Адам тініндегі негізгі көмірсулар және олардың биологиялық мәні
Автор: Umi11 • Апрель 7, 2023 • Эссе • 809 Слов (4 Страниц) • 221 Просмотры
[pic 1]
Биология және биохимия кафедрасы
ЭССЕ
Tақырыбы: «Адам тініндегі негізгі көмірсулар және олардың биологиялық мәні»
[pic 2]
Шымкент 2023ж.
Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O)n яғни көмірсутек+су, аты осыдан шыққын) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы. Көмірсулар — химиялық құрамына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: мономерлік Көмірсулар немесе моносахаридтер және полимерлік Көмірсулар— молекуладағы моносахаридтік қалдық санына байланысты олигосахаридтер мен полисахаридтерге бөлінетін Моносахаридтердің конденсация өнімдері. Көмірсулар алмасуы – тірі организмдерде жүретін көмірсулардың қорытылу, ыдырау, сіңірілу, сондай-ақ, олардың басқа қарапайым заттардан биологиялық түзілу процестерінің жиынтығы. Адам мен жануарлардыңқоректенуінеқажеттінегізгікөмірсуларғакрахмалжатады. Адам қорегіндедисахаридтердің де атқаратынқызметіүлкен. Ферменттердің (амилазалар, мальтазалар, сахаразаларжәнелактазалар) әсерінен ас қорытужолдарындабұлкөмірсуларгидролиздікжолменыдырайды.Осыныңнәтижесіндетүзілетінмоносахаридтер (негізінен, глюкоза, фруктозажәне галактоза) қантамырларыарқылытіндергетарайды. Адам тканьдерінің негізгі көмірсулары және олардың биологиалық мәні Белгілі көмірсулардың барлығын үлкен 3 класқа бөлуге болады – моносахаридтер, олигосахаридтер және полисахаридтер. Бұдан басқа құрамында көмірсу бар аралас биополимерлердің және тобы бар. Глюкозаның негізгі тұтынушулары – жүйке клеткалары мен бауыр болып табылады, оларға глюкозаның келіп түсу жылдамдығы қандағы глюкозаның концентрациясымен анықталады. Басқа клеткалардың глюкозаны пайдалануын ұйқы беезінің гормоны – инсулин бақылайды , ол глюкоза үшін плазматикалық мембрананың өткізгіштігін күшейтеді. Қандағы глюкозаның деңгейі тағамдағы көмірсулардың мөлшеріне , көмірсулардың қорытылу өнімдерінің сіңірілу процесіне , гликоген түрінде бауырда жинақталу жылдамдығы мен оның ыдырауына , негізгі энергетикалық зат ретінде пайдалану деңгейіне және глюкозаның липидті , аминқышқылды алмасу метаболиттерінен синтезделу жылдамдығына байланысты болады . Көмірсулардың (глюкозаның ) тканьішілік барлық айналымын жалпы схема түрінде көрсетуге болады. Адам мен жануарлар ағзасының тканьдерінде глюкоза 2 жолмен ыдырайды – дихотомиялық және апотомиялық жолдар . Бұл екі жол да аэробты және анаэробты жағдайда жүреді . Глюкозаның анаэробты дихотомиялық жолмен ыдырауының соңғы өнімі лактат (сүт қышқылы ) болып табылады. Аэробты ағзаларда глюкозаның катаболизмінің негізгі жолы – аэробты ыдырау , оның соңғы өнімдері су және көмір қышқыл газы болып табылады.Глюкоза ыдырауының аэробты дихтомиялық жолы барлық мүшелер мен тканьдарда өтеді . Бірақ кейбір тканьдер энергияның басқа көздері мен АДФ синтезінің басқа әдістерін пайдалануы мүмкін . Глюкозаның аэробты ыдырауы көп мөлшерде мида жүреді , ол қалған глюкозаның 60 ℅ немесе тәулігіне 100 г пайдаланады және осы процеске адам ағзасына келіп түсетін оттегінің 20℅ -ын сіңіреді . Сондықтан , қанда оттегі мен глюкоза деңгейінің кез-келген өзгеруі – бірден жүйке тканінің қызметіне әсер етеді . Бастың айналуы , естен тану – орталық жүйке жүйесінің функционалды жағдайының зақымдалу белгілері ретінде ағзада глюкоза мен оттегінің жетіспеушілігі кезінде байқалады.Адамдар мен жануарлардың ағзасында клеткаға оттегі қажет мөлшерде түспеген жағдайда , глюкозаның анаэробты дихотомиялық жолы( анаэробты гликолиз) өтуі мүмкін . Мысалы еселене жұмыс істеп жатқан бұлшық еттерінде , клеткаға оттегіні жеткізудің механизмінің қуаты жетіспеген жағдайда , митохондриядан тыс және митохондриялық ферментердің қатысуынсыз өтетін АТФ –тың синтезінің анаэробты механизмдері іске қосылады. Митохондриясы болмайтын эритроциттерге АТФ –ң қажеттілігі тек анаэробты гликолиз есебінен толтырылады. Қарқынды анаэробты гликолиз әсіресе ісік клеткаларына тән.
...