Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Орман қоймаларында сүректің орман тауарларын өңдіру

Автор:   •  Февраль 17, 2021  •  Реферат  •  1,088 Слов (5 Страниц)  •  568 Просмотры

Страница 1 из 5

 [pic 1]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

 

 Реферат

Тақырып:

Орман қоймаларында сүректің орман тауарларын өңдіру

 

 

                                                           

 

 

                                Орындаған: Мс-33  Жұбандық Н.Қ

                            Жетекші: 

 

 

 

 

 

 

 

2021 жыл

 

Жоспар

I Кіріспе

   Ағаштың халық шаруашылығындағы маңыздылығы

II. Негізгі бөлім

     1.Кесуге дейінгі ағашты өңдеу тәсілдері

     2.Кесілген ағаш материалдарының түрлері

     3. Орман ағаш қоймалары

III Қорытынды бөлім

IV Пайдаланылған әдебиеттер

I Кіріспе

Ағаш халық шаруашылығының әртүрлі саласында көп тараған материалдардың бірі. Оны машина жасау, кеме жасау және көпір құрылысы, тау-кен өнеркәсібі, құрылыста  қолданады. Әртүрлі өнімдер мен жартылай дайын бұйымдардың жалпы  шығару өсімі, барлық ағаштарды тиімді  кешенді қолдану, соның ішінде барлық қалдықтарды, ағаш тілу  мен ағаш өңдеудің технологиялық үдерістірінің әртүрлі кезеңдерінде қабылданады.

Сүрек — талшықты өсімдіктердің су өткізгіш талшығы. Флоэмамен бірге өсімдіктің сабақтарын және тамырларын енгізе отыра, барлық ағзаларынан үздіксіз өткізгіш жүйені қалыптастырады. Қалыптасу уакытына және жеріне байланысты сүректер бастапқы және қайталанбалы болып бөлінеді. Бастапқы сүрек қайталанбалы сүрекке ұқсас талшықтар құрамынан тұрады: трахеалды элементтер, (трахеидтер және талшық мүшелері), талшық және паренхимды талшықтар. Алайда бастапқы сүректің сәулелері жоқ және осынысымен оның ұйымдастырылуы екінші сүректің ұйымдастырылуынан ерекшеленіледі.

Кесуге дейінгі ағашты өңдеу тәсілдері:

1.Ағашты құлату - ең бірінші орындалатын технологиялық процесс.

2.Ағаштарды бұтақтардан тазалау

3. Окорка – қабығын аршу

4. Трелевка- ағаштарды ағаш кесу орынынан қоймаларға немесе жүктеу пунктіне тасымалдау.

5. Раскряжевка – ағаш сүрегін көлденеңнен кесу.

6. Обмер – ағаш өнімдерін өлшеу .

7. Штабелевка – орман материалдарын жинау (штабельдерге).

8. Сортировка – ағаш материалдарын сұрыптау

9. Ағаш кесілген орман бөлігін тазалау

Ағаштарды құлату сүрек шикізатын дайындаудың технологиялық процесінің алғашқы операциясы болып табылады. Ол осыдан кейінгі технологиялық операциялардың мазмұнын айқындайды. Құлату кезінде өсіп тұрған немесе қурап қалған ағашты тамыр тұсындағ бөлігінен ажыратып, оны кеспеағаштар ағаш тиеу бекетінде немесе жоғарғы қоймада одан әрі өңдеу затына айналдырады.

Құлатушы ағашты тілуге кіріспес бұрын оны мұқият қарап шығып, оның діңінің шалқаю бағытын және оныі ұшар басының пішінін, құлату кезінде жерге түсуі мүмкін қураған және сәл ілініп тұрған бұтақтардың бар-жоғын айқындап алуға тиіс. Сынған және ілініп тұрған бұтақтар біртіндеп және іріктеп кесу кезінде құлатушыға қауіп төндіреді, өйткені ағаш қасаында тұрған ағаштардың арасына құлайды.

Жұмыс орнын дайындап, ағаштың құлау бағытын анықтап алғаннан кейін құлатушы моторлы бензин арамен ағаш құлап түсуге тиіс жақтан оны іледі немесе шабады. Содан соң құлатушы қарама қарсы жаққа ауысып негізгі тілімді жасайды – ағашты кеседі. Ағашты кесу кезінде ені шағын тілінбеген жолақ қалдыруы қажет, ол ағаштың көлденең кіндігі төңірегінде айналуына жол бермейді, оның түбірден сырғып кетуіне бөгіт жасайды.

Ағаштарды бұтақтардан тазарту кеспеағаш жұмыстарының неғұрлым күрделі және қиын операциясы. Оны ағаш сүйрету соқпағында немесе тау соқпағында және ағаш тиеу бекетінде орындайды.

Ағаштарды құлату, сүйрету жйне бұтақтардан тазарту арасындағы аралық жағдайды сүректі топтау алады. Кеспеағаш жұмыстарында топтау деп кейіннен басқа технологиялық операцияларды орындау үшін ағаштарды, сыпталған ағаштарды немесе сортименттерді топтамалар етіп қалыптастыруды атайды.  Ағаш материалдарын топтауды құлату-топтау, құлату-сүйрету, топтау сүйрету машиналары және олардың басқа да түрлері жүзеге асырады.

[pic 2] [pic 3]

Ағаштарды көлденең бөлу – бұл сыпталан ағаштарды шөркелер мен сортименттерге көлденең бөлу операциясы. Кеспеағаш жағдайларында оны ағаш сүйрету соқпақтарында, жолдарында және жоғарға орман қоймаларында орындайды.

Кеспеағашта, ағаш тиеу бекетінде немесе жоғарғы орман қоймасында қор жасау үшін текшелеп жинау операциясын орындайды.

Сүректі ағаш тасу жолдарының жылжымалы құрамына тиеу арқылы текшелеп жинау ағаш дайындаудың келесі кезеңіне – сүректі тасып әкетуге тікелей жалғасады.

Кесілген ағаш материалдары:

[pic 4]

[pic 5]

Брусктар қалыңдығы 100 мм-ден 400х400 мм жасалады. Олардың екі, үш немесе төрт жағынанда кесілуі мүмкін.Сондықтан  олар тиісінше, екі-, үш - және  төрт жақты брустар деп аталады.Брустар бөренелерден , тақтайлардан жасалынады.Құрылыста, жиһаз жасауда және өнеркәсіпте т.б. кеңінен қолданылады.

[pic 6]

Тақталар  кесілген тақтай немесе  кесілмеген  және біржақты кесілген тақтайлар болады. Қалыңдығы 16-100 мм, ені 275 мм дейінгі және ұзындығы 6,5 м.Тақтайдың жалпақ жағын  пласт деп, жіңішке жағын— жиегі деп атайды. Сүректің сырт жағына қарайтын пластты сыртқы (немесе оң), ал ядроға қарайтын жағын — ішкі (сол жақ)  деп атайды.

[pic 7]

Орман ағаш  қоймалары

Орман ағаш қоймалары сүрек өңдеу технологиясына сәйкес жоғарғы және төменгі қойма болып бөлінеді. Жоғарғы қоймалар бастапқы орман ағаш тасығыш жолдарға  жақын,  кеспеағашты лесосека ұйымдастырылады. Сүрек материалдарын салдар жасау арқылы  жоғарғы қоймалардан өзендермен ағызуды жоғарғы жағынан бастайды. Сондықтанда  жоғарғы және төменгі қоймалардеп аталады. Ағызу өзен ағысының жоғарғы жағында басталады осыдан жоғарғы қойма атауын алған. Ал өзен ағысының  төменгі жағы сәйкесінше төменгі қойма деп аталды. Төменгі қоймалардың  негізгі технологиялық міндеті дөңгелек ағаш материалдарын уақытша (маусымаралық) сақтау болып табылады.

[pic 8]

Ағаш тілгіш рама – бөренелерді, кеспектер мен брустарды бойлай тілетін машина. Қайталамалы –ілгермелі қозғалысқа келетін аралары болады. Ағаш тілгіш рамасы өндірісте кең тараған. Онымен бөрене және кеспектер тілінеді, 12 не одан да көп арасы болады. Көлденең ара тілгіш рамада горизонталь бекітілген бір ғана ара бар. Ол фанер өндірісінде қолданылады. Өңделетін ағашты рамаға беріп тұратын және тілінген материалдарды қабылдайтын арбалар мен рольгангілер. Ағаш тілгіш рама құрамына кіреді.

[pic 9]

[pic 10]

Ағаш өңдеуге арналған тиектеп кесу станоктары

Станоктар өңделетін материалдың ығысуы мен лақтырындысын болдырмайтын қолданыстағы қыспалы құрылғылармен сенімді түрде жарақталады.«Айыр құйрық» түріндегі станоктарда фрезалар жұмыс істемейтін жағынан сақтандыру аспақтарымен қоршалады. Қыспалар тұтас ені бойымен өңделетін бөлшекті жұмыс күйінде бекітеді. Екі жақты тиек кесу рамалы станокта жылжымайтын баға жағынан кесетін араның алдында кесу аспабына қатысты станокқа берілетін дайындамалардың қалпын реттейтін тректер орнатылады.

[pic 11]

Қорытынды.

Ағаштан жиһаз және қапшықтар, шпалдар және спорттық бұйымдар, сіреңкелер мен музыкалық аспаптар дайындайды. Бұдан басқа, ағаш химиялық, целюлозды-қағаз өнеркәсібіне арналған шикі зат ретінде, сонымен қатар ағаш жоңқалы және ағаш талшықты тақталарға арналған өнеркәсібінің негізгі қайнар көзі болады.

Адамдардың өмір сүруі үшін орманның маңызы өте зор. Ол – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштардың ондаған түрлері қатар өсіп, аймаққа әр беріп тұрған табиғи кешен. Орманның құрылымы ортаның физикалық-географиялық жағдайларына, өсімдіктердің әртүрлілік құрамы мен биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. 

 

...

Скачать:   txt (14.6 Kb)   pdf (851.7 Kb)   docx (1.8 Mb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club