Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жасушалар және тіндер дақылдары, вирустарды дақылдандыру әдістері, вирусологиялық зерттеу әдістері

Автор:   •  Октябрь 19, 2019  •  Реферат  •  4,454 Слов (18 Страниц)  •  2,039 Просмотры

Страница 1 из 18

                                  «Астана Медицина Университеті » АҚ

Ш.И Сарбасова атындағы микробиология,вирусология және иммунология    кафедрасы

Жасушалар және тіндер дақылдары, вирустарды дақылдандыру әдістері, вирусологиялық зерттеу әдістері.

                                       

 

                                                                            Қабылдаған:Асемова Гулжан

                                                                           Топ:214 ЖМ

                                                                          Орындаған:Алтынбай Ақерке

                                       Нұр-Сұлтан 2019

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

           1. Жасуша мен  тін дақылдары. Жасуша мен тіндерді дақылдандыру шарттары

           2. Вирустар туралы жалпы сипаттама

          3. Вирустарды дақылдандыру

          4. Вирусологиялық зерттеу әдістері

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе

Жасуша - тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. Тек вирустардың тіршілігі жасушасыз формада өтеді.

«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.

Жасушалар(тіндер)дақылын вирустарды дақылдандыруда жиі қолданылады.Жасушалар дақылы әдісін XX-шы ғасырдың 50-ші жылдарында Дж.Эндерс ашып, жасуша мен тіндерді  және әр түрлі микроорганизм дақылдарын өсіруде олардың табиғатына қарай әр түрлі қоректік орталар дайындау арқылы олардың таза дақылдарын алды. Сонымен қоса микроорганизімдердің бактериялардың, вирустардың  морфологиясын, физиологиясын зерттеп, олардың организм ағзасында тудыратын зиянды ауруларын ашып, адам өмірін ұзарту, әр түрлі аурулармен күресу және алдын алу, тұрғындардың денсаулығын сақтау  шараларын жүргізді. Және жұқпалы аурулар патологиясында микроорганизімдердің рөлін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.

Негізгі бөлім

Жасуша дақылы-әртүрлі жасуша мен тінді ағзадан тыс жасанды қоректік ортада өсіру.

Дақылдық қасиет- маңызды диагностикалық белгі болып табылады. Дақылдық немесе макроморфалогиялық қасиеттерге микроорганизмдердің сұйық және тығыз орталарда өзіне тән өсу ерекшеліктері жатады.

Жасуша мен тіндерді дақылдандыру шарттары                                                                   1.Құнды қоректік ортаның болуы.Кез-келген қоректік орта құрамының күрделігі мен пайдалану мақсатына қарамастан негізгі судан энергия мен көмерсутегінің органикалық көзінен, тұрақты РН пен осмостық қысымы болуы қажет.

2.Дақылдандыру  температурасы                                                                                        Көбею жылдамдығына температура әсерін тигізеді. Жасуша және тін дақылдары әртүрлі температураға әр түрлі жауап береді. Кейбір дақылдар өте жылы ортаны ұнатса, кейбіреулері керісінше салқын ортада жақсы өседі. Жасушалардың өсуіне ең тиімді температура 36-38,5С.

3.Дақылдандыру атмосферасы                                                                                                         Жасуша не тін дақылдары өсіп, көбеюі үшін оттегі қажет және бүкіл ортаға оттегі диффузиялы таралуы қажет .Кейбір дақылдар петри табақшасындағы  агардың бетінде,не сұйық ортаның жұқа беткі қабатында жақсы өседі. (аэробты бактерия). Кейбірі сұйық ортаның сұйық деңгейінде жақсы өседі (қатаң аэробты бактерия )

...

Скачать:   txt (32.3 Kb)   pdf (308.3 Kb)   docx (17.3 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club