Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қанат-таңдай шұңқыры оның қабырғалары мен байланыстары

Автор:   •  Декабрь 28, 2023  •  Реферат  •  963 Слов (4 Страниц)  •  450 Просмотры

Страница 1 из 4

Қанат-таңдай шұңқыры оның қабырғалары мен байланыстары

Қанат таңдай-шұңқыры (fossa pterygopalatina) . Олардың алдыңғы, артқы, медиалды қабырғалары бар.

Алдыңғы қабырғасын жоғарғы жақ сүйектің төмпесі (tuber maxillae). Артқы қабырғасын сына тәрізді сүйектің қанаттық өсіндісі. Медиалды қабырғасын таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасын құрайды.

Латералды қабырғасы жоқ, самай асты шұңқырға ашылады.

Қанат таңдай шұңқырының көршілес қуыстар және шұңқырлармен 6 байланысы бар.

1) Көз ұямен –көз ұяның төменгі саңылауы (fissura orbitalis infenor) арқылы

2) Мұрын қуысы мен сына таңдай тесігі (foramen sphenopalatinum)

3) Ауыз қуысы мен таңдай сүйегінің горизонтальді табақшасының үлкен өзегі (canalis palatinus major)

4) Ми сауытының ортаңғы шұңқырымен, дөңгелек тесік (foramen rotundum)

5) Самай асты шұңқырмен-қанат-жоғары жақ сүйектік саңылау (fissura pterygo maxillaris) арқылы

2. Мұрын қуысы, оның қабырғаларының құрылысы, мұрын жолдары/оның байланыстары

Мұрын қуысы – (cavitas nasi) алдынан алмұрт тәрізді тесікпен (apertura piriformis) ашылады, арт жағынан жұп тесіктер, хоаналар оны жұтқыншақ қуысымен жалғастырады.

Мұрын қуысында 5 қабырға бар: Жоғарғы, төменгі, латериалды, медиалды, артқы қабырғалар.

1) Латериалды қабырға құрылысы күрделі. Оның құрамына мына сүйектер кіреді. Мұрын сүйегі, жоғарғы жақ сүйектің денесі, маңдай өсіндісінің мұрын беті, көз жас сүйегі, тор сүйек лабиринті, төменгі қалқан, таңдай сүйегінің перпендикуляр табақшасы, сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің медиалды табақшасы.

2) Жоғарғы қабырға тор сүйектің lamina cribrosa және ішінара сына тәрізді сүйектен тұрады.

3) Төменгі қабырға құрамына palatum osseum құрайтын жоғарғы жақ сүйектің таңдай өсіндісі; таңдай сүйектің горизонтал табақшасы енеді.

Жоғарғы мұрын жолы (meatus nasi superior) - тор сүйектің жоғарғы және ортаңғы мұрын қалқандары арасында арналасқан; Ол ортаңғы жолдан 2 есе қысқа да, мұрын қуысының ортаңғы бөлімінде ғана орналасады. Онымен sinus sphenoidalis, foramen sphenopalatinum жалғасады әрі оған тор сүйектің артқы ұяшықтары ашылады.

Ортаңғы мұрын жолы – (meatus nasi medius) ортаңғы және төменгі қылқандар арасымен өтеді. Воронка тәрізді өзек арқылы (infundibulum) ортаңғы мұрын жолы-тор сүйектің алдыңғы ұяшықтарымен және маңдай қуысымен жалғасады.

Төменгі мұрын жолы – (meatus nasi inferior) -төменгі қылқан мен мұрын қуысының түбі арасынан өтеді. Оның алдыңғы бөлімінде мұрын көз жас өзегі ашылады. Ол арқылы көз жас сұйықтығы мұрын қуысына келеді. Жылаған кезде мұрыннан сұйықтық көбірек бөлініп, суық тиген кезде "жасаурауы" осымен түсіндіріледі. Жалпы мұрын жолын – meatus nasi communis дейміз.

3. Мұрынның қойнаулары, оның байланыстары

Мұрын қуысына қараған беті, (facies nasalis) - жоғарғы бөлігінің артқы қапталында жоғарғы жақ сүйегінің қайнауының саңылауы, apertura mavillaris айқын байқалады.

Жоғарғы жақсүйегі қайнауының мұрын қуысы мен жалғастырушы саңылау маңдайлық өсіндінің аралығында вертикаль бағытта көзжас саласы sulcus lacrimalis айқын байқалады.

4. Омыртқа жотасындағы байланыстардың түрлері

Омыртқа бағанасының Columnae vertebralis, аралығындағы өзара үздікті және үздіксіз байланыстар болады. Омыртқа денелері corpus vertebrae, бір-бірімен омыртқааралық дискілермен discus intervertebralis және омыртқа аралық симфиздер symohisis intervertebralis арқылы үздіксіз байланысқан.

Омыртқа аралық дискілер (discus intervertebralis) - талшықты шеміршектен тұрады. Дискілердің перифериясында фиброзды сақина (anulus fibrosus) орналасады. Дискінің ортасын серпілмелі ядро (nucleus pulposus) құрайды. Ол шеміршектің

...

Скачать:   txt (11.6 Kb)   pdf (57.1 Kb)   docx (10.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club