істейтін объективтер мен окулярларды қамтитын линзалар жүйесінен тұрады.2.Жарық көзі:Көптеген оптикалық микроскоптар үлгілерді жарықтандыру үшін жарықдиодты шамдарды немесе шамдарды пайдаланады.3.Фокусты реттеу:Оптикалық микроскоптар нысанның анық бейнесін алу үшін пайдаланушыға фокус аралығын реттеуге мүмкіндік береді. Мүмкіндіктер:1.Микроқұрылымды зерттеу:Оптикалық микроскоптар жасушалар, ұлпалар және минералдар сияқты заттардың ең ұсақ бөлшектері мен құрылымдарын зерттеуге мүмкіндік береді.2.Фотосурет және бейнежазба: Көптеген оптикалық микроскоптар одан әрі талдау немесе құжаттама үшін кескіндер мен бейнелерді түсіруге мүмкіндік беретін камералармен жабдықталған.3.Түсті зерттеу: Оптикалық микроскоптар қосымша бояу процедураларын қажет етпей-ақ түс үлгілерін визуализациялауға мүмкіндік береді.
...