Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Инфекциялық процестің сипаттамасы. Бактериялардың және вирустардың патогенділігі және вируленттігі. Патогенділік және вируленттіліктің

Автор:   •  Октябрь 22, 2019  •  Реферат  •  6,224 Слов (25 Страниц)  •  1,712 Просмотры

Страница 1 из 25

«Астана Медицина Университетi» КеАҚ

        «Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология,

        вирусология және иммунология» кафедрасы

        

         СӨЖ

Тақырыбы: Инфекциялық процестің сипаттамасы. Бактериялардың және вирустардың патогенділігі және вируленттігі. Патогенділік және вируленттіліктің генетикалық бақылау факторлары. Организмнің бейспецификалық қорғаныс факторлары, ішкі және сыртқы тосқауылдары. Фагоцитоз. Микробтарға қарсы адам организмінің гуморальды бейспецификалық қорғаныс факторлары. Цитокиндер және интерферондар

       Орындаған: Зиятбек Ұлпан

                       Нұрғали Ілияс

                       Тұрсын Арман

     Факультет:  Жалпы медицина

     Топ: 209

 Қабылдаған: Бекниязова Г.А.

                             Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы 2019ж.

ЖОСПАРЫ:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

2.1.   Инфекциялық процес негізі – паразитизм феномені. Қоздырғыштардың патогендігі және вируленттілігі

2.2.   Микробтардың патогенділік факторлары, олардың генетикалық реттелуі

2.3.   Ағзаның бейспецификалық тосқауылдары

       3. Қорытынды

       4. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

«Инфекция» - латын тілінен аударғанда жұқтыру деген ұғым береді. Инфекция дегеніміз эволюциялық процесс барысында биологиялық құбылыс ретінде қалыптасқан макро- және микроорганизмдер арасында өзара қарым-қатынасты анықтайтын күрделі процесс. Инфекциялық процес қоздырғыштары – микроорганизмдерді қарастырамыз. Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогенділік(қоздырғыштық)  дәрежесіне қарай барлық микробтарды 3 топқа бөлеміз. Адам ағзасына әсер етуші патогенді және шартты-патогенді түрлеріне сипаттама және түпкі айырмашылықтарына тоқталамыз. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары болып табылатын микробтардың ең негізгі қасиеттері патогенділік пен вируленттілік. Патогенділік деп микробтардың инфекциялық процесс қоздырушы потенциалдық  қабілеттілігін айтамыз. Ал вируленттілік – белгілі бір организмді инфекция қоздырғышының зақымдау қабілеттілігінің дәжересі. Оны екі тұрғыда қарастыруға болады: 1. Патогенді микроорганизмдердің макроорганизмге еніп, оны зақымдау қабілеті, 2. Белгілі бір организмнің табиғи және жасанды зақымдалу кезінде зақымдаушы патогенді микроорганизм штамының сандық көрінісі. Енді осы патогенділік пен вируленттіліктің генетикалық ретттелуін және факторлары туралы жалпы түсінік берілген.

        Адам ағзасының инфекцияға қарсы резистентілігі қалыптасады, яғни ауру туындатушы ықпалдарға организмнің тұрақтылығы. Ол спецификалық(арнайы) және бейспецификалық(арнайы емес) болып екіге бөлінеді. Спецификалық факторларға иммунитеттің бірнеше түрлерін жатқызсақ, бейспецификалық қорғаныс тұрақтылығын сақтауға механикалық қорғаныс ретінде тері және шырышты қабықшалар, физикалық-химиялық қорғанысқа бактериоцидтік заттар және ферменттер, иммунды-биологиялық қорғанысқа фагоциттер, комплемент, интерферон, және қан сарысуының тежеуші ақуыздарын жатқызамыз.

2. Негізгі бөлім

2.1. 2.1.   Инфекциялық процес негізі – паразитизм феномені. Қоздырғыштардың патогендігі және вируленттілігі

Инфекция туралы ілім – бұл макроорганизмдерде тіршілік етуге және оған патогенді әсер етуге мүмкіндік беретін микробтардың қасиеті туралы, және де микроорганизмнің ауру тудырушылық әсеріне қарсы тұратын макроорганизмнің қорғаныс-бейімделу реакциялары туралы ілім. Инфекция туралы ілім маңызды роль атқарады, өйткені инфекциялық процесс қоздыратын микробтардың патогенсіз микробтардан еркешелігін, және де қоздырғыштарды қабылдаушылық және қабылдамаушылық қасиеті бар макроорганизмнің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін түсінуге мүмкіндік береді. Ол жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін қажетті препараттар жасауда, және де диагноз қою әдістерін жетілдіруге  шешуші рөл атқарады. Инфекциялық процестердің дамуын және оның барысын молекулалық деңгейде ғана емес одан да жоғары деңгейде сауаты бақылауға мүмкіндік береді.

...

Скачать:   txt (103.7 Kb)   pdf (390.9 Kb)   docx (37.3 Kb)  
Продолжить читать еще 24 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club