Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Везикулалық тасымалдану

Автор:   •  Февраль 16, 2018  •  Реферат  •  1,654 Слов (7 Страниц)  •  1,367 Просмотры

Страница 1 из 7

Тақырыбы: «Везикулалық тасымалдану»

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім :

1) Ұсақ молекулалы заттардың өткізілуі

2) Заттардың өткізілуінің кейбір жүйелері (сорғыштар және

арналар)

3) Мембрана арқылы түйіршіктердің және ірі молекулалы

қосылыстардың өткізілуі

4) Бүйректе глюкозаның тасымалдануы

5) Көлденең жолақ бұлшықет ұлпасында Са2+ иондарының

тасымалдану жүйесі

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

V. Бағалау критерий

I. Кіріспе

Жасуша цитоплазмасының маңызды қызметтерінің бірі–заттар

ағының қамтамасыз ету болып табылады. Заттар ағыны дегеніміз:

біріншіден-жасуша ішінде, кедір-бұдыр эндоплазмалық торда

синтезделген ақуыздардың органеллалар арасында әрлі-берлі тасымалдануы; екіншіден-көптеген жасушалар мен ұлпаларда синтезделген пептидтік гормондардың, асқорыту ферменттерінің,

антиденелердің, өсу факторларының және басқа да секреторлық

молекулалардың жасуша сыртына шығарылуы; үшінішіден-сыртқы

ортадан жасушаға үнемі әртүрлі заттардың өткізілуі.

II. Негізгі бөлім

1) Ұсақ молекулалы заттардың өткізілуі

Жасушаішілік везикулалық тасымалдау эндоплазмалық ретикулум мембранасынан басталады. Бұл жерде ақуыз молекуласының гликозилденуіні алғашқы кезеңдері өтеді. Содан кейін ақуыз молекулалары тасымалдау көпіршіктеріне іріктелініп, Гольджи кешенінің цис-полюсіне өтеді. Гольджи цистерналарында ақуыздардың гликолизденуі әрі қарай жалғасады, ал Гольджидің транс-полюсі мен транс-торларында ақуыздың гликозилденуі толығымен аяқталады. Сонымен қатар олар фосфорланады және сульфаттанады. Гольджи цистерналарынан ақуыздар жиекті

көпіршіктер арқылы өтеді. Гольджидің транс-торларында толық

модификацияланған ақуыздар нақтылы органеллаларға тасымалдану

үшін тасымал көпіршіктеріне іріктелінеді. Гольджи кешенін тастап

шыққаннан кейін, ақуыздар алғашқы лизосомаларға, конститутивтік

көпіршіктерге және секреторлық гранулаларға үлестіріледі.

Ұсақ молекулалы заттардың өткізілуі ұсақ молекулалы заттардың биомембрана арқылы өткізілуінің 3 жолы белгілі:

Жай диффузия - өздігінен, ешбір көмексіз,заттардың концентрация градиенті бағытында мембрана арқылы өтуі. Мұндай әдіс арқылы кіші молекулалы гидрофобтық органикалық қосылыстар және ұсақ, бейтарап молекулалар өтеді. Мембрана арқылы шектелген қуыстардың концентрация айырмашылығы көбейген сайын диффузия жылдамдығы да пропорциональ өседі, ал олардың концентрациясы теңессе диффузия тоқталады.

Жеңілдетілген диффузия - бұл әдісте де заттар өздерінің концентрация градиенті бағытында мембрана арқылы өтеді, яғни жоғары концентрациядан төменгі концентрация бағытында, бірақ бұл құбылыс өздігінен жүзеге

аспайды, ал ерекше тасымалдау ақуызытранслоказаның көмегімен жүреді.

Транслоказалар – өздері өткізетін заттарға азды-көпті сай болып келетін интегралдық ақуыздар. Мысалы, эритроцит мебранасындағы аниондық арналар, қозғыш жасушалар плазмолеммасындағы К+ каналдары, саркоплазмалық ретикулум мембранасындағы Са+ каналдары.

Белсенді тасымалдау – мембрана арқылы заттардың өткізілуі транслоказалар көмегімен жүзеге асады, бірақ бұл кезде заттар

...

Скачать:   txt (23.3 Kb)   pdf (59.2 Kb)   docx (19.4 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club