Лекции по "Биологии"
Автор: Акоргын Темираликызы • Май 3, 2023 • Курс лекций • 3,902 Слов (16 Страниц) • 125 Просмотры
ЛЕКЦИЯЛАРДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
№ 1 Дәріс Кіріспе. Кіріспе. Микроорганизмдер клеткаларын өсіру.
Дәрістің мақсаты: Микробиология ғылымы, даму тарихы туралы, микроорганизмдер әлемі, олардың адамзат және табиғатта алатын орны жайлы түсініктер қалыптастыру.
Кілтті сөздер: микроорганизм, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар, вирустар, микроскоп, линза.
Микробиология – микроорганизмдер туралы ғылым (mikros, bios, logos – кіші, ұсақ, ӛмір, ілім). Микробиологияның зерттеу объектісі – 0,1 мм кӛлемді микроорганизмдер болып табылады. Микробиологияға кейбір қарапайымдылар, бір жасушалы балдырлар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар кіреді. Микроорганизмдердің кӛпшілігі аспапсыз кӛзбен кӛрінбейді, олардың мӛлшері әдетте бірнеше микрометрді немесе нанометрді құрайды. Оларды зерттеуде 3000 есе үлкейтетін оптикалық микроскоптар, жүз және жүз мың есе үлкейтіп кӛрсететін электронды микроскоптарды қолданады.
Микроорганизмдер табиғаттың барлық жерінде таралған: топырақта, суда, ауада, жануарлар мен ӛсімдіктердің үстінгі бетінде, жануарлар мен адамдардың ішегінде, қоршаған ортадағы барлық заттарда кездеседі. Сонымен қатар микроорганизмдер шӛлдегі құмда, Арктика мен Антрактидағы қар, мұз бен суда, шахта мен теңіз түбінде, бірнеше километрлік биіктіктегі стратосферада кездеседі. Олар әлемнің тірі зат ретінде айтарлықтай бӛлігін құрайды. Мысалы, 1 мл лас суда бірнеше жүз миллион микробтар, ал
1 гр тыңайтылған топырақта бірнеше миллиард микробтар кездеседі. 1 гектар тыңайтылған топырақтың жыртылған қабатында 5–10 тонна микроорганизмдердің массасы құралады. Алайда кӛп ғасырлар бойы адамдарға микроорганизмдер туралы ешнәрсе белгісіз болды.
Микробтар әлемін голландық табиғат зерттеушісі Антони Ван Левенгук (1632 – 1723 жж) ашқан. Линзаларды микроскопқа қолдану арқылы әр түрлі биологиялық объектілерді зерттеді, Левенгук сперматозооналар, эритроцит және капиллярларды зерттеп, сипаттама берді және де У.Гарвейдің қан айналудағы зерттеуін аяқтады. Левенгук бірінші рет кӛптеген ұсақ жануарлардың құрылымын, ӛсімдіктер мен жануарлардағы әр түрлі жүйелер мен ұлпалардың микроструктуралық құрылысын сипаттады. Алайда оның ең кӛрнекті жетістік табыстары 1676 жылы микробтарды ашуы еді.
Левенгук ӛзінің ашқан жаңалығын былай сипаттайды. «Қандай күштер тамырға әсер етіп және оны тітіркендіретін барлық әдістерден кейін білуге болады. Мен суға тамырды салдым, суда ол шамамен 3 аптадай тұрды. 24 сәуірде 1676 жылы суды микроскоп астында қарағанымда ӛте танқалды, онда орасан кӛп мӛлшерде ұсақ тірі жануарларды кӛрдім.
Кейбірінің ұзындығы 3 – 4 есе үлкен болды, кӛлденеңіне қарағанда бірақ та олар шаш қалыңдығындай емес. Кейбірі сопақ пішінді болды. 3-шісінің құйрығы бар. Жануарлардың тӛртінші типінің ұсақтығы соншалықты оны құммен теңестіру қиын. Оны салыстыру үшін осындай тірі жанның мыңдаған саны керек».
ХІХ ғасырдың аяғында микробиология Пастердің, Кох, Мечников, Виноградский мен Бейеринктің еңбектерімен, әдістері негізінде ӛз бетінше ғылым болды. Бұл кезеңде Ч.Дарвиннің жалпы биологиядағы эволюциялық теориясы аяқталды. Зерттеулердің жаңа әдістерінің арқасында ХХ ғасырдың 1-ші жартысында микробтардың әр түрлі фрамалары, құрылымы мен метоболизм типтері ашылды.
30 жылдары Бейеринктің шәкірті А.Клюйвер мен оның мектебі әр түрлі микроб топтарының физиологиялық қатынасын зерттеу нәтижесінде ӛмір сүру типі биохимиялық процеске үйлесетіндігін түсіндірген. Ол негізгі заттардың – белок, май, кӛмірсу және
нуклейн қышқылының құрылымдық бірлігі болып саналады. Олар микробтарда, ӛсімдіктер мен жануарларда энергетикалық және конструктивтік бірлік болып табылады.
Соңғы жылдары микробиологияның қолданбалы бағыттары дамыды, оларды практикалық тапсырмаларды шешуде кеңінен пайдаланды. Микробиология осы уақытта ауыл шаруашылық, малшаруашылығы, медицина, биосфераны тазалау, энергетика т.б. мәселелерімен айналысады.
Қайталауға арналған сұрақтар:
- Микробиология ғылымы нені зерттейді?
- Микроорганизмдерге қандай организмдер жатады?
- Микробиологияның дамуында еңбек сіңірген атақты ғалымдар кімдер?
Ұсынылатын әдебиеттер:
- Шигаева М.Х., Қанаев А.Т. Микробиология және вирусология. Қазақ Университеті, 2007 ж.
- Мишустин Е.М., Емцев Е.Т. Микробиология. М., 1987, 391с.
- Шлегель Г. Общая микробиология. М.: Мир, 1987, 567с.
№2 Дәріс Байыту және таза дақылдарды алу Микроорганизмдердің протопластарын алу әдістері.
Дәрістің мақсаты: Микроорганизмдердің жалпы барлығына ортақ қасиеттерімен және олардың алуан түрлілігімен таныстыру.
...