Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ағзаларды клондау

Автор:   •  Декабрь 2, 2021  •  Эссе  •  1,767 Слов (8 Страниц)  •  730 Просмотры

Страница 1 из 8

[pic 1]

«Астана медицина университеті» КеАҚ

Медициналық генетика және молекулалық биология кафедрасы

                           Эссе

Тақырыбы: Ағзаларды клондау

                                                                 Орындаған: Оразов Нұржан

                                                                 Мамандығы: Жалпы медицина

                                                                 Топ: 115

                                                                 Қабылдаған: Алтаева Н.З.

      Клондау – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу. Клондау грек тілінен аударылғанда, «ұрпақ», «бұтақ» деген мағынаны білдіреді. Ағзаларды клондаудың өзіне тән артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Клондау ауруға төзімді өсімдіктерді көбейтуге көмектеседі. Пайдалы, әрі сорты жақсы өсімдіктерді, әсіресе адам қорегіне жарайтын өсімдіктерді көбейту әлемдегі аштықты шешуге көмектеседі. Сондай-ақ клондалған өсімдіктерді алдын-ала сау немесе ауру болатынын зерттеп, анықтауға болады, бұл ауылшаруашылық шығындарында миллиондаған долларларды үнемдеуге көмектеседі және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктерді дұрыс клондау бағдарламаларымен сақтап қалуға болады. Дәл осындай артықшылықтар азық-түлік көздерімен қамтамасыз ететін үй жануарларын клондауға да қатысты. Клондау жоғары сапалы тағам өндіруге, ауруға төзімді жануарларды жасауға және әлемдегі аштықты жоюға көмектеседі. Сирек кездесетін жануарларды, әсіресе қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында нашар көбейетін жануарларды жойылып кетуден құтқаруға болады. Көптеген адамдар өсімдіктер мен жануарларды клондаудың артықшылықтарын кемшіліктерінен көп деп ойлайды, бірақ кейбір кемшіліктерді ескеру қажет. Біріншіден, гендік инженерия арқылы өсімдіктер мен жануарлар түрлерін клондау – қажетті ДНҚ әртүрлілігінің болмауына әкелуі мүмкін. Әртүрлілік болашақта өмір сүруге қабілеттілікті жақсартуға көмектеседі, әртүрлі адам ойламаған жағдайлар орын алғанда. Мысалы, ғалымдар вирустардың немесе клондалған ағзаларға зияны бар түрлердің, басқа өлтіруші агенттердің болашақта ықтимал дамуын болжай алмайды. Сол үшін де гендердің, ДНҚ-ның әртүрлілігі қажет болады. Мысалы, ғалымдар әлемдегі барлық күрішті клондау туралы шешім қабылдасын делік. Олар бірте-бірте тек басқа түрлерге қарағанда әлдеқайда қоректік, әлдеқайда төзімді бір ғана күріш түрін өндіре бастайды. Басқа күріш түрлері өндірілуі азаяды және оның ДНҚ нұсқалары да азаяды. Кенеттен белгісіз ауру күріш дақылына әсер етіп, оны толығымен жойып жібереді, ал әлем кенеттен күріш тапшылығына ұшырайды. Жануарлар мен өсімдіктерді клондаудың тағы бір кемшілігі – ықтимал шығынның жоғары болуы. Қазіргі уақытта клондау жануарларды және өсімдіктерді басқа жолмен көбейтуден әлдеқайда қымбат. Клондау үлкенірек ауқымда жасалса, шығындар азаюы мүмкін, бірақ клондалған ағзалардан бас тарту жоғары болуы мүмкін, яғни, кейбір адамдар клондалған жануарлардан және өсімдіктерден алынған өнімдерден бас тартуы мүмкін, бұл клондалған жануарлардың бағалылығын төмендетуі мүмкін.

         Адамды клондаудың артықшылықтары мен кемшіліктері күрделірек. Клондаудың пайдалары барына ешкімнің күмәні жоқ. Олардың ішінде ең маңыздыларының бірі – трансплантацияда қолдану үшін, адамның өмірлік маңызды мүшелерін клондау мүмкіндігі, бұл органдарды ағзаның қабылдамау мәселесін жоққа шығара алады. Кейбір адамдар өзі балалы бола алмайтын немесе баласынан өте жастай айырылған адамдарды клондау арқылы бала алуды адамды клондауды дамытудың артықшылықтарының бірі деп санайды. Ең негізгі кемшіліктеріне – тағы да генетикалық әртүрлілік мәселесі жатады. Одан соң, оның көптеген адамдарға қаржы жағынан қолжетімсіз болуы. Барлығы сатып алынатын және сатылатын ортада «қара нарықтың» пайда болу ықтималдығы жоғары. Отбасы мүшелерінің қабылдауында оларды күтіп тұрған қиындықтарды айтпағанның өзінде, қоғамдағы клондарды «субадамдар», «екінші сортты» адамдар деп айтуы мүмкін. Дін жағынан қарап, айтатын болсақ, «Адамды қолдан жасау – Құдайға қарсы шыққанмен тең» дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Діни оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі – Смайылбек қажы Сейітбеков.

        Ағзаларды клондаудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы пікірталастар осыған дейін болды және болашақта да жалғасады. Қазіргі кезге дейін кейбір ағзалардың клондауын сәтті жасағандар болды. Ағзаларды клондау технологиясы күннен күнге дамып бара жатқандықтан, болашақта адамдарды да клондауға кезек келеді деп ойлаймын.

...

Скачать:   txt (20.4 Kb)   pdf (117.3 Kb)   docx (236.4 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club