Сыртқа шығару үрдістері
Автор: Jean Skariani • Октябрь 22, 2018 • Реферат • 3,082 Слов (13 Страниц) • 2,286 Просмотры
11-дәріс. Сыртқа шығару үрдістері.
Жоспар:
1. Сыртқа шығару ағзаларының негізгі қызметтері.
2. Бүйрек.
3. Бүйректің жасқа байланысты қызмет ерекшеліктер.
4. Бүйрек қызметтінің реттелісі.
5. Несеп шығару.
6. Терінің қызметті. Тердің бөлінуі.
- Сыртқа шығару ағзаларының негізгі қызметтері
Зат алмасу үрдісі пайда болған қалдық заттарды сыртқа шығарумен аяқталады. Күрделі ыдырау процесстері нәтижесінде денеде зат алмасуының ең соңғы өнімдері – «қалдық заттар» (шлактар) пайда болады. Шлак организмде пайдаланылмайды, ал қор болып жиналып қалса оны уландырады, әсіресе белок алмасуы барысында түзілетін мочевина, несеп қышқылы, креатинин, аммоний тұздары сияқты заттар өте улы келеді. Олар сондай-ақ көмірсу мен май алмасуының соңғы ыдырау өнімі – көмір қышқылы мен су. Барлық зат алмасу үрдісінің нәтижесінде бөлінген қалдық заттар организмнен шығару мүшелері арқылы сыртқа шығады (экскреция).
Адам мен жануарлардың сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, ас қорыту түтігі.
Белок алмасуы кезінде пайда болатын қалдық заттар, су, тұздар және сырттан келіп түскен әртүрлі организмге жат заттар (түрлі дәрілер, бояулар, т.б.) негізінен бүйрек, аздап тер бездері арқылы, ал су мен көмір қышқылды газ, эфир, хлороформ, алкоголь сияқты кейбір ұшқыш заттар өкпе арқылы сыртқа шығады.
Асқорыту түтігінің кілегей қабығы арқылы, ет пигменттерінің өзгерісінен пайда болған заттар, кейбір ауыр металдардың (қорғасын, кадмий т.б.) тұздары аласталады. Мұнымен бірге тоқ ішек және сілекей бездері арқылы кальций тұздары шығарылады.
Сонымен бәрімізге белгілі негізгі экскрециялық мүше – бүйрек, одан басқа экстрарентальдық (бүйректек тыс) ағзалар: тер бездері, өкпе мен ішектер арқылы зат алмасу кезінде пайда болған ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады.
Сыртқа шығару тіршілікке өте қажет физиологиялық үрдіс. Онсыз тіршілік жоқ. Мәселен, екі бүйрегін бірдек алып тастаса, ит уланып бір тәулік ішінде өледі. Сыртқа шығару үрдісі бұзылса, көптеген физиологиялық үрдістер бұзылады. Солардың бірі – уремия, белок алмасуының соңғы ыдырау өнімдері (мочевина, несеп қышқылы) жиналып қанға өтеді де организмді уландарыда. Бүйрек қызметінің бұзылуынан анурия (несеп шықпай қою) болып, адам 4-5 тәулікте өледі.
Сыртқа шығару ағзалары мұнымен қатар бірнеше қосалқы қызмет атқарады. Гомеостаздың (ішкі орта тұрақтылығын) – қан құрамы мен қасиеттерін лимфаның интерстициялық сұйық пен ликвор құрамының тұрақтылығын сақтайды.
Сыртқа шығару ағзаларының қан құрамындағы және денедегі басқа сұйықтықтар құрамындағы иондар концентрациясының тұрақтылығын (изоиония) және қан мен басқа биологиялық сұйықтардың осмостық қысымының тұрақтылығын (изоосмия). Денедегі қышқылдар мен негіздер тепе-тендігінің тұрақтылығын (изогидрия) қамтамасыз етеді. Экскрециялық ағзалар денедегі басы артық қышқылдар мен сілтілерді сыртқа шығарып отырады. Мұнымен қатар жасуша ішіндегі және сыртындағы сұйықтықтармен әрдәйім алмасып тұратын қанның тамырдағы көлемдік тұрақтылығын (изоволемия) сақтайды. Денеде белгілі бір жағдайда қалыптасатын су мен тұздар тепе-тендігін (балансын) қамтамасыз етіп олардың артығын организмнен шығарады. Тер бездері дене температурасы тұрақтылығын сақтауға (изотермия) қатысады.
Сонғы жылдары сыртқа шығару ағзаларының бұлардан басқа тағы да бірнеше қызмет атқаратыны анықталып отыр.
Бүйрек қан тамырларының тонусы мен түтік кендігін реттейді. Соның нәтіжесінде қанның қысымын салыстырмалы бірқалыпта сақтайды. Мәселен, бүйрек қызметінің бұзылуы салдарынан кейбір адамдарда ұзақ уақыт қан қысымы шектен тыс көтеріледі. Соның салдарынан бүйрек гипертониясы пайда болады.
Бүйрек аса маңызды биологиялық үрдіс – қан ұюына қатысады. Бүйректе қанның ұюына кедергі жасап, қан тамырында тромба (ұйыған қан) пайда болуына қарсы тұратын фибрин еріткіш (фибринолиздік) арнайы зат урокиназа ферменті түзіледі. Урокиназа бүйректегі қанайналымын жақсартады. Бүйрек тамырлары арқылы бір тәулікте 1400-1800 л қан өтетінін еске алсақ, оның қандай маңызы бар екені айтпаса да түсінікті. Урокиназаның әлсіз-күштілігін білу арқылы бүйрек ауруларын дәл анықтауға болады, сондықтан да бұл әдіс клиникада кеңінен пайдаланылады.
...