Қазақстан Республикасының өндірістік аймақтарының хал-ақуалы
Автор: eva1996 • Апрель 19, 2018 • Реферат • 6,285 Слов (26 Страниц) • 1,207 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
І Әдебиеттік шолу
1.1 Қазақстан Республикасының өндірістік аймақтарының хал-ақуалы
1.1.1 Судың ластануы
1.1.2 Топырақтың ластануы
ІІ Эксперименттік бөлім
2.1 Зерттеу нысандары
2.2 Зерттеу әдістері мен сипаттамалары
ІІ Эксперименттік нәтижелерді талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі
Қазіргі таңда қоғам мен табиғат арасындағы қарым - қатынас көптеген экологиялық қиындықтарды тудырып отыр. Мыңдаған жылдар бойына адам баласы табиғаттағы биологиялық тепе - теңдікті сақтау керектігіне мән бермей, өзінің техникалық мүмкіншіліктерін күшейтіп келеді.
Әсіресе қоршаған ортаға деген күш 20 ғасырдың екінші жартысында асып түсті. Халық санының күрт өсуінен, ірі өндіріс орындарының қарқынды дамуынан биосфераның табиғи айналымы бұзылды. Нәтижесінде, адам баласының денсаулығына қауіп төнді. Мұндай қауіп тек біздің елімізге ғана емес, барлық жер бетіне төніп тұр.
Қоршаған ортаның ластануының бірнеше түрлері белгіленген, соның ішінде физикалық ластану, яғни жылумен, шумен, электромагнитті, радиоактивті ластану қазіргі таңда кең өріс алған және ғаламдық сипатқа ие болған ластану болып табылады.
Халықтың денсаулығына әсер ететін басты техногендік факторлар табиғи ортаның (ауаның, топырақтың, судың, өсімдіктің) шығарындыларымен және өндірістік кәсіпорындардың, автокөліктердің пайдаланған қалдықтарымен ластануы болып табылса, соның ішінде қала халқының денсаулығына жағымсыз әсер ететін негізінен жасанды физикалық факторлар, яғни шуылдық жүктемелер, электромагниттік сәулелену, мекемелердегі радонның мөлшерінің және радиациялық деңгейдің жоғары болуын ерекше айта кетуге болады.
Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғышарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық симдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағыдай тек топырақ арқылы ғана жасалынды. Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс - өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т. жетсе, ал 529 обьектіде радиактивті қалдықтар сақталған.
Зерттеудің мақсаты
Қазақстанның өндірістік аймақтарының суының, топырағының, шөгінділерінің ластану проблемаларын анықтау және оларға сипаттама беру. Сондай-ақ оның стационарлы және қозғалмалы көздерден шыққан улы да зиянды заттардың түрлері мен әсерін зерттеу. Ластану дәрежелерін салыстыра отырып бағалау. Ластану және оны болдырмау шараларын айқындау.
Зерттеудің міндеттері
- Қазақстанның өндірістік аймақтарына шолу жасау;
- Өндірістік аймақтардағы негізгі және қосымша ластаушы көздерді анықтау ;
- Өндірістік аймақтардағы өзен-көл суларының химиялық және табиғи ластануын анықтау;
- Шөгінділердің өндіріс әсерлерінен ластануы;
- Қазақстанның өндірістік аймақтарының топырағының экологиялық хал-жағдайы;
Қала ортасына жағымсыз әсер етіп отырған негізгі табиғи ластаушыларды анықтау және баға беру:
а) Атмосферадағы ауа қабатының автокөлік, өндіріс және кәсіпорындардан шыққан түтіндермен ластануы;
б) Топырақтың әр түрлі өндіріс салаларының әсерінен шөлейттенуі, қатты қалдықтармен, ауыр металдармен, радионуклидтермен ластануы;
в) Өзен-көлдердің суының қоқыспен, өндіріс қалдықтарымен, ауыр металдармен ластануы;
Зерттеудің тәжірибелік мәні
Қазақстанның табиғи экологиялық жағдайына әсер ететін өндіріс орындары мен олардан шығатын зиянды қалдықтардың түрлеріне сипаттама берілді. Сонымен қатар олардың нақты қандай ресурстарды ластап жатқаны, сол ауа, су, топырақ ресурстарының ластануынан қала және өңір тұрғындарының денсаулығына қауіпті аурулардың төніп тұрғаны анықталды.
Жұмыстың жаңашылдығы: Зерттеу жұмысы негізігде алынған мәліметтерді мектептегі дүниетану, география сабақтарында, экологиялық тақырыптарды өту барысында пайдалануға болады.
Табиғи ресурстың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болуына байланысты олардың ластану көздері де және сол ластану көздерін алдын алу мен тазарту шаралары да әртүрлі болады. Мысалы топырақ өзен көл сулары секілді жылжып өздігінен тазара алмайды, оған белгілі бір күш салу қажет. Топыраққа түскен ластаушылар онда жиналады да, көбейе береді. Ал судың да тазарту әдістері бар, дегенмен де оның жылжып тазарып отыруға мүмкіндігі бар.
I Әдебиеттік шолу
1.1 Қазақстан Республикасының өндірісітік аймақтарының қал-ахуалы
Атырау, Маңғыстау, Орал және Ақтөбе облыстары Батыс Қазақстанның өнеркәсіптік экологиялык аймағына кіреді. Бұл аймақ Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу, металлургия және құрылыс материалдарын өндірумен ерекшеленеді. Табиғи ортаның мұнаймен, радиоктивті қалдықтармен ластануы және экожүйелерге, адамның денсаулығына әсер етуі, судың азайып жердің шөлденуі осы аймақтардағы негізгі мәселелер болып отыр. Мұнай өндірісімен айналысатын аудандарда тыныс алу жолдарының қабыну ауруларының таралуы басқа облыстарға қарағанда жоғары көрсеткіш көрсетуде. Сонымен қатар концентрогенді көмірсутектердің концентрациясының жоғары болуы қатерлі ісік ауруының көбеюіне әсер етуде.
...