Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адам қаңқасы

Автор:   •  Октябрь 4, 2023  •  Реферат  •  627 Слов (3 Страниц)  •  240 Просмотры

Страница 1 из 3

Адам қаңқасы 200ден астам сүйектерден, шеміршектерден тұратын тірек қимыл жүйесін құрайды.Бұлшық еттерге қарағанда пассивті роль атқарады.Қаңқаның негізгі қызметі тірек және қорғаныс.

Келесі бөлімдерден тұрады:

  1. бас қаңқасы , яғни бассүйек.
  2. Біліктік бөлігі : омыртқа жотасы columna vertebralis және кеуде торы ossa thoracis
  3. Аяқ қолдар сүйектері

Сүйектер , сыртқы пішініне қарай : ұзын , ossa longi , қысқа ossa brevia және жалпақ сүйектерге ossa plana бөлінеді.Ұзын немесе түтіктік сүйектерге: Тоқпан жілік, кәрі жілік , шынтақ жілік, алақан және саусақтың сүйектері , ортан жілік , асықты жілік сүйегі, шыбығы ,табан және бақай сүйектері жатады.Түтіктік сүйектердің ортасы диафиз diaphysis , проксимальды және дистальды ұштары немесе эпифиздері epiphysis proximalis et distalis  болады. Проксимальды шеті қаңқаға жақын бөлігі. Дистальды бөлігі қаңқадан алшақ орналасқан ұшын айтамыз.Сүйектердің диафизі мен эпифизі арасында орналасқан бөлігін метафиз деп атаймыз.

Түтіктік тік ұзын сүйектерді кесіп қарағанда сыртында орналасқан тығыз затынан substantia compacta, және терең қабаты кемікті затынан substantia spongiosa тұрады.Кемікті бөлігі жілік май қуысынан cavitas medullaris тұрады.Жілік майы түс ерекшеліктеріне қарай: қызыл medulla ossium rubra және сары жілік майынан тұрады medulla ossium flava. Қызыл жілік майы қан түзуге қатысады. Организмнің қарқынды дамуына байланысты қызыл жілік майы сары жілік майына ауысады. Сары жілік майы резервтік қызмет атқарады.

        Омыртқа бағанасы бір бірімен өзара сап түзеп, тізбектеліп орналасқан 33-34 омыртқалардан тұрады.Омыртқа бағанасы 7- мойын омыртқасынан vertebrae cervicales, 12-кеуде омыртқасынан ,   5-бел омыртқасынан vertebrae lumbalis , сегізкөз сүйегінен os sacrum және құймышақ сүйегінен os coccygis тұрады.

      Омыртқа құрылысы: әр омыртқаның денесі мен доғасы болады.Омыртқа доғасында бірнеше қанаттары бар: бір арқа , екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық.Омыртқалардың дәл ортасындағы қуыста жұлын орналасады. Мойын омыртқалары жетеу.Пішіні жағынан басқа омыртқалардан ерекше: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқасының денесі болмайды, ортасындағы қуысы үшбұрышты.І және ІІ мойын омыртқа лардың ерекше пішіні болады, ол бас сүйекпен қозғалмалы болып буындасуға байланысты.І омыртқа – атланта Atlas денес3н34 дамуы барысында ІІ омыртқаға ауысып, соған жабысып өсіп , тіс түзеді dens .Кеуде омыртқалары  Vertaebrae Thoracicae , қабырғалармен қосылады , сондықтан әрбір омыртқа денесінде қабырға шұңқырлары,  foveae costales болады. Әдетте қабырғалар екі көршілес омыртқалармен будандасатындықтан , кеуде омыртқаларында екіден жартылай шұңқырлары болады, біреуі омыртқаның жоғарғы жиегінде  Foveae costalis superior, екіншісі төменгі жиегінде Foveae costalis inferior. Бел омыртқалары vertebrae lumbales ,басқа бөлімдерге қарағанда көбірек жүктеме түсуіне байланысты денелері үлкен болады. Сегізкөз омыртқалары бір сүйекке бітісіп os sacrum сегізкөз сүйегін түзеді. Жоғарыға қараған негізі basis ossis sacri және төмен қараған төбесі apex ossis sacri бар , үшбұрыш пішінді болады. Құймышақ омыртқалары рудиментті сүйек болып табылады.Орта жаста құймышақ сүйегіне os coccygis айналып кетеді.

...

Скачать:   txt (7.8 Kb)   pdf (69 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club