Адам анатомиясы мен физиологиясы
Автор: Askat123 • Октябрь 30, 2021 • Лекция • 713 Слов (3 Страниц) • 1,217 Просмотры
1.БИЛЕТ Адам анатомиясы мен физиологиясы медицина ілімінің негізі болып саналады. Адам анатомиясы дененің және мүшелердің пішінін, құрылысын зерттейді.
Физиология бір тұтас дененің, мүшелердің, тіршілік әрекеттерін және олардың сыртқы ортаның әсерінен, организмнің түрлі жағдайында өзгеру заңдылықтарын зерттейді.
Мүшелердің орнын, бағытын көрсететін атаулар бар, оларға сагитал, фронталь, горизонталь жазықтықтар жатады. Горизонталь жазықтығы денені жоғары және төменгі бөлшіктерге бөледі. Фронталь жазықтық маңдайға параллель сызық, ол дененің алдыңғы және артқы бөлшіктерге бөледі. Сагиталь жазықтық денені симметриялық оң және сол бөлшіктерге бөледі. Жазықтық ортасына жақын болса медиал, алыс болса – латериал, мүшенің басталған бас жағы болса- проксимал, алыстау соңы болса – дисталь деп аталады. Дененің алдыңғы бетіне жақын орналасқан бөлігі – вентраль, арқаға жақындауы – дорсаль деп аталды.
Мүше деп белгілі бір құрылысқа, пішінге ие, өзіне тән қызмет атқаратын дене бөлігін айтады. Әрбір мүшенің құрылысына ұлпаның бірнеше түрі қатысады. Бірақ мүшенің негізгі бөлігі өзіне тән ұлпадан пайда болады, осы ұлпа мүшенің негізгі қызметін атқарады. Кейбір мүшенің құрылысында екі-үш түрлі ұлпа басты қызмет атқарады, мысалы, асқазан мен ішектер.
Барлық мүше құрылысына, қызметіне, дамуына байланысты жүйелерге бөлінеді:Қимыл жүйесіне барлық сүйек оларды жалғаушы шеміршек, буын мен бұлшық ет кіреді.
Ас қорыту жүйесі
Тыныс алу жүйесі
Несеп-зәр шығару жүйесі
Жыныс жүйесі
Ішкі секреция бездері
Жүрек-қан тамырлар жүйесі
Сезім жүйесі
Жүйке жүйесі
2БИЛЕТ. Сүйектер дененің негізгі тіреуіш мүшелері. Олардың құрылысы өте күрделі. Сүйектің негізін тығыз (қатты) және кемік (борпылдақ) заттар құрайды. Сүйек сыртынан сүйек қабығымен (периост) қапталған. Периост тек сүйектің шеміршек бетінде ғана болмайды. Сүйектің құрылысында ұлпалардың барлық түрі кездеседі, бірақ негізгісі сүйек ұлпасы. Сүйектің сырты қатты болып ұлпалар тығыз орналасқан, ал ішкі жағы кеуек, борпылдақ сүйек ұлпаларынан тұрады. Кеуек сүйек ұлпалары қатты қабықтың астында әр түрлі бағытта торланып орналасқан. Сүйек қалыңданып өседі, сол себепті жасқа қарай сүйектің қалыңдығы әр түрлі болып келеді. Сүйектің периост қабығы жұқа, берік дәнекер ұлпа жапырақшасы. Ол сүйекті қоректендіріп тұрады.
Сүйектің химиялық құрамы. Тірі адамның денесіндегі сүйектің 50%-ті судан, 2,5%- құрамында ақуызы бар органикалық заттардан, 21,5% органикалық емес минеральды заттардан және 15%-і майдан тұрады. Сүйектің құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ара қатынасы адамның жасына қарап өзгереді. Жастың ұлғайуына байланысты сүйектегі органикалық заттардың мөлшері азайып, бейорганикалық заттар көбейеді. Сондықтан кәрі адамның сүйегі тез сынғыш болып келеді.
Сүйектердің пішіні әр түрлі болады. Олар ұзын, қысқа, жалпақ және аралас сүйектер болып бөлінеді. Ұзын сүйектерге қар, білек, сан, балтыр сүйектері жатады. Олардың іші қуыс, сондықтан оларды түтік тәрізді сүйектер деп атайды. Олар берік және жеңіл болып келеді. Түтік тәрізді сүйектердің екі ұшы жуандап, жіліктің басы пайда болады. Жіліктің басы бір-бірімен айқасып жатқан өте көп кеуек, кемік сүйек ұлпаларынан тұрады.Қысқа сүйектерге білезік және сыбырлақ сүйектер, омыртқа сүйектері жатады. Олар негізінен кеуек, кемік заттардан тұрады.Жалпақ сүйектерге төс, жауырын, қабырға, бастың қақпақ сүйектері, жамбас сүйектері кіреді. Бұл сүйектердің қуыстары кемік сүйек ұлпаларынан тұрады, олардың іші сүйек майына толы болады.
...