Аяқ сүйектерінің жастық ерекшелігі
Автор: Батырхан Нуржигит • Ноябрь 13, 2022 • Реферат • 1,940 Слов (8 Страниц) • 264 Просмотры
“Қарағанды медициналық университеті” комерциалық емес акционерлік қоғамы
Медицина мектебі
Морфология және Физиология кафедрасы
СӨЖ
Реферат
Қозғалыс және тірек.Қаңқа-бұлшықет жүйесі.
(Анатомия)
Тақырыбы:Аяқ сүйектерінің жастық ерекшелігі.
Орындаған:Ағатай Д.Ә.
Қабылдаған:Шайкина С.Н.
Топ:ОМ - 1012
Қарағанды 2022
Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Адам аяқ сүйектеріне жалпы шолу
Адам аяғының сүйектену сатылары
- Аяқ сүйектерінің жастық ерекшелігi
III) Аяқ сүйектерінің жыныстық ерекшелікті
- Қорытынды бөлімі
Кіріспе
Osteologia бул сүйектер туралы ғылым. Организмдің негізгі қаты бөлімін құрайтын сүйектер жиынтығы қаңқа ,Skeleton, болып табылады. Қаңқаның салмағы 5-6 кг болып, ер адамда жалпы салмақтың 10 %, әйелдерде 8,5 % құрайды. Қаңқа атқаратын механикалық қызметі тірек, қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабілетімен сипатталады.Қаңқа механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Ол өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек тіндерінің көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады.Адам қаңқа сүйектері дамуына атқаратын қызметіне қарай 2 түрге бөлінеді:Біліктік қаңқаға,skeleton axiale,қосымша қаңқаға,skeleton appendiculare.Біліктік қаңқаға:бассүйек,омыртқа бағанасы,columba vertebralis, кеуде торын құраушы сүйектер ,ossa thoracis, жатады.Қаңқаның құраушы сүйектер тобы құрылымына қарай шеміршекті және сүйекті бөлік деп 2-ге бөлінеді.Шеміршекті бөлігі буын бетінің шеміршектерден ,cartilagines articularis, ұзын түтік тәрізді сүйектердің эпифиздік шетіндегі шеміршектерден ,cartilagines epiphysales, және қабырғалардың шеміршектерінен ,cartilagines costales, тұрады. Сүйектердің сыртқы беті іөте жұқа қан тамырларға, нервтерге бай дәнекер тіндік қабықтан, periosteum тұрады.
Адам аяғының сүйектері
Аяқ сүйектері, ossa memberi inferioris,қолдың сүйектері сияқты екіге бөлінеді: жамбас белдеу сүйектері, cingulim memberi inferioris, және еркін орнаалаасқан аяқ сүйектері,skeleton memberi inferioris. Топографиялық орналасуына қарай: еркін орналасқан аяқ сүйектері: ортан жілік ,os femur, сирақ сүйектері: асықты жілік,os,tibia, асықты жіліктіің шыбығы,os fibula, және аяқ басы сүйектеріне: тілерсексүйектері ,ossa tarsi, табан сүйектері ,ossa metatarsalia, башпай сүйектері ,ossa digitorum , бөлінеді.
Аяқтың негізгі сүйектері-ортан жілік, асықты жілік және іргелес фибула, барлығы ұзын сүйектер. Тізе тобығы - тізе алдындағы сесамоидты сүйек. Аяқ қаңқасының көп бөлігінде сезінуге болатын сүйек проекциялары мен жиектері бар, ал кейбіреулері аяқтың ұзындығын анықтайтын анатомиялық нұсқаулық ретінде қызмет етеді. Бұл бағдарлар-алдыңғы жоғарғы мықын, үлкен трохантер, медиальды асықты жілік кондилінің жоғарғы шеті және медиальды тобық. Пальпация кезінде ерекше ерекшеліктер-жамбас-ортан жілік буыны, сондай-ақ ителоның мойны немесе ортан жілігі білігі.
...